Күні: 4 сынып І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата14.10.2022
өлшемі17,03 Kb.
#43136
Байланысты:
4 сынып БЖБ№1


4 сынып «Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқушының фамилиясы:_____________________ аты:______________________

Күні:_________________________________ 4 «_____» сынып

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Тыңдалым: 1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында сары және көк түс бар. Елтаңбаның пішіні дөңгелек.Бұл мәңгілік өмірді бейнелейді. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ «ортақ үй» деген мағынаны білдіреді. Шаңырақтың сол жағында және оң жағында қанатты тұлпар бейнеленген. Тұлпар - адалдық пен достықтың символы.

  1. Дұрыс жауабын тап. ҚР Елтаңбасының пішіні қандай?

А) дөңгелек В) үшбұрыш С) тіктөртбұрыш D) шаршы

  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.

Шаңырақ (нені?) ___________________________ білдіреді.
Тұлпар - (ненің?) _________________________________символы.

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес болатын ақпаратты белгіле.

Елтаңбаның пішіні нені бейнелейді?
А) Шаңырақ- ортақ үй. В) Мәңгілік өмірді. С) Қанатты тұлпар.
Айтылым: 2-тапсырма Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Менің үйім» тақырыбына сөйле.
Тірек сөздер: жатынүйде, асүйде, қонақбөлмеде, кіреберісте, алдында, артында, қасында, жанында, сол жағында, оң жағында, кереует, үстел, орындық, тоңазытқыш, теледидар, жұмсақ жиһаз
Жоспар: 1. Менің үйімнің бөлмелері.
2. Асүйдің жиһаздарының орны.
3. Қонақбөлменің жиһаздарының орны.


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды

1

мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;

1

бірінші сөйлемді сәйкес сөзбен толықтырады;

1

екінші сөйлемді сәйкес сөзбен толықтырады;

1

мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпаратты анықтайды;

1

Берілген тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп
әңгімелейді

2

тақырыпқа сәйкес мәтін құрады;

1

мәтінннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;

1

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

1

Барлығы







9


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет