6 ДӘрістік жұмыс топырақтың химиялық затттармен ластануы және оларды болдырмау



бет1/8
Дата02.05.2023
өлшемі122,5 Kb.
#88726
  1   2   3   4   5   6   7   8

6 ДӘРІСТІК ЖҰМЫС


Топырақтың химиялық затттармен ластануы және оларды болдырмау


Топырақтың химиялық заттарына сипа


Топырақтың химиялық затттармен ластануы топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан болады. 1м³ топырақта 6кг-ға жуық түрлі химиялық заттарды сіңіреді екен. Міне, осындай қарқынды ластанған топырақтың табиғи түрде тазалауының өзі мүмкін емес. Қорғасын, сынап, кадмий, хлор, органикалық заттар, песицидтер мен басқа да адам өміріне қауіпті заттардың көбісі өсімдітерден және жануарлар шаруашылығында түрлі арам шөптер мен жәндіктерге қарсы гербицидтер мен пестицидтердің шамадан тыс қолдануылынан топырақ химиялық заттармен ластанады.
Дүние жүзінде ауыл шаруашылығында қолданылатын агрохимиялық заттардың 1/3-ге жуық мөлшері топырақтан жуылып өзендерге, көлдерге, теңіздерге түседі. Бұл заттардың құрамындағы фосфор қосылыстары көк жасыл балдырлардың гүлдеуіне және органикалық заттардың жиналуына себепші болады. Мұның өзі сол жердің батпаққа айналуына апарып соғады. Сонымен қатар суға түскен улы химиялық заттар теңіз жануарларына да әсерін тигізеді. Мұның өзі теңіздегі бағалы балықтардың жойылуына апарып соғады.
Ауыл шаруашылығында үлы химиялық заттардың шамадан тыс қолдану адам денсаулығына зиянды заттардың топырақта жиналуына себепші болады. Ірі өнеркәсіптердің айналасындағы топырақта адам денсаулығын зиянды қорғасын, сынап, фтор, марганец және т.б заттардың өте көп мөлшерде кездесетіні анықталған. Топырақ түрлі зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын ДДТ-мен (дихлордифенилтрихлорэтан) ластанған. Бұл зат судың, желдің әсеріне төзімді, сондықтан топырақта ондаған жылдар бойы сақталады. Кейінгі кезде бұл химиялық затты қолдануға тыйым салынған.
Хлорорганикалық пестицидтер жоғары температура әсеріне өте төзімді, суда мүлде ерімейді. Сондықтан азық-түлік құрамындағы пестицидтерді жою өте қиын, тіпті кейде мүмкін емес. Қазіргі кезде қолданып жүрген пестицидтердің ең қауіптілеріне севин, цирам, ТМТД (тетраметилтиурамдисульфид) жатады. Оларға жоғары температураға өте төзімді. ТМТД-мен және цираммен ластанған азық-түліктерді тағамға пайдалануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет