Көңілді шарлар»
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Көңілді шарлар
Мақсаты: Балаларға жағымды көңіл-күй сыйлау,зейін,қабылдау,ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілетін дамыта отырып,қолдарының ұсақ моторикасын дамыту.Көңіл-күйлерін көтеру,бір-біріне достық қарым-қатынас орнату және қамқорлық жасауға тәрбиелеу,тапсырмаларды бірге орындату.
Көрнекілігі: Шарлар,тұзды қамыр,білте, краска.
Түрі: ойын-жаттығу
Барысы:
Психолог: Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен сіздерді бүгін көргеніме қуаныштымын.Сендердің көңіл-күйлерің қалай?
Шаттық шеңбері
Қане, балалар,шаттық шеңберін құрамыз.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа көңілді күн келіпті. Күн-ана өзінің мейірім шуағын,біздің бетімізге,саусақтарымызға,алақандарымызға төгіп тұр. Осы күн шуағын кімге берсем,сол өзінің атын атасын.
Ойын осылай жалғасу арқылы шеңбер бойында күн бейнеленеді.
Балалар енді көңілді күнді шығарып салайық.
Өзі жеңіл, бірақ мамық емес.
Пішіні дөңгелек, бірақ күн емес
Үрлейсің,бірақ қағаз емес
Жел болса ұшады, бірақ жапырақ емес
Бұл не болды екен?
(Шар).
Балалар көп шар болса қалай атаймыз?
Шарлар.
-Жарайсыңдар балалар
Балалар қараңдаршы
-Қандай әдемі шарлар!
Балалар түрлі-түсті шарларды көреді.
Бүгінгі ойын-жаттығуымыздың тақырыбы «Көңілді шарлар»
Әуен ойналады, сол кезде шар ұшып келеді. Ұстап алайық. Балалар бұл жай шар емес өзімен бірге тапсырма ала келіпті.
1.Тапсырма «Жіп бойындағы суреттер» саусақ жаттығулары арқылы баланың қабілетін дамыту. Алдаларында тұрған қағазға білтемен сурет салып,түрлі-түсті шарлар салу,бояу.
Сергіту сәті: «Салат саусақ» ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары төмен қозғаймыз)
Қантты сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсету)
Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсету)
«Шарды үрле» ойыны
Балалар саусақтарымызды ауызымызға апарып,
Аузымыздан дем шығарамыз.
Міне былай Уф – уф – уф .
Шар үлкен болды,
Қолды ұрғылаймыз,
Бух шар жарылды.
Ал енді достарымыздың көңілді шарларын тамашалайық
Балалар, сендер бүгін сондай ақылды, епті болғандарың үшін көңілді шарлар сендерге сыйлық жолдапты. Қараңдаршы бұл тәттілер ғой
Көңілді шарларға рақмет айтайық.
Балалар рахмет сендерге бүгінгі күн тамаша өтті. Бүгінгі тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Бүгінгі ойын-жаттығуымыз сіздерге ұнады ма. Көңіл-күйлерің әрқашан көтеріңкі болсын деген тілекпен бүгінгі ойын-жаттығуымызды аяқтаймыз.
Қорытынды. Әуен ойналады. «Ине мен жіп» ойыны
Психолог: Мен инемін сендер жіпсіңдер, балалар бір – бірінің белінен ұстап тізбектеліп шығып кетеді.