Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер
академиясы
“Дәстүрлі музыкалық өнер” факультеті
“Халық аспаптары” бөлімінің
2-курс студенті-Пернебек Нұрасыл
Күй-аңыздары:Сарыжайлау
Қазақ халқының дәстүрлі аспаптық музыкасының алтын қорына енген Тәттімбеттің шоқтығы биік шығармаларының бірі — Саржайлау күйі. Бұл күй — Арқа өңіріндегі күй тарту дәстүрінде өзінің құрылысы жағынан да, көркемдік суреттелуінің мазмұнға бай өрнектелуі жағынан да кең тынысты, әсем, сұлулық сымбатымен адамның жан дүниесін баурап алатын кесек туынды. Күйдің өне бойындағы алуан түрлі әшекейлі өрнектермен өрілген лирикалық әсем әуен тыңдаушыны рақат сезімге бөлегендей. Күйде табиғат тылсымының әдемі өрнекті сымбаттық сипаты мен адамдар тыныс-тіршілігінің жарастығы көріністерінің қосарлы желімен қатар үндесе үйлесім тапқанын ұққандаймыз.
Күй екі ішекті жеке-жеке қағу немесе керек жерінде қос ішекті оң қолмен түйдектете қағу тәсілімен орындалады. Күй буындарының ара-арасындағы қайырымдар арқылы шығарма шумақтық түрге ойысқандай болады. Бірақ байыптай барлап қарағанда, күй сол біртұтас лирикалық ба-ғытынан ауытқымай, дамыған түрін бейнелейді. Ал шығарманың соңындағы қорытынды үзіндіде (кодада) күйдің негізгі желісінде кездеспеген жаңаша бір сөз сарынымен аяқталады. Қалай болғанда да Тәттімбеттің Саржайлау күйі — табиғаттың саялы тылсымы аясымен астаса, жарасымдылықпен ғұмыр кешіп жатқан адамдар болмысынан философиялық ой түйіндейтін өресі биік туынды.
Бүл күй табиғат қоршаған орта көрінісінен гөрі адам өмір белестерін суреттейтін дүниетанымдық ойға қүрылған туындыға ұқсайды.
Ескі қазақ үғымы бойынша адам өмірі бес кезеңнен түрады. Он үш жасқа дейін көк өрімдей жас кезі, яғни «көк» кезеңі. Он үштен жиырма беске дейін қызу қанды «қызыл» кез. Жиырма бестен отыз жетіге дейін сары мойын «сары» кез. Отыз жеті мен қырық тоғыздың арасы қарымы толған «қара» кез. Қырық тоғыз бен алпыс бірдің арасы адам ғүмырының ақылы толған «ақ» кезеңі. Алпыс жылдық бүл кезең «жар мүшел» деп аталады. Бүл жердегі жиырма бес пен отыз жеті жастың арасындағы сары мүшел адам ғүмырындағы әлеуметтік толысудың бастамасы. Ал, осы жастағы адамның өз ғүмырына көз жүгіртуі, келген қорытындылары мен пікірлері, «Сарыжайлау» күйінде көрініс тапқан, яғни күй адам өмірін ешқашан тоқтамас үлы көшке теңеп, оның жайлауға жеткен тұсын дыбыс тілімен өрнектейді. Немесе таратып айтатын болсақ бүл күй азаматтың кемеліне келген шағын, ақыл тоқтатқан парасатты кезеңін кейде баяу, кейде буырқана аққан сезім толғаныстарын сипаттайды.
«Сарыжайлау» күйші шығармашылығының шыңы, халқымыздың күй өнеріндегі айшықты туындылардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |