«Ата-аналармен білімалушылар арасындағы қарым-қатынас»
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Турганова Ж.С
2023-2024 оқу жылының І курс ата-аналарының жиналысында колледж педагог-психологінің баяндамасы
Қайырлы күн құрметті ата-аналар! Мен колледж педагог-психологі Нуркенова Гулмира Дауылбайқызы. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Баланы өмірге бейімдеуде психолог пен ата-ананың орны бөлек.
Оқу жылының басында психологиялық бағыт бойынша директордың тәрбие іс-жөніңдегі орынбасардың бекітуімен жылдық жұмыс жоспары құрылады. Жоспар бойынша І курс білімалушыларының оқу үрдісіне бейімделу деңгейін анықтау үшін психодиагностикалық бағыт жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша жалпы 147 білімалушы 100% қатысты. Білімалушылардың оқуға деген ынтасы мен бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау үшін Филлипс тесті бойынша қобалжулары өте жоғары білімалушылармен психологиялық коррекциялық сабақтар жүргізіліп, жайсыз жағдайларды болдырмау үшін бақылау жұмыстарымен психологиялық контакт орнату үшін кеңестертер берілді. Ағартушылық-профилактикалық бағыт бойынша «Қарым-қатынас маған қуаныш сыйлайды» білімалушылардың өмріге құштарлығын арттыру мақсатында психологиялық тренингтертер өткізілді. Түзету – дамытушылық бағыт бойынша девиантты мінез-құлқы бар студенттермен жеке коррекциялық жұмыстар жүргізіліп, ерекше назарды қажет ететін біліалушылардың тізімі жасақталды. Әлеуметтік бағытында «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» І курс білімалушылардың қыздар жиналысы өтті. Алдағы уақытта жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Одан бөлек білімалушыларды үнемі сырттай бақылау жұмыстарымен қатар жеке, топтық беседалар жүргізіліп тұрады.
Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Біліммен қатар тәрбие қатар жүргендіктен сізбен біз болып бірлесіп жұмыс атқарайық. Ата-ананың қолдауы баланың болашағына зор ықпал етеді.