«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстанның философиясы
Кез-келген мемлекеттің болашақ дамуына айқын бағдар нұсқайтын, өткенімен қатар бүгінгі жаһандану жағдайында ұлтты ұйыстырып, халықты біріктіретін, қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күшіне айнала алатын ұлттық идеяны қажет ететіндігі сөзсіз. Себебі, ұлттық идея қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп тануына сеп болып, сол ұлттың ұстанымдары, құндылықтары мен көзқарастарын жалпы әлемге паш ету тәсілі іспетті болмақ. Тарихқа назар салсақ,халықтың интеллектуалдық күш-қуаты мен ұлттық ресурсын біріктіріп, ортақ мақсатқа бастайтын осы жалпыұлттық идея арқылы қысылтаяң кезеңде мемлекеттің дамыған жағдайлары көп кездеседі. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстан күйрей жеңілген Жапонияның қазіргі таңдағы экономикасының қарыштап дамуына Исибаси үкіметінің «Игілікті мемлекет», Икэда үкіметінің «ұлттық табысты екі еселеу» ұрандарына негізделген күшті ұлттық идеологиялық тұғырнамасы әсер еткен болса,бүкіл әлемдік қауымдастық қолдаған Нельсон Манделаның ақ немесе қара нәсілге бөлмеуге үндеген апартеидсіз ел саясаты Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық идеясына айналып, мемлекеттің өрлеуіне себеп болды.
Көпэтносты Қазақстанның да мемлекет болып нығаюы, зайырлы қоғам ретінде жетілуі мен біртұтас ұлт болып кемелденуі жолында біршама айтарлықтай қадамдар жасалғандығы айқын. Дегенмен, уақыт талабына сайділі мен дініне берік, алдына биік мақсаттар қоя білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, рухы биік, жақсылыққа жаны құштар халық ретінде өзіндік ұлттық идеямызды анықтау қажеттілігі туындады. Осы орайда, Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.Назарбаевхалықтың әл-ауқатын жақсартып, бірлігін арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам ретіндегі«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі ретінде ұсынған болатын. Әрбір азаматқа арналған арнайы жолдау барлық қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналып отыр. Жолдауда атап көрсетілген негізгі құндылық – ұлттық идеологиямыздың «Мәңгілік Ел» ретінде айшықталуында.
«Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»- деп жария еткен Президент,тарихи мәнге ие құжатты – «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаны идеологиялық негізіретінде ала отырып,конфессияаралық-этносаралық келісімді, азаматтылық пен жаңа ХХІ ғасыр патриотизмінің ерекшеліктерін түсіндіру идеясы арқылы бүкіл қазақстандықтарды ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан бір топқа топтастыратын мемлекет ұстанымдарынбелгілеп берген болатын.