Кейс : «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»



Дата02.10.2023
өлшемі17,88 Kb.
#112320

Кейс : «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»


Кіріспе.
Мотивация дегеніміз не? Мотивация-психология ғылыми бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған , мақсатқа бағыттаған , талпыныс жігерін күшейткен , істі табанды жалғастырып , мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті ынта , ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерден арылу , саналы да , жігерлі қозғалыс үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің , ниетіміздің , қалауымыздың себепті ішкі түрткісі деп те атасақ қате болмайды. Мотивацияның негізгі міндеттері:

  • Әр жұмыскерде жұмыс процессінде мотивация мағынасы құрылуы;

  • Жұмыскерлер мен бастықты фирма ішіндегі негізгі психологиялық әнгімелесуге үйрету;

  • Әр бастықта қазіргі мотивациялық әдістерімен жұмыскерлерді басқару пайда болу.

Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр. Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек.


Оқиғаның сипаты
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың даму жағдайында, ұйымдарды тиімді басқару үшін дамыған мемлекеттер өндіріс немесе қызмет көрсетудің барлық процестерін ғылыми тұрғыда және дұрыс басқарудың арқасында инновация және жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарлардан көрінуде. Сондықтан да, шетел мемлекеттерінде, сондай-ақ Қазақстанда басқару проблемалары мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы жалпыұлттық идея болып қалыптасты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикалық қатынастардың жаңа шыңдарына шығу үстінде, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келуде.
Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет. Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары.


Анализ
Жүргізген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, кеніш жұмысшылары негізінен разрядтарға ие, ал І, ІІ білікті разрядты жұмысшылар жоқтың қасы. Кейбір жұмысшылар жеткілікті білікті емес, разрядқа сай жұмыстың бар түрін атқара алмайды. Басқалары, керісінше, төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстарды атқарады. Осының нәтижесінде еңбек төлемінде жоғары және төмен білікті мамандар теңестіріліп кетіп жатады. Қалыптасқан жағдайда, жұмысшылар жоғары білікті разрядқа ие болып отырғанда, өз кәсіби шеберлігін көтеруге деген ынтасы болмайды.
Міне, осыларды ескере отырып, біліктілік разрядының тарифтік кестесін 6-дан 10-ға дейін көтеру ұтымды болып табылады. Бұл жұмысшылар біліктілігін объективті түрде бағалауға және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибе ынталандырмасының өсе түсуіне оң әсер етер еді. Сондай-ақ, жұмысшылар разрядын автоматты түрде өсірмей, жалпы білім алатын және кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптардың арнайы ретін ойластыру қажет, бұл шығарылатын өнім және жұмыс сапасын арттыра түсуге, қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғауға, технологияны жетік білуге және пайдалы қазбаларды үнемдеуге ықпалын тигізеді.
Экономикалық ынталандырудың келешегі зор бағыты – ерекше сыйақы беру. Жұмысшыларды сыйақыландыру жоғары өнімді және жоғары сапалы еңбекке ынталандыру, іс-әрекеттің түпкі нәтижесін жақсарту, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмір сапасын көтеру мақсатында жүргізіледі. Сыйақы, еңбек мөлшері үшін алған ақыдан ерекше. Ол төмендегідей принциптерге негізделеді:
- сыйақы беру даралық сипатта болуы тиіс: жұмысшының аймақ, цех, кәсіпорын жұмысы көрсеткішін жақсартуы үшін өзінің қосқан үлесі үшін беріледі;
- сыйақы беру нақты, белгіленген мөлшерлеме мен нормативті орындағаны үшін емес, еңбектегі ерекше жетістіктері үшін берілуі тиіс;
- сыйақы беру – ағымдағы (ай сайын) және жыл қорытындысы бойынша тағайындалады;
- сыйақы беру жүйесі қарапайым, әрбір жұмысшыға түсінікті болуы керек.


Қорытынды
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі еңбекті мотивациялаумен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын еңьек өнімділігі, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Мемлекетіміз кадрлық әлеуетті толық қолдану, ғылыми-техникалық прогресс жетістігін жедел пайдалану барысында шетелдік тәжірбиеге бір мезгі сүйенгені дұрыс.Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетіне дамытудың күшті құралы.Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет