Көк дәптерін: «Мына бір өлеңдерді менің ауылдасым Қасен Қожасов көзі тірісінде қағаз бетіне түсіріп жүреді екен. Өзі дүниеден өтсе де, «сөзі ескерусіз қалмасын»



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі232,46 Kb.
#9312

Қарсақбайлық, оқырманымыз Тоңболат Мұқанұлы 

атты азамат жақында редакцияға келді. Қолындағы 

көк дәптерін: «Мына бір өлеңдерді менің ауылдасым 

Қасен Қожасов көзі тірісінде қағаз бетіне түсіріп 

жүреді екен. Өзі дүниеден өтсе де, «сөзі ескерусіз 

қалмасын» деп сіздерге әкеліп отырмын.  Қажетке 

жарарын жарияларсыздар, ел оқысын» деген 

өтінішпен ұсынды. 

Тоңболат Мұқанұлы әкелген дәптердің иесі Қасен 

Қожасовтың есімі бізге мүлде бейтаныс емес екен. 

Баласы Сағат Қасенұлы Қожасов «Қазақмыс» 

корпорациясының медицнналық орталығында хирург 

болып істейді, еңбегіне ел сүйсінген біліктідәрігер. 

«Газеттеріңізде Сағат Қожасов туралы жазылған мақаланы оқыған соң ой түсті, 

іркілмей осында келдім. Баласы Сағат осындай абзал дәрігер болса, әкесі Қасен 

әзіл-қалжыңға шебер, әжуа-мысқыл жазуға бейім, сын-сықақ айтуға жүйрік, 

ауыл-аймаққа танылған адам еді» дейді Тоңболат Мұқанұлы. 

Көк дәптердегі сықақ, мысал оқырман көкейіне  қонар деген оймен 

жариялауды жөн көрдік. 

Я, адам адам болған соң, 

Онда бас болады,  қас болады. 

Сақал, мұрт, шаш болады, 

Құлақ, көз, мұрын болады 

Сәнді етіп, өрілген бұрым болады. 

Ал осы мүшеге  қарағанда 

Бәрі дұрыс орнында тұрған сияқты, 

Бірақ кейбір мүшені 

Егесі  қолдан бұрған сияқты. 

Мысалы шаш желкеден кесіледі де 

Боялып мүштекке түседі, 

Қас байғүс  қылтық  қалмай 

Іскекке түседі, 

Маңдайдағы тері байғүс 

Зәбірден өлердей  қызарады, 

Оның есесіне  қас орнындағы бояу 

Қолдан  ұзарады. 

Кірпік те бояуға малынады, 

Көзге де көк бояу жағылады. 

Рас, кейде  қолдан жасалған көрік 

Ажарыңды ашып тұрады, 

Бірақ кейбір ойлы көздер 

Алдамшы ажардан  қашық тұрады. 

Өйткені туа біткен көркіңді 

Алдамшы бояу басып тұрады. 

Бір  құрдасым ертеде түскен ескі шашын 

Тап төбесіне үйіп  қояды. 

Көпене шаш  құламау үшін 

Мықты жез орамалмен түйіп  қояды. 

Жатарында өлгісін 

Көрікті жерге іліп  қояды. 

«Шашымды шашпаңдар» деп 

Балаларын да тыйып  қояды. 

Өн бойын сырлап, 

Қисық жерін  қырлап, 

Кедір-бұдырын 

Оқтаудай шырлап, 

Керексіз  қадірлі 

Қолындағы тырнақ, 

Не мән бар осында 

Ойласақ шындап? 

Құрдасымның бұл ісін 

Білмей-ақ  қойдым неліктен, 

Ісіне бірақ тынымды 

Дер-ақ едім еріккен, 

Боямаса бет-аузын 

Айрыла ма серіктен? 

Ойлаңдаршы, достарым, 

Бояу артық бола ма 

Туа біткен көріктен? 

Құрдасым бірақ әдетін 

Мен айтты деп  қоя ма? 

Жел сөз үшін өткінші 

Бояуы күшін жоя ма? 

Сөз ермеу үшін артыңа 

Қызмет етсең халқыңа, 

Ісіңді бірақ бояма. 

Директорға арызым өтпей, 

Ыза болып ісіме. 

Ойдан  қажып  ұйықтап кетсем, 

Көршім кіріпті түсіме. 

— О, ақ көңіл пақыр, — деді, 

Сенде жоқ  қой ақыл, — деді. 

Жағымпаздық жандайшаптықтан, 

Қалыпсың ғой тақыр, — деді. 

Қажет затыңды алғың келсе, 

Директор жігітті 

Қонаққа шақыр, — деді, 

Өзіңнен кіші көрмейсің бе Бәкірді. 

