Күлімдеген күн шуағы барша әлемді қуанышқа бөлейді. Көктегі аспан да ешбір сызатсыз күн сәулесін одан әрі нұрландырып, барша әлемді жылуымен баурап алады



Дата22.05.2023
өлшемі12,77 Kb.
#95795
Байланысты:
Әңгіме 69


Әңгіме
Күлімдеген күн шуағы барша әлемді қуанышқа бөлейді. Көктегі аспан да ешбір сызатсыз күн сәулесін одан әрі нұрландырып, барша әлемді жылуымен баурап алады. Аспанда қалықтап қанат жайған құстар да жаздың сәнін келтіріп, әдемі әнімен жер бетіндегі әр жанға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Айналаңа мән беріп қарасаң, жер жүзі жасыл орамалға оранғандай.
Бақша ішіндегі гүлдер кең даланың төсін өзінің әсем бейнесі, хош иісімен баурап алған тәрізді. Таңның атысынан кештің батысына дейін дамылсыз қызған тіршілік. Жадыраған жаз мезгілінің бұл көрінісі адамзат баласына үлкен септігін тигізуде. Бар адамның көңілі көтеріңкі, жүзі жайдары. Олардан жәндіктер де қалысар емес, қыс азығын қамдауды бүгіннен-ақ бастап кеткен.
Бұл көрініс – жаз мезгілінің мәнін келтіретін табиғаттың тылсым күші. Суреттегідей сұлу мезгіл шынайы жүзде одан бетер көркем. Себебі, ол – ешбір бояусыз табиғаттың сыйға тартқан әсемдігі. Бұл әсемдікті жаңбыр тамшылары көріктендіре түсіп, табиғат әлемін сейілтеді.
Жаңбырдың тамшылаған үнінен кейін далаға жүгіріп шығып, алысқа көз жүгіртіп қарасаң, иілген кемпірқосақты көресің. Сан түрлі түсті бойына жинаған кемпірқосақ – жаз мезгілінің әсем бейнесін әрлей түсетін табиғат тамашасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет