Кейс: «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»



Дата16.05.2023
өлшемі18,71 Kb.
#93575

Кейс: «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»
Мотивация-әрбір жұмыстың табысты болуының қасиеттерінің бірі.Бұл сіздің қызметкерлеріңізге жақсы көмектеседі,өнімділікті арттырады,рухты көтереді және сіздің білікті қызметкерлеріңіздің қасыңызда болуына мүмкіндік береді.Бірақ оны сақтау оңай емес болып табылады және әрқашан күш жұмсауды қажет етеді.Ұйымда жалпы орта есеппен 5-6 адамдай жұмыс жасайды,бұдан да көп болуы мүмкін.Осындай үлкен ұйымда міндетті түрде жағымды атмосфера болуы қажет,жәнеде жұмыскерлер бір-бірін сыйлауы қажет сол кезде ғана ұйымда мотивация пайда болады. 
Мансапты дамыту деп қызметкерлер өз жоспарын орындаудағы жасаған іс - әрекеттерді айтады. Мансаптың әр алуан түрінің болуы, оның төрт негізгі «трамплин», «баспалдақ», «жылан», «шатырман» сияқты модельдерінің бір – бірімен үйлесуі арқылы негізделеді. 

Кәсіпорындағы еңбек мотивациясын арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады. 



Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет. 
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз. 
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы
Эмоциялық интелектіні дамыту бағдарламасын құру Эмоционалды интеллект-адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.Интеллект- жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. 
Эмоциялық интеллектіні дамыту бағдарламасы мен осылай құрадым: 
 1. Өзін-өзі бақылау/анализ жасау. Әрбір қиналған сәтте не ішкі хаос кезінде өзін-өзі бақылау маңызды болып келеді.Ол үшін адам бүгін мен қандай күйде болдым,не себепті мен ондай эмоцияларды сезіндім оған не түрткі болды.Жәнеде осы ситуацияны қалай ары қарай жеңілдете аламын деген секілді сұрақтар қойып талқылағыны абзал 
2.Сана-сезім 
Адамдар жоғары эмоциялық санасымен өзінің ішкі сезімдеріне және өз сезімдерінің өзінің психологиялық жағдайы және жұмыс көрсеткіштеріне құлақ асады.Эмоционалдық сана-сезімді дамыған адамдар жиі әділ және шынайы,өз сезімдері туралы ашық айтуға қабілетті және өз идеалына сенетін болады. 
3.Нетворкинг/адамдарментанысу-араласу 
Эмоциялық интеллекті дамыту барысында басқа адамдармен қарым-қатынас жасау аса маңызды деп санаймын.Себебі қоғамнан қорқып тығылып отырған адамдардың эмоционалды интеллектін дамытуда кедергілер пайда болуы мүмкін.Күнделікті өмірде өтіп бара жатқан адамдарға комплимент айтып,күлімдеп мақтаған сіздің көңіл күйінізбен басқа адамның көңілін көтереді.Осындай эмоцияларды сезініп интеллектіде дамытуға үлесі көп.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет