Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академия
Техникалық және Кәсіптік Білім Беру Факультеті
Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
пӘні бойынша Әдістемелік өңдеулер
Мамандығы: 0304000 – «Стоматология»
Курсы: 2
Семестрі: 3
ШЫМКЕНТ 2010 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2010 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
1 – сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: 4 Бөлім. Науқастардың жеке бас тазалығы.
4.1. Тақырыбы. Медициналық мекемелеріндегі емдеу сауықтыру тәртібі. Халі ауыр науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу. Ойылудың алдын алу.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
Сабақ түрі: практика
Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға науқасты санитарлық тазалауға үйрету.
тәрбиелік: оқушылардың мінез-құлқын санитарлық тазалау кезінде, педикулез айқындалған кезде этика және деонтология нормаларын ұстауға тәрбиелеу.
дамыту: санитарлық тазалау, ойылу, медициналық мекемелерде емдеу сауықтыру емшараларын жүргізу қабілеттілігін дамыту.
Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу.
Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, аудиториялық.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |