Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»


-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата13.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4009
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

21-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

      324-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi
                санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық
                талаптарды бұзу
      1. Осы Кодекстің 
 көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау 
416-бабында
жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ 
гигиеналық нормативтердi бұзу –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрілген зиян сомасы мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық 
және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе төмендетуге нұсқаулар 
немесе рұқсаттар беруi –
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      325-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу
                талаптарын бұзу
      Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу –
      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      326-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат
                пайдалану шарттарын орындамау
      1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау –
      лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығының 
қауіпсіздігіне қатер төндірумен ұштасқан, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер –
      экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, лауазымды адамдарға – отыз,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған 
бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы –
      экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
      Ескертпе. Егер экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушыға бірнеше өндірістік объектіге 
берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану 
шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша жойылады.

      327-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормативтен тыс
                тасталуы мен шығарылуы, қалдықтардың
                орналастырылуы туралы хабарламау
      Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманың
орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың
өндiрiстiк нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға
басқа да зиянды авариялық әсер етулерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпаратты хабарлау 

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      328-бап. Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған
                ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не
                экологиялық рұқсаттың болмауы
      Жобалау құжаттамасында және (немесе) экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға 
эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл әрекеттерде 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
эмиссиялардың асырылған көлемi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға төленетін мөлшерлеменің бiр 
мың пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның
                белгіленген көлемінен асып кету
      Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып кету –
      заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа табиғат 
пайдаланушылардан сатып алынған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру 
нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын 
әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      330-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік
               газдарды түгендеу, верификация және валидация
               (детерминация) туралы анық емес деректерді
               ұсынуы
      Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және 
валидация (детерминация) туралы анық емес деректерді ұсынуы –
      аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
– бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      331-бап. Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және
                сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты
                пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны
                пайдаланбау

      Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты 
пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға
– қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      332-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi
                түрде жүргізу туралы заңнама талаптарын
                орындамау
      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде жүргізу туралы 
 талаптарын 
заңнама
немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау, сол 
сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды 
қаржыландыру –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
      333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы
                нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын
                және басқа да жылжымалы құралдарды шығару
      1. Шығарындыларында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде 
шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомобильдердi, ұшақтарды, 
кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару –
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 
– жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      қызметтi тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы
                нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді
                және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
      1. Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс 
iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi
және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы –
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      335-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы
                бұзу
      1. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және 
реконструкцияланған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалануға қабылдау

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және 
реконструкцияланған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалану -
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап
                қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау
                және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды
                сақтамау
      Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген 
қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды 
сақтамау –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      337-бап. Жердi бүлдiру
      1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын 
болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру 
мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға
– отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, 
өсiмдiктердi өсіру стимуляторларымен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және 
радиоактивтi заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де 
қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты, 
бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе 
қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған залалдануы –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз
                пайдалану немесе пайдаланбау

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер
                пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану
                жөніндегі міндеттерді орындамауы
      1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:
      1) жерді нысаналы мақсатта пайдаланбаудан;
      2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі 
іс-шараларды жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді 
орындамауы –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына
                сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі
                міндеттерді орындамау
      Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру 
жөніндегі міндеттерді орындамау -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер
                учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты
                жасыру
      Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы 
ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту –
      жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және
                бағалау мәлiметтерiн бұрмалау
      Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау –
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      
РҚАО-ның ескертпесі!
      21-тарауды 342-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 17.11.2015 
№ 408-V
 Заңымен (01.03.2016 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
      343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және
                картография саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
      геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті
немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы 
не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар 
жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;
      штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі
білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      344-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге,
                сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу
      Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сондай-ақ сарқынды суды ағызуға 
қойылатын талаптарды бұзу –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      344-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген
                   міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды
                   бұзу
      1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі 
талаптарды бұзу –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
 
 
Ескерту. 21-тарау 344-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015
№ 407-V
Заңымен (01.01.2016 
 
 
бастап
қолданысқа
енгізіледі).

      344-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген
                  міндеттемелері операторының міндеттерін және
                  функцияларын орындамауы немесе тиісінше
                  орындамауы
      Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының түскен ақшаны 
уақтылы немесе тиісінше бөлмеуі, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері 
операторына жүктелген міндеттерді және функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының бірінші 
басшысына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
 
 
Ескерту. 21-тарау 344-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015
№ 407-V
Заңымен (01.01.2016 
 
 
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
      345-бап. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану
                жөніндегі қағидаларды бұзу
      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды әрі 
кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      346-бап. Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын
                пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге
                арналған жобалау құжаттарының көрсеткіштерін
                сақтамау
      Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге
арналған жобалау шешімдерін сақтамау –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      347-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты
                өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен
                қағидаларды бұзу
      1. Жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық нормалар 
мен қағидаларды бұзу, егер бұл іс-әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса, –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған 
ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      348-бап. Пайдалы қазбалардың қорларына мемлекеттік
                сараптама жүргізбей өндіру жөніндегі жұмыстарды
                жүргізу
      Пайдалы қазбалардың қорларына мемлекеттік сараптама жүргізбей өндіру жөніндегі жұмыстарды
жүргізу –
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      349-бап. Минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудi есепке
                алу бойынша бастапқы және мемлекеттiк
                есептілікті бұрмалау
      Минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудi есепке алу бойынша бастапқы және мемлекеттiк 
есептілікті бұрмалау –
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      350-бап. Кен орындарын игеру кезінде сыртқа шығарылатын
                және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі
                және онымен бірге жерде жатқан пайдалы қазбалар
                қорларын және қосалқы компоненттерді, оның
                ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен
                өндіріс қалдықтарын анық есепке алуды қамтамасыз
                етпеу
      Кен орындарын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан 
негізгі және онымен бірге жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және қосалқы компоненттерді, 
оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын анық есепке алуды 
қамтамасыз етпеу –
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      351-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу,
                кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын
                бұзу
      Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру 
қағидаларын бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      352-бап. Тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын
                олардың сақталуын және халықтың қауiпсiздiгiн
                қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру жөніндегі
                талаптарды бұзу
      Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, жойылатын немесе консервацияланатын тау-кен қазбалары 
мен бұрғылау ұңғымаларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру жөнiндегi 

талаптарды, сондай-ақ консервациялау уақытында тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын 
сақтау жөнiндегi талаптарды бұзу –
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және
                консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу
      Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      354-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау
                органдарына минералдық шикiзатты пайдалану
                туралы ақпаратты ұсынудан бас тарту немесе
                жалтару
      Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, 
өндiрiлген және қайта өңделген минералдық шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және анық 
ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      355-бап. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының
                жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
                заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар
                немесе рұқсаттар беруi
      Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану 
туралы 
 бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi –
заңнаманың
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар
                жүргiзу қағидаларын бұзу
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 
 Заңымен (алғашқы ресми 
№ 272-V
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ жер 
қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптарын бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қоршаған ортаны қорғау мәселелерi 
жөнiндегi экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау -
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта 

кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында 
көзделген мұнай операцияларын жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ өндіру жөніндегі жұмыстарды 
жүргізуге арналған іздестіру, бағалау жұмыстары жобаларының және жобалау құжаттарының 
талаптарын бұзу – 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      4. Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, бағалау 
жұмыстарының жобасынсыз және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжатынсыз 
іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу – 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз
, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      5. Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе 
халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, мұнай және газ 
саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамастан, ілеспе және (
немесе) табиғи газды жағу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз
, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушының ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге асырусыз және (
немесе) қайта өңдеусіз көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі – 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз
, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан 
магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін тасымалдау
үшін қажет, қажетті кәсiпшiлiк объектілерін және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу кезінде
белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы – 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз
, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану – 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 
көзделген жағдайларды қоспағанда, теңізде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның 
рұқсатынсыз немесе рұқсатының шарттарын сақтамастан мұнай операцияларын жүргізу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз
, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      10. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыда, теңізге 
мұнайдың төгілуі тәуекелімен байланысты теңіздегі қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды 
тұлғада мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі ұйымның бекітілген жоспарының болмауы
– 
      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік 

көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Теңізге бірінші және екінші деңгейлердегі мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін қажетті 
өзінің жеке материалдары мен жабдықтарынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасасылған шартсыз 
теңізде мұнай операцияларын жүргізу –
      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Осы баптың сегізiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз
, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      14. Осы баптың төртінші, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, 
әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 
      қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп
соғады.
      
Ескерту. 356-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      357-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi
                тiркеу
      Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғи ресурстарды 
мемлекеттiк есепке алу мен олардың мемлекеттiк кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты 
табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және 
молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл іс-әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң 
қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаса, –
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      358-бап. Су ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу
      1. Судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстар 
мен құрылғыларсыз, кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимiнің 
жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, 
санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      359-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және
                сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн
                бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу
      1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға 
арналған өлшеу құралдарын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн бүлдіру –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану қағидаларын бұзу –
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері
                белдеулерінде заңсыз құрылыс салу
      1. Ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi су қорғау аймақтарында және 
белдеулерінде заңсыз салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту –
      заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке 
тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 
қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Суда ұңғыманы заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылыстарын заңсыз салу

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға
– қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      361-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды
                пайдалану қағидаларын бұзу
      Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      362-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік
                деректерiн бұрмалау
      Су кадастрын есепке алу мен есептілік деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен 
қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының 
 белгіленген 
заңнамасында
мерзімде ұсынбау –
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 
– жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
      отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру
      Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерi үшін оларды реттеуге 
кедергi келтіру –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу

      1. Ортақ су пайдалану 
:
қағидаларын
      1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал 
суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
      2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін 
қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған 
бұзушылық –
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      365-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
      1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу -
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      366-бап. Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу,
                құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу,
                қоймалар орналастыру
      Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар 
орналастыру –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен
                санитариялық қағидаларды бұзу
      1. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан 
дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, –
      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтарда жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі 

жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      368-бап. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен
                әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы
                орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн
                бұзу
      1. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, 
қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      369-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи
                аумақтардың уақытша алынған учаскелерiн қайтару
                мерзiмдерiн бұзу
      1. Мемлекеттiк орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе 
оларды мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға
– отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      370-бап. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен
                жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз
                шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен
                техникалық шикiзатты жинау
      1. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      2. Ормандар мен орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      3. Дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана
жол берілген учаскелерде заңсыз жинау –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      371-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына
                келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының
                басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың
                тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу
      Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман 
қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу –
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      372-бап. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ
                орманды қалдықтармен, химиялық заттармен
                бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне
                өзге де залал келтiру
      1. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі 
жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Орманның қурап қалуына немесе ауруына не ластануына әкеп соғатын сарқынды сулармен, 
химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық шығарындылармен, қалдықтармен және төгiндiлермен
орманды бүлдiру –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, дренаж жүйелерi мен жолдарды жою 
немесе бүлдiру –
      жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын 
табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға
– елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      373-бап. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында
                көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес
                келмейтiн ретпен жүзеге асыру
      1. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға 
сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру –
      жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк 

субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      374-бап. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға
                зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу
                және пайдалану
      1. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан 
объектiлерді салу және пайдалану –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз 
бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      375-бап. Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың
                белгiленген тәртiбiн бұзу
      Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың тәртiбiн бұзу –
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      376-бап. Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін
                мөлшерде дайындауға жол беру
      Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру –
      лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      377-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және басқа да
                препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және
                қолдану
      1. Осы Кодекстің 
 көзделген жағдайларды қоспағанда, пестицидтерді (улы 
416-бабында
химикаттарды) және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге әкеп соққан 
немесе әкеп соғуы мүмкiн басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі 
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      378-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың
                мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық

                коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және
                пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты
                жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру,
                керi жерсiндiру және шағылыстыру
      1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, 
жануарлардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын, зоологиялық және 
ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты
жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      379-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да
                объектiлердi орналастыру, жобалау және салу,
                өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк
                құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау
                құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа
                да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен
                жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу
      Осы Кодекстің 
 көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, 
416-бабында
кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік 
процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, 
минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен 
жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
      380-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи
                аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн
                бұзу
      Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, 
мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз 
және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы –
      ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      381-бап. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi
                бүлдіру немесе жою
      Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы 
бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ

дақылдарын, орман тұқымы плантацияларындағы ағаштар мен бұталарды, тұрақты орман тұқымы 
учаскелеріндегі ағаштар мен бұталарды, артықшылығы бар екпелердегі ағаштар мен бұталарды 
бүлдіру немесе жою –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң
                аулау қағидаларын бұзу
      1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, 
 талаптарын
жануарлар дүниесiн пайдалану
және (немесе) 
 қағидаларын бұзу –
аң аулау
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма 
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған дәл сол бұзушылық –
      жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және көрсетілген бұзушылықты жасау құралы 
болған өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан 
екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған 
әрекет –
      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға 
– жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір 
жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл 
салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
      383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да
                су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
      1. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын 
пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет 
белгiлерi жоқ бұзушылық – 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым 
салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, 
сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге 
асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу –
      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, 
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, 
жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Балықтың су тарту құрылыстарына түсуінен қорғау үшін арнайы бейімделген құрылғыларды 
орнатпай, балық шаруашылығының су айдындарынан су тарту –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 383-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 
№ 376-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      384-бап. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын
                қорғау, өсімін молайту және пайдалану
                саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу
      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану 
саласындағы заңнаманың талаптарын:
      1) белгіленген нормативтерден асып түсетін зиянды заттарды тастауға жол беру;
      2) жаңа және реконструкцияланатын объектілерді судың зиянды әсерін, ластануы мен 
қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етпеу;
      3) тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын 
және басқа да өндірістік кешендерді пайдалану;
      4) мұнай, химиялық және басқа да өнімдерді тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен 
құрылғыларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай, оларды пайдалану;
      5) су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдану;
      6) су объектілеріне радиоактивті және уытты заттарды тастау және көму;
      7) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиімді тазартуды қамтамасыз етпейтін
өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларын су объектілеріне ағызу;
      8) су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында қоршаған ортаға қатер төндіретін 
техника мен технологияларды қолдану;
      9) су объектілеріне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастау және 
оларда көму;
      10) су объектілерінің су жинау алаңдарын, су объектілерінің мұз қабатын, мұздықтарды 
қатты, өндірістік, тұрмыстық және шайылу кезінде жерүсті су объектілерінің сапасын нашарлатуға 
әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстау түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет