Кәсіби әрекеттегі стресс: стрессорлар, даму динамикасы, жеңу Қабылдаған: Утегенов Ж



Дата19.11.2022
өлшемі5,66 Mb.
#51231

Кәсіби әрекеттегі стресс: стрессорлар, даму динамикасы, жеңу

Қабылдаған: Утегенов Ж.

Орындаған: Х-22-1М топ магистранты,

Тілеужан Назгүл


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Стресс-(ағылш. stress) қысым.
  • Кәсіби стресс – кәсіби іс-әрекетті орындау барысында экстремальді және эмоциональді-жағымсыз факторлар әсерінен жұмыскерде пайда болатын қысымдық күй.

Стрессор дегеніміз не?

  • Стрессор- адам психикасына әсер етіп, стресс күйін туғызатын фактор. Яғни, стресстің себептері-стрессорлар.
  • Заманауи әдебиеттерде «стрессор» термині қоршаған ортаның төтенше әсері ретінде қабылданады. Басқаша айтқанда, бұл субъектінің нақты мүмкіндіктеріне объективті немесе субъективті түрде сәйкес келмейтін субъектіге белгілі талаптар қоятын әсер ету.

Қоршаған орта факторлары:
Субъективті
бұл субъектінің жеке-тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатын факторлар, мысалы, адамның білімі мен дағдыларын субъективті бағалау.
Объективті
бұл субъектіге тәуелді емес факторлар, мысалы, климат.
Сыртқы, объективті факторлар өз кезегінде субъектінің факторға жеке қатынасына қарай экстремалды және қалыпты болып бөлінеді. Басқаша айтқанда, бірдей факторлар әртүрлі адамдар үшін экстремалды және қалыпты болуы мүмкін - бұл субъектінің жеке мүмкіндіктеріне байланысты (бейімделу қабілеттері, тәжірибе, білім, дағдылар, жеке тұлғаның қасиеттері және т.б.).

Басқару іс-әрекетіндегі стрессорлар саны өте үлкен, олар өз мазмұны бойынша өзінше ерекше.

  • Басқару іс-әрекетіндегі стрессорлар саны өте үлкен, олар өз мазмұны бойынша өзінше ерекше.

Ақпараттық жүктелу факторы
    • Басқару іс-әрекетінде ақпарат көлемі мен оны өңдеуге қойылатын талаптар адамның психикалық мүмкіндіктерімен қарама-қайшылыққа кіреді.

Ақпараттық айқынсыздық факторы
    • Жетекші ақпараттың тым артықығына қарамастан, жетпейтін ақпаратты іздеуге немесе айқынсыздық, тәуекел жағдайларында қимылдауға мәжбүр. Ал бұл болса күшті стрессогендік фактор.

Жауапкершілік факторы
    • Жетекші іс-әрекеті үшін барынша байқалатын негізгі және шешуші фактор.

Басқару іс-әрекетінің стрессорлары:


Уақыт тапшылығы факторы
Тұлғаралық және тұлғаішілік кикілжіңдер факторы
Басқару іс-әрекетінің полифокустылық фактор
Сыртқы орта факторлары (бәсекелестік, криминалдық орта т.б.)

Стресстің даму динамикасы:


Жұмылдыру кезеңі
Ренжу кезеңі
Деструкция кезеңі
1-кезең. Стресс дамуының бастапқы кезеңдерінде эмоционалдық кернелу әлі максимумға жетпейді.
2-кезең. Стрестік әсерлердің (адамның психикалық және физиологиялық ұйымдасуына объективті түрде тән шектелулерге байланысты) қарқындылығына қарсыласудың әлдебір шегі бар. Бар мүмкіндікті жұмылдыру осы шекке жеткенге дейін жүреді. Содан кейін психика “беріле” бастайды. Жедел ақпаратты қабылдау көлемі мен сапасы да төмендейді, өткен тәжірибені құрсау жүреді. Ақпаратты өңдеу қабілеттілігі төмендейді.
3-кезең. Қабылдаудың, сақтаудың, ойлаудың құрсаулану құбылысы туындауы мүмкін. Іс-әрекетті ұйымдастырудың бұл кезеңінде мінез-құлықта негізгі екі форманың біреуін, гиперқозу (импульсивтік әсерлер, бей-берекет мінез) немесе гипертежелу (іс-әрекеттің және мінездік белсенділіктің құрсаулануы) типі бойынша деструкцияны қабылдайды.

Стрестік жағдайдан шығу тәсілдері:


Белсенді
    • Іс-әрекетті жұмылдыру кезеңінің ағымын көрсете отырып, ұйымдастырудағы конструктивтік іс-әрекеттердің интенсификациясы бойынша.

Енжар
    • Адамның кернелуді баса және стресті ішке ала отырып, жағдайға мойынсұнуынан байқалады. Бұл тежелу- әсеру. Ол кейде пайдалы, өйткені ойланбаған импульсивтік іс-әрекетті болдырмауға көмектеседі.

Стресті жеңудің жалпы принциптері:

  • Күн тәртібі, еңбек, демалыс режимін ұстану;
  • Ұйқы;
  • Спортпен айналысу;
  • Демала алу керек;
  • Салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы әдеттерді өміріңізге енгізу.

“Стресс-это не то, что с вами случилось, а то, как вы это воспринимаете” Ганс Селье



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет