Сабақ тақырыбы: MS Access- те кесте құру жолдары.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: MS Access бағдарламасында деректер базасы мен кестелер құрудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгеру;
Дамытушылық: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі жасауға, жасаған іс-әрекетті нақты жеткізе білуге және компьютерді еркін меңгеруге баулу.
Сабақ түрі: Лабораториялық сабақ
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ алдымен интерактивті тақтаның көмегімен көрнекі түсіндіріледі. Содан соң алдын ала дайындалған 4 тапсырма таратылады. Алдымен 1- тапсырма таратылады, оны жасап болған соң 2-тапсырма т.с. Әр тапсырма орындалған соң қалай орындағаны жөнінде сұралады.
MS Access- те кестелер құрмас бұрын ДБ-сын жасалады. ДБ-сын жасаудың екі түрін қарастырайық. Бос деректер қоймасын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді, және басқа да объектілерді қосуға болады. Екінші түрі шебердің, яғни MS Access ұсынған ДБ-сын қолдануға болады. «На моем компьютере» екі рет түртсек төмендегі терезе шығады.
Осы терезеде «Новая база данных» белгісіне барып 2 рет шертсек, немесе экранның оң жағынан «Новая база данных» екі түртіп «Файл новой базы данных» терезесіне көшеміз
Файл аты өрісіне ДБ-на «Информатик» деп ат беріп «Создать» түрту керек.
Яғни біз Информатик деген атпен жаңа ДБ-сын құрдық.
Енді кесте құруға жеке-жеке тоқталайық
MS Access –те кестелер құрудың үш түрі бар:
1)Кесте шеберімен
2)Конструктор көмегімен
3)берілгендерді енгізу арқылы.
Кесте шебері арқылы құру
ДБ-сы терезесінен Кесте шеберін екі рет шерткен кезде төмендегі диалогты терезе көрінеді. Жасайтын кестемізге үлгіден таңдаймыз, кестенің өрістерін таңдай отыра жаңа таблицаға толтырамыз .
Өріс үлгісіндегі аттарын өзімізге керегінше өзгерте аламыз. Мысалы суретте «Отчество»-ның орнына «аты» деген сөз енгізуге әрекет етудеміз. Ол үшін Отчество сөзін жаңа кесте жаққа апардық, сосын «переименовать поле» өрісіне шерттік. Сол кездегі шыққан терезешенің «Имя поля» өрісіне аты деген сөзді енгізіп «ок»-ді түртеміз.
Осылайша қалауымызша кестенің бағандарын жасап аламыз да кестені сақтаймыз.
Нәтижесінде төмендегідей кесте аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |