“Кіріспе. Неврология ғылымы. Оның басқа клиникалық пәндер қатарындағы орыны. Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124025
  1   2   3
  • “Кіріспе. Неврология ғылымы. Оның басқа клиникалық пәндер қатарындағы орыны.
  • Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі.
  • Жалпы сезімталдық және оның зақымдалу ерекшелігі.”

Неврология –нерв жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін анықтап және олардың алдын алуымен айналысатын медицинаның бір бөлімі.

Неврология бөлінеді: - жалпы (пропедевтика) - жеке

Пропедевтика (жалпы неврология) нерв жүйесінің анатомиясын, атқаратын қызметін және зерттеу әдістерін, сонымен қоса синдромология негіздері мен топикалық диагностика негіздерін зерттейді. Жеке неврология нерв жүйесінің әртүрлі ауру түрлерін зерттейді.

Нерв жүйесінің адам организміндегі маңызы: - шартты және шартсыз рефлекстер негізінде ағзаның сыртқы ортамен қарым-қатнас орнатуы. - өмірлік маңызы бар ағзалар қызметін реттейді (тыныс алу, жүрек-қан тамыр жүйесі, алмасудың барлық түрлерін) - барлық реакцияларда организмнің біртұтастығын сақтайды, сыртқы ортаның кез-келген әсеріне ағзаның тұтастай жауап беруін қамтамасыз етеді.

Нерв жүйесі бөлінеді: - орталық (бас миы және жұлын) - периферикалық(нерв түбірлері, ганглии, өрім, нервтер) - вегетативті (симпатикалық және парасимпатикалық)

Нерв жүйесінің элементарлы анатомо-функционалды бірлігі –нейрон – ол дене мен өсіндіден тұрады (дендриттер және аксондар)

Нерв жасушасының поляризация заңына сәйкес ( Рамон-Кахаль заңы) нервты импульс бір бағытта ғана беріледі – бірнеше дендрит бойымен нейронға және одан бір ғана аксон бойымен бұлшықетке, ағзаға немесе келесі нейрон дендритіне беріледі

Нейрон түрлері: - сезімталды (сенсорлы, афферентті, рецепторлы) – ақпаратты сезім ағзаларынан нерв жүйесінің орталық бөліміне жеткізеді - қимыл-қозғалыс (моторлы, эфферентті) – импульсты бұлшықетке, ағзаларға, тіндерге жеткізеді - қосымша (интернейрондар) – импульсты өндеу мен жеткізу үшін қажет

Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата отырып жауап беру қасиеті



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет