«Кибербулинг дегеніміз не және оның зардаптары» Тақырыбы: «Кибербулинг дегеніміз не және оның зардаптары»
Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.
Күні: 31.01.2022 ж.
Қатысқандар: 7 «А» сынып оқушылары
Өткізілу түрі: «ZOOM» платформасы
2022 жылғы 31 қаңтар күні сағат 13.30-да 7 «А» сынып оқушыларымен "Кибербулинг дегеніміз не және оның зардаптары" тақырыбында психологиялық кеңес ұйымдастырылады. Кездесу барысында оқушылармен кибербуллинг ұғымы, қалжың мен келемеждің айырмашылығы және оның салдары, онлайн қысым көрсету, көмек сұрау, достармен қарым-қатынас және т.б. маңызды мәселелер туралы әңгіме жүргізіліп, пайдалы кеңестер берілмек, сондай-ақ кибербуллингке тап болған жағдайда көмектесетін орталықтар мен шұғыл телефондар таныстырылады.
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
Егер де:
саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.
Неліктен адамдар бұлай істейді? Адамдар неліктен басқа біреуді ренжіткісі келетінін айту қиын. Кейде өзіміз қаламасақ та, біреудің көңіліне келетін қылық жасап, сөздер айтып жатамыз.
Телефон арқылы немесе интернетте адамды әдейі ренжіту, қорлау, оған жабысу оңай болып көрінеді. Ренішті хабарлама жіберу сондай оңай ғой! Бұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді де.
Егер де сен интернет технологияларды біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаң, онда бұл – кибербуллинг. Тіпті, сен біреу туралы ренішті постқа лайк бассаң да, немесе ренішті постты жіберсең, бұл да – кибербуллинг. Буллинге ұшыраған адам басқалардың оған қарсы біріккенін сезінеді.
Буллинг шындап адамға зиянын тигізеді, оның үмітсіздік пен шарасыздық күйге түсуіне себеп болады. Кей кездері буллингтің кесірінен адамдар өзін-өзі өлтіру жайында ойлап, өзіне қол жұмсауы мүмкін. Сондықтан буллинг қашанда жақсы емес, бірақ әр уақытта көмек сұрауға болады
Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек?
Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:
әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта
әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)
ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін
осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса
бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт
111 жедел желісіне қоңырау шал
біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар)
Егер басқа біреу кибербуллинге ұшыраса ше?
Біреуді онлайн қорлаған жағдайға куә болсаң, бұны тоқтатуға көмектес. Ондайда жасауға болатын әрекеттер:
осы ренішті суреттерді, фотосуреттерді, хабарламаларды, посттарды біреуге жіберіп, ары қарай таратпа
қорлауды қолдама және оған қатыспа
ол топтан/чаттан шығып кет
сол адамға жәбірлеушіні бұғаттауда көмектес және әкімшіге постқа шағымдан
сол адамға қолдау көрсет: жылы сөз айтып, көмегіңді ұсын
өзіңе қауіпті болмаса, жәбірлеушіге қорлауын тоқтатуын айт