Анада директорды  қонаққа шақырды, 

Үй ала алмай зарлап жүр еді. 

Үй алған жоқ па шатырлы, 

Осы күні сол Бәкір 

Директордың сенімді серігіндей, 

Гараждың көк  қасқа машинасы 

Жекеменшік көлігіндей, 

Даладағы аң, судағы балық 

Керегінде келеді алып. 

Тегін тапқан олжасына 

Ол да  қарық, бұл да  қарық. 

Ал, сен, көзіңді шұқып айтпаса, 

Ештеңені көрмейсің. 

Директорынды үйге шақырып, 

Қонағасы да бермейсің. 

Алса болды панасына, 

Көгентүп бер баласына 

Бір жабағыдан өлмейсің. 

Осы күні сен «бір кілем» деп жүрсің, 

Директорға күнде барып, 

сүмеңдеп жүрсің. 

Директорды  қонаққа шақырмай, 

Көңілді отырыспен таңды атырмай 

Кілем саған берілмейді. 

«Жағдайынды көрем» деуден, 

«Содан кейін берем» деуден, 

Директорың да ерінбейді. 

Ояна келсем, бірде-бір, 

Қасымда тұрған адам жоқ, 

Әрине,  қалауын таппай, 

Қалаған затым маған жоқ. 

Шойбек мекемеде бастық еді. 

Жағымпаздар Шойбекке, 

Астына көрпе, 

Басына жастық еді. 

«Шөкеміз» деп, «көкеміз» деп, 

«Бағың тайса жолыңызға 

Басты  құрбан етеміз» деп, 

«Сіз дозаққа түсер болсаңыз. 

Біз де бірге кетеміз» деп, 

Шойбектің сеніміне 

Жағымпаздар кіріп алды, 

Шөкең де кімнің  қас, 

Кімнің дос екенін біліп алды, 

Бірде жағымпаз Жантақтың баласы 

Жандайшап Айтақтың баласы, 

Акуланың дәу  қарасы 

Түнде жортып тағылардай, 

Бұрыннан өш, кегі бардай. 

Әділбайдың Әлиясын, 

Алып  қашты күшпен зорлап, 

Азаматтық арын  қорлап. 

Әділетсіз  қиянаттың 

Енді немен орны толмақ? 

Қызды алуға талаптанған 

Жантақтың Көдесі екен, 

Қасындағы достары — 

біреуі  құрдасының баласы, 

Біреуі Көденің бөлесі екен. 

Зорлыққа  қыз  қапаланды, 

Ақ жүзіне жасы тамып. 

«Өзім сүйіп келдім де» деп. 

Зорлықшылар ортаға алды. 

«Келін келді деп көршімізге» 

Үйге толды жұрт жиналып. 

Кеудесінде жан тұрғанда 

Қорғайтұғын заң тұрғанда, 

Қиянатқа көнсін неғып. 

«Мен сендерді білмеймін» деп, 

«Зорлықшылды сүймеймін» деп, 

Шықты Әлия топты жарып. 

Қыз әкесі Әділбай да 

Естіп, білді болған жайға, 

Жан еркесі, ақ ботасы 

Түскеннен соң талапайға, 

Қорлық өтіп, ашу  қысты 

Заңға берді болған істі. 

«Шектен шыққан бұлар кім?» деп, 

Естігендер таңданысты. 

Бұны біліп Жантақ састы. 

Іс заңға өтіп  қаны  қашты. 

Енді өршітпей жабу үшін 

Достарымен ақылдасты. 

Тоқ етері  ұзын сөздің. 

Бұған Шойбек араласты, 

Әділбайды айналдырып. 

«Пенде етпейік» деді жасты, 

Дәу бастықтың майда сөзі 

Балқытқандай  қара тасты. 

Зорлықшылға рақым тілеп 

Бастық Шойбек иді басты. 

Әділбай да теріс кетпей 

Көнді амалсыз татуласты. 

Шойбек ақтап Жантақ ісін 

Жағымпаздық пайдаға асты. 

Кім пар келер беделге? 

Беделсіз бос елірме. 

Жалынса Жантақ Әділбай, 

Өлері бар, көнер ме. 

Жортып жүріп  қараңғы түнде, 

Көремін деген ойда жоқ мүлде. 

Кез келіп  қалды  қандалаға, 

Жем іздеп жүріп кішкене бүрге. 

Болғаныменен түрлері бөлек, 

Істейтұғын кәсібі бірге. 

Демдерін алып, жөн сұрасып, 

Келді азырақ сөйлесіп тілге. 

Айтты бүрге әуелі жөнін: 

— Жағдайым жақсы, білсеңіз, менің. 

