«Кинематика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Орындау уақыты – 25 минут
10.1.1.1- кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу;
|
10.1.1.2 -жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;
|
10.1.1.3 -қисықсызықты қозғалысты кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын,дененің тангенциалды,центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау ;
| Т апсырма №1.
Жылдамдықтың сан мәнінің уақытқа тәуелділік графигі бойынша
(1, ә-сурет) жүріп өтілген жолды және орташа жылдамдықты табу керек.
[2 балл]
Тапсырма №2. Егер дененің қозғалысы x=-2+4t-3t2 (м) заңы бойынша өзгереді.
Анықтаңыз:
1.Үдеудің мәні неге тең:
2.Бастапқы жылдамдығы неге тең: [2балл]
Тапсырма №3. Ұзындығы 270 м жүк және ұзындығы 140 м жүрдек поезд параллель жолдармен
бір бағытта 7 м/с және 17 м/с жылдамдықтармен жүріп келеді. Жүрдек
поездің жүк пойызын озып өту уақыты. [3 балл]
Тапсырма №4. Дененің үдеуі [1 балл]
Тапсырма №5. Екі дененің қозғалыс теңдеуі: x=4+0,5t және x=8-2t теңдеуімен берілген. Кездесетін уақыты мен орнын табу: [2балл]
Тапсырма №6. Радиусы 4 м бір қалыпты айналған дөңгелектің бетіндегі материялық нүкте 4 м/с жылдамдықпен қозғалады. Материялық нүктенің үдеуі [1балл]
Жалпы балл 12/_______
«Кинематика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Орындау уақыты – 25 минут
10.1.1.1- кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу;
|
10.1.1.2 -жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;
|
10.1.1.3 -қисықсызықты қозғалысты кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын,дененің тангенциалды,центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау ;
| Тапсырма №1.
1.Автомашина тұрақты тежеле отырып қозғалып келеді. Бастапқы жылдамдық 20 м/с. 4с кейін машина тоқтайды, содан кейін бұрылады да, шыққан орнына қарай тұрақты үдеумен тағы да 4 с жүреді.
а)Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі бойынша
(1, а-сурет) орын ауыстыруды табыңыз: [2балл]
б) 4 с жүргендегі үдеуін анықтаңыз: [1балл]
Тапсырма №2. Егер дененің қозғалысы х= 12+3t +5t2 (м) заңы бойынша өзгереді.
Анықтаңыз:
1.Үдеудің мәні неге тең:
2.Бастапқы жылдамдығы неге тең: [2балл]
Т апсырма №3. Екі көлік бір-біріне қарай 140 м арақашықтықты 5 м/с және 2 м/с жылдамдықпен қозғала бастады. Олардың кездесу уақыты. [2балл]
Тапсырма №4. Суретте түзусызықты қозғалған дененің жылдамдығының уақытқа байланысты графигі берілген. Дене үдеуінің модулін анықта [2балл]
Тапсырма №5. Екі дененің теңдеулері x=27-3t және x=-3+2t берілген. Денелердің кездесетін
координаты мен уақыты [2балл]
Тапсырма №6. . Жіпке ілінген жүктін айналу периоды 2 с. Егер жүк радиусы 14 см шеңбер бойымен айналса, оның бұрыштық жылдамдылығы [1балл]
Жалпы балл 12/______
Достарыңызбен бөлісу: |