Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет1/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   237


Кэкен Аханов
ГРАММАТИКА
ТЕОРИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ
Ж о га р ы   оку оры ндары ны ц филология 
ф акульт ет т еріне  арналган  оқу цүралы
Алматы
в. ЛЛ СС


УДК 80/81  (075.8) 
ББК 8 1 .2 - 2  я73 
А 93
Аханов К.
А 93  Грамматика теориясының негіздері:  оку ңүралы/Кэкен Аханов.
-  Алматы:  Өлке баспасы, 2010. -  240 б 
Кайта басылым.
І8ВИ 978-601-253-045-2
Кітапта грамматиканың теориялық мэселелері түбегейлі түрде 
зерттеліп,  грамматикалық  ұғымдар  мен  атаулар  басқа  тілдердің 
дерек, дэйектері негізінде салыстырылып қарастырылған.
Кітап ғалымдар, ұстаздар, сгуденттерге арналған.
УДК 80/81  (075.8) 
ББК  8 1 .2 - 2  я73
І8ВЫ 978-601-253-045-2
© Аханов К., 2010 
© Өлке, 2010


АЛҒЫ СӨЗ
Оқушылардың  назарына  ұсынылып  отырған  Ьұл  кітапта 
грамматиканың  жалпы  теориясына  қатысты  басты-басты  мәсе- 
лелерді  қарастыру  мақсат  етілді.  Осыған  орай,  кітапта  негізгі 
грамматикалық  бірліктер  (единица)1  ретінде  саналатын  морфема 
мен  сөз,  сөз  тіркесі  мен  сөйлемнің  лингвистикалық  табиғатын 
айқындауға  жэне  олардың  бір-бірінен  жігін  ажыратуға  қатысты 
теориялық  мэселелер 
сөз 
болады. 
Грамматиканың  жалпы 
теориялық  мэні  бар  мэселелерін  жалпы  тіл  білімінің  қағидалары 
мен жетістіктерінің негізінде айқындап алмайынша, жеке, нақтылы 
тілдің  (немесе  тілдердің)  грамматикасына  қатысты  мэселелерді 
ғылыми  тұрғыдан  түсіндіру  де,  олар  жайында  теориялық  дұрыс 
топшылаулар мен қорытындылар жасау да мүмкін емес. Мәселенің 
осы жағы  ескеріліп,  негізгі грамматикалық бірліктер мен ұғымдар 
жалпы  тіл  білімі  (соның  ішінде  грамматиканың жалпы теориясы) 
тұрғысынан 
баяндалады. 
Осыған 
сәйкес, 
мысалдар 
түркі 
тілдерімен бірге басқа тілдерден де (роман, герман, славян тілдері) 
берілді.  Түркі  тілдерінің  ішінен  қазақ  тілінің  деректері  негізгі 
арқау етілді.
Тіл  білімінде  негізгі  грамматикалық  бірліктердің  табиғатын 
айқындау  жэне  олардың  бір-бірінен  жігін  ажыратуға  қатысты 
эртүрлі  пікірлер  мен  түрліше  пайымдаулар  бар.  Ондай  пікірлер 
мен  пайымдаулардың  болуы,  біріншіден,  -   сөз  (күрделі  сөз)  бен 
сөз  тіркесінің  және  сөз  тіркесі  мен  сөйлемнің  өзара  астарласып, 
олардың  бір-бірінен  ара  жігінің  эрқашан  оңай  ажыратыла 
бермеуімен байланысты болса, екін ш іден ,-түрлі тілдерде олардың 
жігін  дэлме-дәл  ажыратуға  жарамды  ғылыми  принциптердің  элі 
де болса толық айқындалмауымен байланысты. Болашақ филолог- 
мамандарды  пікір  таласын  тудырып  жүрген  кейбір  мәселелердің 
тарихынан хабардар етудің маңызы ескеріліп, эртүрлі пікірлер мен 
пайымдаулар жайында да мәлімет беру көзделді.
1  Т ілдің  бірліктері  —  бір-бірінен  аткаратын  кызметі,  кұрылымы  ж эне 
тіл 
ж үйесіндегі орнымен (мысалы, фонема, морфема ж эн е басқалары) ерекш еленетін 
тілдік тұракты элементтер.
3


ГР А М М А Т И К А  Ж Э Н Е  Г Р А М М А Т И К А Л Ы Қ  
Б ІРЛ ІК Т Е Р  М Е Н   Ұ Ғ Ы М Д А Р
(Кіріспе орнына)
1.  Г р ам м ати к а  м ен  г р а м м ати к ал ы қ  бірліктер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет