Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет231/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   237
1  Бұл да  сонда,  173-бет.
235


мен  жақтырмау,  сену  мен  күдіктену  жэне  т.б.  осылар  тәріздес 
мағыналар  енеді.  Субъективті-модальдық  магына  алуан  түрлі 
құрал-тәсілдер,  атап  айтқанда,  интонация  тэсілі,  сөздердің  орын 
тэртібі  тэсілі,  қосарлану  тэсілі,  одағай  мен  демеуліктер  жэне  т.б. 
тәсілдер арқылы беріледі.
8.  Сөйлем  қүрылымына  жэне  хабардың  мақсатына  қарай 
топтастырылады.  Жай  сөйлем  екі  қүрамды  жэне  бір  қүрамды 
сөйлемдер  болып  топтастырылса,  құрмалас  сөйлем  салалас,  сабақ- 
тас  жэне  жалгаулықсыз  қүрмалас  сөйлемдер  болып  топтасты­
рылады.  Құрмалас  сөйлемнің  барлық  түрлері  де  предикативті 
қасиеті  бар  бірліктерден  құралады.  Демек,  құрмалас  сөйлем  екі 
не бірнеше  предикативтік бірліктердің тіркесіне негізделеді.
9.  Құрмалас  сөйлемдердің  салалас  жэне  сабақтас  қүрмалас 
сөйлемдер  болып  топтастырылуы  олардың  компоненттерінің 
арасындагы  байланыс  түрлеріне,  атап  айтқанда,  салалас  байла- 
ныс  пен  бағыныңқы  байланысқа  негізделеді.  Жалғаулықсыз 
қүрмалас  сөйлем  күрмалас  сөйлемнің  өз  алдына дербес  семанти- 
ка-құрылымдық түрі  ретінде қаралады.
10.  Сөйлем  мен  пайымдау  өзара  тығыз  байланысты.  Пайым- 
дау сөйлем түрінде айтылып,  сол арқылы белгілі  бола алады.
11.  Сөйлемнің  құрылымдық  элементтері  -   бастауыш  пен 
баяндауыш  пайымдаудың  қүрылымдық  элементтері  -   логикалық 
субъект  жэне  предикатпен  сэйкес  келуі  мүмкін.  Бірақ  мұндай 
сэйкестілік  эрқашан  шарт  емес.  Бұған  коса,  предикативтілік 
деген  мен  баяндауыштык  деген  ұғымдарды  бір-бірінен  ажырата 
білу  қажет.  Предикативтілік  сөйлемнің  бір  гана  мүшесіне 
емес,  тұтасымен  сөйлемге  қатысты  болады,  бүтіндей  сөйлемді 
сипаттайды.
12.  Әртүрлі  тілдерде  сөйлейтін  халықтар  үшін  ойлау  кате­
гориясы  -   пайымдаудың  логикалық  қүрылысы  біркелкі  болса, 
оны  білдіретін  сөйлемнің  құрылымы  эр  басқа  тілдерде  түрлі- 
түрлі  болуы  мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет