Бақылау сұрақтына жауап жазу. «Сауат ашу әдістемесі» пәні қандай мақсат көздейді? Сауат ашу әдістемесінің теориясынан оқушыларға жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Оқу пәнінің алдына қойған міндеттері қандай? Сауат ашуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру; Оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау; Сауат ашудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Оқу пәні психологиямен қалай байланысады? Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп сауат ашуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Тіл білімімен ше? «Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі; қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар болғандықтан, ол алдымен тіл біліміне арқа сүйейді.
Педагогика ғылымымен қандай байланысы бар? Педагогика ғылымы: дидактика және тәрбие теориясынан құралатыны белгілі. Ал оқу мен тәрбие – егіз. Дидактика мен әдістеме ғылымының қарастыратын нысандары бір.
1-сыныпқа арналған «Әліппе» пәні оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұнына талдау жасау. Кесте құру.
«Әліппе» пәні оқу бағдарламасының құрылымы.
«Әліппе» пәні оқу бағдарламасының мазмұны.
Бағдарлама құрылымы жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
дыбыспен жаттығу;
әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу. Әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
«Әліппе» пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Әліппе» пәнінің міндеттері:
. 1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.