Энергия – дененің жұмыс істеу қабілеттілігін көрсететін шама. Энергияны E әріпімен белгілейміз және жұмыстыңда өлшем бірлігі сияқты Джоульмен өлшейміз – (Дж)
Кинетикалық энергия Потенциалдық энергия
Кинетикалық энергия
Денелердің қозғалыс салдарын туындайтын энергияны кинетикалық энергия Eк деп атаймыз.
Белгілі бір күш әсерінен қозғалысқа келген барлық денелердің кинетикалық энергиясы бар және осы дене массасы мен жылдамдығы неғұрлым көп болса, кинетикалық энергия да көп болады.
Eк=
Өлшем бірлігі - Дж Теңәрекетті күштің жұмысы дененің кинетикалық энергиясынының
айырымына тең болады:
A=E-E
Потенциалдық энергия
Потенциалдық энергия Ep деп өзара әрекеттесуші денелердің немесе бір ғана дене бөліктерінің орналасуы бойынша анықталатын энергияны атаймыз.
Жердегі барлық денеге ауырлық күші әсер етеді. Жер бетінен қандайда бір биіктікке көтерілген дененің потенциалдық энергиясы болады.
Ep=mgh Өлшем бірлігі - Дж Ауырлық күшінің атқаратын жұмысы дененің потенциалдық энергиясының азаюына әкеледі:
A=-(E-E)