Күкірт қышқылы және оның тұздары



Дата19.04.2022
өлшемі1,24 Mb.
#31500
түріСабақ

Күкірт қышқылы және оның тұздары

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар:
  • - техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту ережелерін біледі;
  • - күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтайды;
  • Көпшілігі:
  • Күкіртті қышқыл мен күкірт қышқылы тұздарын сапалық реакция көмегі арқылы ажыратады;
  • Кейбір оқушылар:
  • Практикалық жұмыс дағдыларын жетік меңгереді, күкірт қышқылын өндірудің маңыздылығын сипаттайды.

Ұйымдастыру кезеңі Кім жылдам

  • 1. Төменде берілген заттардың қайсысы қышқылдарға жатады:
  • H2SiO3, NaOH, HCl, H2O, CO2, BaCl2, H2SO4
  • «Қышқылдар» ұғымына анықтама беріңіз.

2. Қышқыл формуласы мен атауын сәйкестендіріңіз:


Қышқылдар формуласы

Қышқылдар атауы

1. HNO3

1. Фосфор қышқылы

2. H2SO4

2. Азот қышқылы

3. H3PO4

3. Күкіртті қышқыл

4. H2SO3

4. Күкірт қышқылы
  • 3. Берілген қатардан артығын көрсетіңіз. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз:
  • а. NaOH, KOH, HCl;
  • b. H2SO4, HCl, H2SiO3;
  • c. HNO3, H2CO3, H2SO4.

Күкірт қышқылын алу

Өндірісте

Зертханада

2SO2+O2=2SO3

H2O+SO3=H2SO4

SO2+NO2+H2=H2SO4+NO

https://youtu.be/BE2e6YJ6tkg


Физикалық қасиеттері

H2SO4 - түссіз, майлы сұйықтық, иіссіз.

Су тартқыш қасиеті бар. Суда жақсы ериді.


Қауіпсіздік ережесі:

Қышқылды суға тамшылатып шыны таяқша бойымен ақырындап құямыз.



Неліктен қышқылға су құюға болмайды?
  • Ауыр сұйықтықты жеңіл сұйықтыққа шыны таяқшамен араластыра отырып жайлап құю қажет.Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп,бөлінген жылу біркелкі тарайды,ал керісінше суды қышқылға құйса,су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп,қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін

Химиялық қасиеттері

  • Күкірт қышқылы химиялық өндіріс наны.
  • Екі негізді қышқыл.
  • Күшті қышқыл. Типтік қышқылдық қасиет көрсетеді.

Белсенділік қатарындағы сутекке дейінгі металдармен әрекеттескенде сутек бөлінеді:

H2SO4 + Zn(сұйылт.) → ZnSO4 + H2

Метал оксидтерімен әрекеттескенде:

H2SO4 + MgO(сұйылт.) → MgSO4 + H2O




Әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттескенде:

Әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттескенде:

H2SO4 + Na2CO3 → Na2SO4 + H2O + CO2


Күкірт қышқылы сонымен қатар өздігінен зәр қышқылында сутегі иондарының біреуін алмастыру арқылы гидрогенсульфаттар түзе алады:

H2SO4 + NOH → NaHSO4 + 2 H2O

Негіздермен әрекеттескенде:

H2SO4 + 2 NaOH → Na2SO4+ 2 H2O



H2S2O7 (с) + H2O (с) → 2 H2SO4 (с)

Күкірт қышқылының тұздары


Na2SO4× 10H2O

Глаубер тұзы

CaSO4×2H2O

Гипс

BaSO4

Барий сульфаты

CuSO4×5H2O

Мыс купоросы

Күкірт қышқылының қолданылуы

  • Тыңайтқыштар жасауда 30%
  • Жуғыш заттар14%
  • Бояулар 11%
  • Талшықтар 8%
  • Пластмассалар 5%
  • Металдарды тазарту 2%
  • Мұнайды қайта өңдеуде2%
  • Т.б. 28%

Есептер шығару

1. Массасы 12,8 г мыс күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күкіртті газдың көлемін (қ.ж.) есептеңдер.

(Жауабы: 4,48 л)

2. Реакция толық жүру үшін массасы 500 г массалық үлесі 20%-дық күкірт қышқылының ерітіндісіне қанша магний оксидін қосу қажет?

(Жауабы: m(MgO)=40,8 г)



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет