Сәрсенбі күні Роза Бағланова атындағы
мәдениет орталығында 1 желтоқсан – Қазақ
стан Республикасының Тұңғыш Президенті
күніне орай салтанатты шара өтті.
Қазақтың қара домбырасынан төгілген
күмбірлеген күймен ашылған кеште аудан
әкімі Нажмадин Шамұратов жиналғандарды
айтулы мерекемен құттықтап, ізгі ниетін
жолдады.
– Тәуелсіз еліміз үшін бүгінгі күннің та
рихи маңызы зор. Бұл мереке – еліміздің
негізін қалаған тұңғыш Президентімізге де
ген халықтың ыстық ықыласы мен құрметінің
шынайы айғағы. Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарындағы әлсіз экономикалық жүйе,
жетілмеген саяси реформалар жағдайында
Елбасымыз ел дамуының тура жолын таңдай
білді. Егемендік алғаннан бергі жиырма бес
жылда Қазақстанды барша әлем таныды.
Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мем
лекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең,
беделі жоғары, болашағы зор мемлекет бо
лып қалыптасты. Қай саланы алып қарамаңыз,
білім мен ғылым, спорт, мәдениет пен өнер,
құрылыс пен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп
болсын, бәрінде де қарыштап дамып келеміз,
– деген аудан басшысы атқарылған ауқымды
істерге тоқталды.
Иә, рас бізді бүгінде әлем таниды.
Елбасының ұйытқы болуымен Сарыарқаның
төсінде, Есілдің бойында әсем, жас қала –
Астанамыз бой көтерді. Елбасының тікелей
қолдауымен «ЭКСПО2017» халықаралық
көрмесінің Астанада өтетіні де төрткүл дүние
назарын Қазақстанға аударуда. Елбасы ең
қиынқыстау кезеңдердің өзінде де
ұлт болашағын, халықтың келешегін
айқындайтын қадамдарға барды.
№96
(884)
Сенбі,
3 желтоқсан
2016 жыл
А уд а н д ы қ қ о ғ а м д ы қ- с а я с и г а з е т
Тамыры – терең, тарихы – кенен
Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94
www.qazaly.kz
@qazaly.kz
E-mail: kazaly@bk.ru
Сәрсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды.
Аймақ басшысын аудан әкімі Нажмадин Шамұратов
бастаған қазалылықтар қарсы алып, «Жеңіс» бағына
қарай бет алды. Аумағы ауқымды, көркі көз тартатын
саябақты аудан тұрғындары қастерлі мекеннің бірі
санайды. Оған себеп те жоқ емес. Мұнда Отан үшін от
кешкен боздақтарға, түрлі сала озаттарына арналған
алаңдар мен ұрпақ зердесіне өнегелі әсер қалдыратын
орындар бар. Өткен жылы «Жеңіс» бағында Қазалы
ауданынан шығып, соңына өшпес із қалдырған 12
тұлғаның ескерткішбюсті қойылған болатын. Енді
олардың қатары Қазақ КСРнің еңбек сіңірген инженер
гидротехнигі, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденінің
иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы
Ержігіт Бозғұловтың бюстімен толыға түсті.
Ескерткіштің ашылу рәсімінде аймақ басшысы
Қырымбек Елеуұлы, Ержігіт Сексенбайұлының елге
сіңірген еңбегі жайлы баяндады. Инженерлік жүйедегі
суармалы жер облысымызды ерекше өңір ретінде
айғақтап, қадірін еселей түсетін маңызды қазына
екендігіне, өңірдегі мелиорациялау жұмыстарының
жоғары қарқынды орындалуын қамтамасыз етіп,
Қызылқұм, Қарақұм мал жайылымдарын суландыруға,
Сыр жағалауындағы күріштік алқаптарды тегістеуге
сүбелі үлес қосып, өнегелі еңбектің үлгісін көрсетіп кет
кен Ержігіт Бозғұловтың шоқтығы биіктігіне кеңінен
тоқталды.
– «Өткенін білмей, болашақ болмас» дейді дана
халқымыз. Бүгінгідей ел үшін елеулі күні біз ұлт пен
ел тәуелсіздігі жолында ғасырлар бойы күрескен ата
бабаларымыздың, боздақтарымыздың рухына бас иеміз!
Ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының: «Өлмейтін
адам емес, өлмейтін оның атағы» деген ойлы сөзі бар,
– деді облыс әкімі.
Бұдан соң, абзал адам жайлы тебірене сөйлеген
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек
Шаухамановтың лебізі жақсының аты өшпейтінін,
қабырғалы жұрты азаматының қадірқұнын, жасалған
еңбектің бағасын білетінін айшықтай түсті.
Сонымен қатар, Әйтеке би кенті орталығындағы
№249 мектеплицейге Ержігіт Бозғұловтың аты
берілді. Аймақ басшысы оқу ошағында болып,
көпшіліктің қуанышымен бөлісті. Шәкірт жанына
терең білім, тағылымды тәрбие сіңіруді мұраттаған ли
цей ұстаздарының ұлағаты өзгелерге үлгі тұтуға жа
райды. Мектеп ұжымын ауыл арасындағы жалпақ
тілде «Алтын белгілер ұстаханасы» деп атауы көп сыр
ды ұғындырады. Қандай шараны болмасын жоғары
деңгейде ұйымдастыратын ұстаздар қауымы бұл жолы
да белсенділік танытты. Көркем безендірілген аулаға
жиналған мұғалімдер мен оқушылар, атааналар,
тұрғындар көтеріңкі көңілкүйде жүрді. Шараға
жиналғандарды облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы
құттықтаса, Е.Бозғұловтың жары Назира Сембіқызы
жұртшылыққа шынайы алғысын айтты. Еңбектің наны
тәтті екенін ғибратты ғұмырында талай дәлелдеген
Ержігіт Сексенбайұлының лицейдегі ескерткіші
құрметпен ашылып, рухына тағзым жасалды. Сондай
ақ лицейдің үздік мұғалімдерінің бірі Мұқағали Сан
сызбаев пен озат оқушы Элдар Қуанышқа Бозқұловтар
әулеті атынан қомақты ақшалай жүлде, Ержігіт есімді
бір топ шәкіртке кітап сыйға табысталды.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы әкімдік ғимаратында
өткен мәжіліске қатысып, ауданда атқарылатын
ауқымды шараларды талқылады.
МЕРЕКЕДЕ – ҚОС ҚУАНЫШ
Ер есімін ұлықтады
Қайраткер тұлға Е.Бозғұлов есімін
ұлықтау шараларымен қатар, Әйтеке
би кентінде 150 орындық аудандық
аурухананың іргетасын қалау рәсімі өтті.
Бұған да облыс әкімі қатысты.
Аурухана құрылысының баста луын
қазалылықтар көптен зарыға күткен еді.
Кеңес өкіметі тұсында, өткен ғасырда
салынған аурухананың бұрынғы ғимараты
уақыт ағынымен әбден тозығы жеткен бо
латын. Замана талабына сай келмейтін
ескі аурухана ақ желеңді қауымның күтіп
ұстауымен ғана халыққа қызмет көрсетуге
жарап келгенін атап кеткен жөн.
«Аурухана құрылысы әнеміне жүргі
зіледі екен» деген хабардың ел ішінде
тарағанына да біршама уақыт өткен еді.
Алайда түрлі себептермен осы кезге дейін
созылып келді. Мұның өзі жақсы хабарға
құлағын түріп, елеңдеген жұртшылықтың
сеніміне селкеу түсіре бастағаны да
жалған емес. Міне, ақыры ел ағаларының
жанашырлығымен тағатсыздана тосқан
сәт те жетті. Сондықтан бүгінгі нысанның
іргетасын қалау рәсімі көпшіліктің ортақ
қуанышына айналды десек орынды.
Аурухананың жобасметалық құны
4 млрд 285,3 млн теңгені құрайды. Құры
лысты бастауға биылғы жылы облыстық,
республикалық бюджеттен 220 млн теңге
бөлініпті. 150 төсекке есептелген меди
циналық мекемеде барша қызметтің сапа
лы түрі көрсетіледі деп күтілуде.
– «Бірінші байлық – денсаулық» де
ген бабаларымыздың қанатты сөзі
қашанда маңызды. Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаула
рында халықтың денсаулығын жақсарту
жайына ерекше мән берілетіні баршаға
аян. Еліміздің денсаулық сақтау саласы
тұрақты даму үстінде деп сенімді айта ала
мыз. Салаға озық технологияларды енгізіп,
әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен
теңесетін дәрежеге жеттік. Мұндай ахуал
Сыр өңіріне де тән.
Соңғы 3 жылда денсаулық сақтау са
ласына бөлінген қаржы 9 млрд теңгеге
ұлғайып, 2016 жылы 32 млрд теңгені
құрады. Қызылордалықтар 2013 жылға
дейін сапалы медициналық көмек алу
үшін Алматы немесе Астанаға сабыла
тын. Қазір облыстық медициналық қызмет
түрлерін сенімді түрде пайдалануда. 2014
жылы қызылордалық дәрігерлер респу
бликада төртінші болып бүйрек ауысты
ру отасын жасады. Тәуелсіздік жылдарын
да денсаулық сақтау саласы бойынша об
лыста – 109, оның ішінде соңғы 4 жыл
да 47 нысан бой көтерді. Негізінен олар
– аудандық, ауылдық емханалар мен амбу
латориялар.
Ал Қазалыда іргетасы қаланып жатқан
аудандық аурухана құрылысы келесі жылы
толық аяқталып, игіліктеріңізге беріледі.
Баршасы бізге Тәуелсіздіктің берген тар
туы, –деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.
Келесі кезекте еңбек ардагері Тұрғанбай
Маханов, Қазалы аудандық ауруханасы хи
рургия бөлімшесінің меңгерушісі Көбек
Наршабаев ақ ниеттерін жеткізді.
Есет ТАБЫНБАЕВ.
Жаңа аурухананың
іргетасы қаланды
БАСПАСӨЗ – 2017
«Қазалы» газетіне
жазылуға асығыңыздар
Өздеріңіз әр санын әр дайым асыға күтіп отыратын «Қазалы»
газетіне 2017 жылға жазылу жалғасуда.
Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.
Бағасы жеке адамдар үшін 6 айға – 2000 теңге, 1 жылға –
4000 теңге (индекс 65032).
Мекеме, кәсіпорындар мен басқа да ұжымдар үшін 6 айға –
3000 теңге, 1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).
Біздің есепшотымыз:
«Сыр Медиа» ЖШС
СТН 331 000 011 645
БСН 100 740 005 115
ҚҚС бойынша тіркеу
есебіне қою 17.08.2012 жыл
сериясы 33001 №0003930
ИИК KZ349260701180488005
АО «Казкоммерцбанк»
БИК KZOKZKX
«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ.
ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛБАСЫ
«Еуразия барысында» Қазақстан құрамасы бас жүлдені иемденді
Алматыда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай
ұйымдастырылған халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде
Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы финалда Монғолия балуандарын 6:2
есебімен ойсырата ұтты. Жерлестеріміз алғашқы белдесулерінде
Польша командасын 7:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Гру
зия балуандарын 6:2 есебімен ұтып, финалға жолдама алған еді.
Міне, финалда ежелгі қарсыластары Монғолия балуандарын қапы
қалдырды. Осыған дейін үшінші орынды Грузия балуандары жеңіп
алғанын айтқан болатынбыз. Екінші орынға Монғолия балуандары
ие болды. Турнир жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орынға
6 миллион теңге табысталса, үшінші орын алған Грузия балуан
дарына 4 миллион теңге табыс етілді. Бұл бәсекеде 55 келіде – Ма
рат Нығыматұллаев, 60 келіде – Ержан Мағауинов, 66 келіде –
Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде – Aйдос Ғалымов, 82 келіде – Дәулет
Пахриддинов, 90 келіде – Айбол Айтбек, 100 келіде – Мұхит
Тұрсынов, + 100 келіде Айбек Нұғымаровтар ел намысын қорғады.
«ҚазАқпарат» жаңалықтарынан.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы біздің аудан үшін жемісті болды. Ұлы той қарсаңында
көптеген игі іс атқарылып жатыр. 30 қараша күні қайраткер құрылысшы Ержігіт
Бозғұловтың «Жеңіс» саябағында ескерткіш-бюсті ашылып, Әйтеке би кентіндегі
мектеп-лицейге аты берілді. Сондай-ақ сол күні аудандық аурухананың іргетасы
қаланды.
Соның бірі 1994 жылы Қазақстан қуаты жағынан
әлемде төртінші орынға ие ядролық арсенал
дан ерікті түрде бас тарту арқылы дүние жүзінде
адамзаттық тұрғыдағы үлкен үлгілі іс жаса
ды. Осы көреген саясаттың арқасында қазақ
халқының, расында да бейбітшілік сүйгіш халық
екендігі әлемге паш етілді. Сонымен бірге ТМД
елдерінің ішінде бірінші болып ұзақ мерзімді
стратегиялық жоспар әзірленіп, ел дамуының ба
сым бағыттары айқындалды. Соның нәтижесінде
қазір біз халқының әлауқаты жақсарған
мемлекеттердің қатарына қосылдық.
