Байланысты: Кіші оқушының жеке басын қалыптастырудағы еңбектің маңызы
Кіші оқушының жеке басын қалыптастырудағы еңбектің маңызы
Орындаған:Жаңабергенова П
Білім — бүгінгі өмірдің ең үздіксіз дамымалы сатысының бірі. Ол мәдениетті сақтаудың және оны келешек ұрпаққа жеткізу-дің басты құралы болып табылады. Білім қоғам дамуының интеллектуалдық қана емес, сонымен қатар экономикалық базасын жасайтын өндірістік рухани маңызды саласы. Адам білім арқылы ғана жеке басының қажеттігі мен өзіндік дамуын қанағат-тандыра алады. Ол жаңа әлеуметгік-экономикалық өрлеу дәуірінде әлеуметтік қарқынды дамудың қайнар болып саналады. “Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту” тұжырымдамасының жаңа жобасыңда айтылғандай: “Жалпы білім жүйесіне тән ерекшелік бір жағынан оның салаларының өзара байланыстылығы, екінің жағынан білімнің ұлттық жүйесінің тәуелсіздігі болып табылады. Олар бір-бірімен білім кеңістігінде диалектикалық тұтастықта бірге өмір сүреді”!
Жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе —білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықты қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру идеясын біріктіруіміз керек” (“Қазақстан мұғалімі”, 30 маусым 1997 жыл). Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-адамгершілік өзгерістер біздің қоғам өміріндегі білімнің барлық жүйесін өзгертуге әкеліп отыр. Осыған байланысты бүгінде мектептердегі тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика, физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана, оқытудың және тәрбие ісінің жаңа технологиясы талаптарына сай етіп, қайта ойластырудың қажетгігі туындауда.
Педагогика ғылымында “тәрбие” терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келді. Көптеген жылдар тәірбиеге “тұлғаның дамуын басқару” деген анықтама берілді, сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылды. Тәрбие адамдарға тән әлеуметгік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші роль атқарады. Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік орта жағдайларында болады. Адам биологиялық жан иесі ретінде дүниеге келеді де, ол өзекті даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (шынайы өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыпасады. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда тәрбие — қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.