КОА аймағының негізгі оқиғалары
Көптеген сыртқы талықсытпалар—тауар бағасының күрт құлдырауы, Ресейдегі
экономикалық баяулау, Ресей рублі құнының түсуі және АҚШ долларының күшеюі -
өндірісті қолдауға бағытталған контрциклды фискалдық саясатқа қарамастан, КОА
аймағында экономикалық өсуді әлсіретті. Валюта бағамы инфляциялық қысымды
жасап және монетарлық ынталандыруды шектей, төмен түсті немесе құнсызданды.
Өсуді келесі жылы қалпына келтіру күтілуде, бірақ сыртқы ортаның жағдайы күрделі
болып тұрғандықтан, жағдай орташа болып сақталып тұр. Фискалдық саясат қысқа
мерзімді бейімдеу орта мерзімде тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін қажет. Елеулі
валюта бағамының икемділігі сыртқы буферлерді қорғайды және сыртқы
теңгерімсіздіктерді төмендетуге көмектеседі, бірақ қаржы секторының тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшін, оған айтарлықтай қаржылық қадағалаудың сүйемелдеуі қажет
болады. Құрылымдық реформаларды жеделдету орта мерзімде өсуді арттырудың кілті
болмақ.
Сыртқы талықсытпалар өсуді басуда
Ресейдегі сыртқы әсерлердің тарылуымен бірге мұнай, газ және металдың төмен
бағалары, аймақтың Ресеймен шикізат тауарларының экспорты және жабық сауда,
инвестиция, және ақша аударымының байланыстарына жоғары сенімділік КОА-ның
экономикалық белсенділігін баяулатты. Осы жылы түгел КОА үшін, өсім 3¾ пайызға
жету болжанған, бұл тәуелсіздік алғаннан бері ең төмен үлес, және 2014 жылға
қарағанда 1½ пайыздық нүктеге төмен. Осы жалпы бағыт аясында, елдер арасында
айтарлықтай айырмашылық байқалады, Өзбекстан және Түркіменстанда өсу 6
пайыздан асады, ал басқа елдердің көпшілігінде өсу мөлшері 2–3 пайыз. КОА
аймағындағы өсуді Ресей және Еуропаның жақсартылатын өсу көрсеткіштері есебінен,
2016 жылы 4 пайызға дейін қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Тәуекелдер негізінен төмен жаққа қарай көлбеу тұр. Мұнай бағасының одан әрі
төмендеуі мұнай экспорттаушыларына теріс әсер етіп қана қоймайды, Ресейдің сыртқы
әсерлері және мұнай экспорттаушылары арқылы мұнай импорттаушыларына да
төменірек өсуге алып келеді. Қытай мен басқа да дамушы нарықтардағы болжанғаннан
төмен өсу одан әрі әлемдік шикізат бағаларын азайтады және теріс аймақтағы тауар
экспорттаушыларына теріс әсер етеді. Ресей және Еуропа тәрізді басқа үлкен сауда
серіктестеріндегі болжанғаннан төмен өсу де қайта қалпына келтіруді кешіктіруі
мүмкін.
Тұрақтылық пен өсуді
қолдау
үшін
реформалар
қажет
Контрциклдық фискалдық шаралар мен мұнай экспорттаушыларының төменгі мұнай
бағаларынан табыстардың түсуі және мұнай импорттаушыларындағы әлсіз
9
экономикалық белсенділік салдарынан фискалдық теңгерімдер аймақ бойынша
нашарлады. Мұнай экспорттаушыларында, мұнай бағаларындағы фискалдық
залалсыздық ағымдағы мұнай бағаларынан асады. Буферлерді толтыру және елдердің
келешек ұрпаққа жеткілікті түрде сақтауды қамтамасыз ету үшін орта мерзімді
фискалдық шоғырландыру қажет. Мұнай импорттаушылары үшін де орта мерзімді
фискалдық шоғырландырудың артықшылығы бар, яғни өсудің инклюзивтілігін қолдау
үшін капиталды және қоғамдық шығынды сақтай алады.
Әлсіреген валюта бағамдарымен бірге өсудегі баяулау жоғары долларланған қаржы
бөлімдерінің әлсіздіктерін күшейтті. Мақсатты кредиттеу, қорғалмаған қарыз
алушылардың несиелері және қысқа ашық шетел айырбас жағдайлары бөлімге сыртқы
талықсытпалардың әсері мен қадағалауды күшейтуді, макропруденциялық
саясаттарды және дағдарысты бақылау құрылымын күшейтті.
Өндіруші өнеркәсіптен тыс жеке бөлімді дамыту және өсуді инклюзивтілеу жасау
КОА аймағының тауарлар мен ақша аударымдарына тәуелділігін азайтуға және
есеңгіреулерге тұрақтылықты жоғарылатуға көмектеседі. Аймақ басқа дамушы
нарықтардан және білім беру сапасы, қаржылық даму мен экспорттың әртүрлілігінен
дамушы елдерден артта қалып келеді, сонымен қатар бизнес ортасы мен сыбайлас
жемқорлықты бақылау да көптеген елдерде әлсіз. Осы кемшіліктерді шешу болашақ
экономикалық өркендеуді арттыратын болады.
Орташа
2000–11
2012
2013
2014
2015
2016
КОА
Нақты ЖІӨ (жылдық өсім)
8.9
5.6
6.6
5.3
3.7
4.0
Ағымдағы шот теңгерімі
1.3
3.2
1.9
2.0
-3.4
-3.8
Жалпы фискалдық теңгерім
2.6
4.7
2.8
0.9
-3.5
-1.5
Инфляция, жыл сайынғы (жылдық өсім)
9.7
5.3
6.0
5.8
6.8
7.4
КОА мұнай және газ экспорттаушылары
Нақты ЖІӨ (жылдық өсім)
9.3
5.6
6.8
5.4
3.8
4.1
Ағымдағы шот теңгерімі
2.7
4.7
2.9
3.3
-2.7
-3.2
Жалпы фискалдық теңгерім
3.4
5.5
3.4
1.3
-3.5
-1.2
Инфляция, жыл сайынғы (жылдық өсім)
9.9
5.7
6.3
5.9
6.8
7.6
КОА мұнай және газ имппорттаушылары
Нақты ЖІӨ (жылдық өсім)
6.6
5.5
5.7
4.7
2.3
3.0
Ағымдағы шот теңгерімі
-8.4
-10.2
-7.2
-10.2
-10.0
-9.2
Жалпы фискалдық теңгерім
-3.2
-2.2
-2.4
-2.2
-3.6
-3.6
Инфляция, жыл сайынғы (жылдық өсім)
8.2
2.1
3.6
4.6
6.3
6.1
Ақпарат көздері: Ұлттық билік органдары; және ХВҚ қызметкерлерінің есептеулері мен болжалды көрсеткіштері.
КОА мұнай және газ экспорттаушылары: Әзірбайжан, Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан.
КОА мұнай және газ имппорттаушылары: Армения, Грузия, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан.
КОА аймағы: Таңдаулы экономикалық көрсеткіштер, 2000–16
(ЖІӨ пайызы, егер басқасы көрсетілмесе)
Болжалды көрсеткіштер