Тәуелсіздік
алғаннан
кейін
өмірімізге енген «Жол картасы»
мемлекеттік бағдарламасы аясын
да жұмыссыздық деңгейі төмендесе,
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы
жас мамандардың жұмыс табуына ықпал жа
салды. «Үдемелі индустриялықинновациялық
даму бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы
– 2020», «Жұмыспен қамту – 2020», «Балапан»
бағдарламалары да Елбасының идеялары.
«Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып ке
туге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық,
азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп,
қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды»,
– деген сөздерімен халқын рухтандырып, жігерін
жани білген Елбасы Н.Назарбаев өзінің сарабдал
саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен
тұрақтылықты теңдей ұстап келеді. Тәуелсіздік,
егемендік деген сөздермен бірге аталатын еліне
тірек болған Елбасы есімі әрбір қазақстандықтың
жүрегінде. Бұны бүгінгі кешке жиналған әрбір
жанның көзінен анық аңғаруға болады.
Шараның ең ерекше сәті аудан әкімі
Н.Шамұратов пен аудандық мәслихат хатшы
сы К.Назымбековтің ауданның экономикалық
әлеуметтік деңгейі бойынша өсіпөркендеуіне өз
үлесін қосып, еселі еңбек етіп жүрген азаматтарға
Қазалы ауданының құрметті азаматы атағы
куәлігі мен төсбелгісін табыстауы болды. Мере
кеде мерейі үстем болған жандардың қатарында
аудандық
мәслихат
депутаты,
«Қазалы
несие» ЖШС директоры Әлімбай Қасқырбай,
теміржол саласының ардагері Болат Әмірханов,
аудандық мәслихат депутаты, «ҚазалыЖолау
шы» ЖШС директоры Бекқали Бекбауыл
ов, Қызылорда облысы бойынша жылжымай
тын мүлік орталығының директоры Болатбек
Пұсырманов, облыстық мүгедектер қоғамының
төрағасы Досқана Қырымов, еңбек ардагерлері
Нәжмадин Мұсабаев, Бибайша Тілеубергенова,
Сақыбай Нармағамбетов, Нұрсұлтан Мұратбаев,
«Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы
Қуаныш Көланов, еңбек ардагері, Қазақстан Жа
зушылар және Журналистер одағының мүшесі,
мәдениет қайраткері Бегімбай Ұзақбаев, еңбек
ардагері, Батыр ана Асылзада Жетеулиева, ме
дицина ғылымдарының докторы, профессор
Сәдуақас Мұстафаев, облыстық мәслихат депута
ты, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мнажадин
Өтеев, медицина саласының ардагері Аманкелді
Қадырбаев бар.
Сонымен бірге, мереке қарсаңында түрлі са
лада абыройлы қызмет етіп жүрген мамандар об
лыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен мара
патталды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
№96 (884) Сенбі, 3 желтоқсан 2016 жыл.
Бір ел – бір кітап
ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛБАСЫ
30 қарашада ҚР Тұңғыш Прези
дент күні қарсаңында Р.Бағланова
атындағы мәдениет үйінде Қазақ
КСРнің еңбек сіңірген инженер
гидротехнигі, екі мәрте «Еңбек
Қызыл Ту» орденінің иегері, Қызыл
орда облысының құрметті азаматы
Ержігіт Бозғұловтың 85 жылдығына
арналған «Еңбегімен елге танылған
тұлға» тақырыбында салтанатты
жиын өтті.
Еске алу шарасын Қазалы ауда
нының әкімі Нажмадин Шамұратов
жүргізді. Басқосуда Қызылорда
облыстық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Сейілбек Шаухаманов,
қоғам қайраткері Қожахмет Бай
маханов, техника ғылымдарының
докторы,
профессор
Серікбай
Қошқаров, «ҚазГерМұнай» біріккен
кәсіпорын бас директорының орын
басары, Ержігіт Сексенбайұлының
қызметтес інісі Айтбай Көшер
байұлы және филология ғылымда
рының докторы, профессор Бағдат
Кәрібозұлы Бозғұловтың қажырлы
қызметін, халық үшін жасаған
еңбегін дәріптеді. Бұдан бөлек, арда
азаматты көзін көрген замандаста
ры мен ұлқыздары да сағынышпен
еске алды.
Айта кетейік, Ержігіт Бозғұлов
1931 жылы 2 ақпанда Қазалы ау
данына
қарасты
Ғ.Мұратбаев
атындағы кеңшарда дүниеге кел
ген. Алғашқы еңбек жолын 1954
59 жылдары аралығында Қазалы
аудандық
«Машинаэксковатор
стан циясында» бригадир, шебер,
про раб, өндіріс бөлімінің бастығы,
19591961 жылдары Қызылорда
обко мының
ауылшаруашылық
бөлі мінде нұсқаушы болып істейді.
Ол Қызылқұм, Қарақұм мал жай
ылымдарын суландыруға, Сыр
жағалауындағы күріштік алқап
тарын тегістеуге атсалысты. Есімі
Одақтық Су шаруашылығы және ме
лиорация министрлігінің «Құрмет
кітабына» жазылды.
Айсұлу НАСЫР.
Еңбегімен еленген Ержігіт
Қ.Пірімов ауылдық клубында кітапхана мен
клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел
деп соққан жүрегі, Елбасы елдің тірегі» атты сал
танатты шара өткізілді. Қазақстан Республикасы
Президенті күні мерекесіне арналған шара аясын
да «Халқы сенген қайраткер» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасымыз туралы
әдебиеттер қойылып, оқырман қауымға насихат
талды.
Басқосу шымылдығын ашқан ауылдың
жаңа әкімі Болатбек Баймаханов халықты ең
ұлық мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ел
басы бастаған еліміздің жетістіктерін ай
тып, дамудың даңғыл жолына түскен дар
хан жүректі жұртымызға бақытты болашақ
тіледі. Ауданымызда өткен Жалаңтөс баһадүр
бабамыздың 440 жылдық мерейтойына шолу жа
сап, сол шара аясында шығарылған естелік ме
дальдар мен марапаттарға ие болған ауылдас
ардагерлерді құттықтады. Ауылдық ардагерлер
кеңесінің төрағасы, дербес зейнеткер Бекділда
Нұршабаевтың кеудесіне мерейтойлық медалді
тағып, бабалар бағын тіледі. Ауылымыздың өсіп
өркендеуіне үлестерін қосып, жастық жігерлерін
кезінде «Екінші тың» атанған мал шаруашылығы
саласына арнаған ардагерлер Сәулет Ықыласов та
осы марапат медальға ие болса, Қани Күзенбаев,
Әйтен Жүсіпов бағалы сыйлықтарға ие бол
ды. Ісшара барысындағы ең бір ерекше көңіл
толқытарлық құттықтау жас ана, 6 баланың ана
сы, ауылдық емхананың акушермейіркеші Рая
Байтақоваға «Күміс алқа» тапсыру сәтіне ұласты.
Жас ананы құттықтаған ауыл әкімі, осындай
еңбек ете жүріп, бөбегінің бесігін қоса тербеткен
бақытты аналар көбейе берсін деп, отбасылық
бақыт тіледі.
Кеш ауылдық клуб сүйемелдеушісі Мира
Байтақ дайындаған ауыл өнерпаздарының
концерттік
бағдарламасымен
айшықталды.
Елбасыға деген ел құрметі осы бір кештен ерек
ше сезіліп тұрды.
Жұмагүл ПАРХОТ,
Қ.Пірімов ауылы.
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиа лының ұйытқы болуымен, С.Сейфулин
атындағы №165 орта мектепте «Жаса, жайна
Тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты мерекелік шара
өтті. Жиынды партияның аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек
Мәмбетжан ашып, қатысушыларды мерейлі ме
рекемен құттықтады.
– Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде
қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан,
қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік,
азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар
ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік
– ең бас ты құндылығымыз. Тәуелсіздік ең ал
дымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған
асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.
Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең
қадірлі күш. Бүгінде Қазақстан әлем назарында,
өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері,
халқы бай ел, – деді Қасқырбек Өмірзақұлы.
Мерекелік шара барысында мектеп оқу
шылары патриоттық әндер орындап, ұлт тық
билер биледі. Сондайақ оқушылар ақын
жазушылардың Тәуелсіздік туралы шығар
маларынан үзінділер оқыды.
Кешті №165 мектептің директоры Ләззат
Ізбасқан қорытындылап: «Тәуелсіздік – бұл
болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін көздің
қарашығындай сақтайтын және нығайтатын
біздің басты игілігіміз. Еліміз өзінің дамуының
25 жылы ішінде қол жеткізгеннің барлығы
Тәуелсіздіктің арқасында келді және біз оны
ешқашан ұмытпауға тиіспіз», – деп атап өтті.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиалының консультанты.
Жаса, жайна Тәуелсіз ел – Қазақстан!
Халқы сенген қайраткер
Биыл Тәуелсіздікке қол жет кізіп, бодандық
құрсауынан арыл ғанымызға 25 жыл. Бұл ай
тар ауызға оңай болғанымен ширек ғасыр. Жас
мемлекетіміз төрт аяғынан тік тұрғанынша өтпелі
кезеңде біраз қиындықты бастан өткіздік. Бірақ «көш
жүре түзеледі» демекші, Елбасы мыздың көреген
саясатының арқасында бәрі артта қалды.
Қазір Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің
қатарына қосылуға қадам жасауда. Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүше болды. Алла қаласа, келесі жылы
«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін өткізілгелі
жатырмыз. Көрмеге әлемнің әр түкпірінен қонақтар
қатысады деп күтілуде. Жасыратыны жоқ, қызыл им
перия жас ұрпақты дінге қарсы үгіттеп, бұрынғы өткен
атабабаларымыздың салтдәстүрлерін бойларыңнан
ман сұқ тауға тәрбие
леді. Өйткені, сол кездегі ком
мунистік идея солай болды. Мен ғұмырымның 42
жылын бала тәрбиелеуге арнаған адаммын. Соған
қарамастан діншіл болып өстім. Өйткені, әкем
жарықтық мешітте көп оқыған діндар жан еді. Мені
солай баулыды. Кеңес заманында бір күні қалаға
қарай жол тарттық. Автобус іші адамға толы. Ішінде
оқыған көзі ашық адамдар да бар. Ұзақ жолдың бо
йында автобус кездескен бейіттің тұсынан өте бер
генде мен ішімнен өлі әруаққа білгенімді айтып,
бетімді сипауым мұң екен, оқыған азаматтың біреуі:
«Әй, Әнуар, өзің мұғалімсің, әлі ескінің сарқыншағын
ұмытпаған екенсің ғой», – демесі бар ма. Мен де оған:
«Өліге тие берсін айтудың несі айып», – дедім. Әне
солай...
Шүкір, қазір тіліміз, дініміз қайта оралды.
Мәңгүрттіктен арыла бастадық. Қаланы былай
қойғанда, ауылдық жерлердің өзінде мешіттер көптеп
салынуда. Соның бір айғағын айта кетейін. Бұдан
бірнеше жыл бұрын қала көшесінде келе жатсам, ал
дымнан 78 жас шамасындағы басына тақия киген бір
ер бала: «Ата, сізге Алланың нұры жаусын», – деп
тұсымнан өте берді. Аңсыз келе жатқан мен артынан
қарай аңтарылып қалыппын. Ілешала: «Бұл тәрбие
көрген балаау сірә», – деп ойладым. Сол сияқты жас
тарымыз имандылыққа бет бұра бастады.
Бұрын Алматыдан ары аспаған балаларымыз
Елбасымыздың «Бо ла шақ» бағдарламасы бойын
ша шет елдерде білім алса, «Дипломмен ауылға»
бағытымен оқу бітірген жас мамандар ауылдық
жерлерде жұмыс істеуде. Алыс ты айтпайақ ұлт
көшбасшысы Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 ауру
хана» бағдарламасына орай ауданнан шалғай Тасарық
ауылында 100 балаға арналған екі қабатты зәулім
мектеп пайдаланылуға берілді. Ауыл тұрғындарына
жер асты Сарыбұлақ су құбыры тартылып, тұрғындар
таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар,
«Жол картасы» бойынша ұзақ жылдар бойы шешімі
табылмай келе жатқан жол мәселесі шешіліп, Бозкөл
Тасарық тас жолы салынды. Ауылдық жерлердің
көшелеріне түнгі жарық беріле бастады.
Осындай игі істердің барлығы да Тәуелсізді
гіміздің жарқын көрі ністері деуге болады. Ұлы ме
реке қарсаңында баспасөз беттерін парақтай қалсақ,
Тәуелсіздіктің 25 жылдық дүбірлі тойы жайлы
көпшіліктің ойпікірлерін қы зыға оқисың. Өйткені,
батыр бабалардың азаттық жолындағы ұлы ерліктері
жас ұрпаққа тарих. Сайып келгенде, азаттықтың ақ
таңы арайлап, көк аспанда көк байрағы желбірей
берсін дегім келеді.