Ешкімге сезік тудырмайды, 

Әр жерден ептеп алатын жемім. 

Өз басымның пайдасы үшін, 

Ұйқыны бөлсем бәрі де тегін. 

Секіріп  ұшып байқап жүрем, 

Бір ғана емес баратын жерім. 

Қарным ашып  қалтақтамай, 

Әркімге бір жалтақтамай. 

Шалқып тасып шат жүргенім, 

Арам пайда түнгі еңбегім. 

Сіз де айтыңыз кәсібіңізді, 

Түн жамылып жүрген, ерім. 

— Жағдайымды айтсам саған, 

Қарным тоқ, басым аман. 

Барған жерден  құр  қайтпаймын, 

Болғаныммен туа шабан. 

Көзге түспей жүргеннен соң, 

Күмән етпес ешкім маған. 

Ақырын жүріп аңдап бассам, 

Қарным тояр тамақ табам. 

Кейде маған жем болады, 

Берекесіз, суайт, сараң. 

Мол нәрседен ептеп алсам, 

Ескерілмес салған жарам. 

Баруымды жиілетпей, 

Сергектерге сирек соғам. 

Дер кезінде тайып тұрсам, 

Таптырмайтын орын табам. 

Салғырт, салақ, жалқауларды, 

Көбінесе  қатты шағам. 

Көп сырластық бүрге батыр, 

Таң да атып келе жатыр. 

Сау болып тұр көргенше аман. 

Түн ішінде сыр айтысып, 

Кетті екеуі екі басқа. 

Бар шығар-ау епті  қулар 

Адамда да өзір асқа. 

Бір жігіт күнде мас, 

Былғаныш, үсті лас. 

Кірлі бет, түкті жақ, 

Шашы өскен дудар бас. 

Мойнына жүк болып, 

Мас басы бұлғаңдап 

Аяқтан әл кеткен, 

Бишідей ырғаңдап. 

Сүрініп  құласа, 

Тұра алмас тырбаңдап. 

Тіл тұрар ерінін, 

Жаланып жылмаңдап. 

Қасында достары, 

Қолпаштап  қылмаңдап. 

Көздері кіртиіп, 

Беттері быртиып, 

Дүкеннің маңында, 

Жүреді жыртиып. 

Айлығын алғанда 

Тоя ішер сылқиып. 

Бір айлық табысын, 

Бір күнде ішіп-жеп 

Шығады сымпиып. 

Тұтығып мас аузы 

Сөйлеуге келмейді. 

Уланған тіліне 

Маза да бермейді. 

«Арақпен сынасып, 

Ешкім де жеңбейді. 

Бұныңды  қой!» — десең, 

Айтқанға көнбейді. 

Ақылсыз маскүнем 

Біразға келсе де, 

Балалары «папалап». , 

Соңынан ерсе де, 

Үйінің жағдайын 

Көзімен көрсе де, 

Табысын өзі ішкен, 

Пиянқор, иждивен, 

Ұяттан өлмейді. 

Совхозда бір завферма Тоқпай еді, 

Пайдасына дүзі өткір шоттай еді. 

Меншікті Москвичі сау тұрғанда, 

Арманы дүнияда жоқтай еді. 

Гаражға бастық Бақберген, 

Ежелгі досы ед көзкөрген. 

Екеуінің есебі, 

Шығушы еді бір жерден. 

Бірде Тоқпайдың Москвичі бұзылды, 

Жөндеуін білмей үміті үзілді. 

Бақбергенге ақауын айтып, 

Бұзылған бөлшектің тізімі тізілді. 

Радиаторынан су ағатын болды, 

Карбюраторы бензинді көп жағатын болды. 

Рессорлары да сынатын болды, 

Моторы от алмай тұратын болды. 

Аккумуляторға тоқ бармайтын болды, 

Тормозы бұзылып алдайтын болды. 

Бес-алты рет тесілді майдың бағы, 

Көптен бері жанбайды барлық шамы. 

Камерлердің сауы жоқ  қырық  құрау, 

Покрышка да жұқарып типылданды. 

—  Қысқасы Москвичті жөндеу керек, 

Дос едің  қолы  ұзын, туа зерек. 

Дұрыстап машинамды жөндеп берсең, 

Алар ем артығымен пұлын төлеп. 

Шөбіңді, соғымынды берер едім, 

Сыйласаң, дос еді деп сөзімді елеп. 

Орталық сіз алғанға ортаймайды, 

Досыңды  қысылғанда жүрсең демеп. 

Аяқсыз  қалмай дос сөзі, 

Ілтипатқа алынды. 

Тоқпайға керек запчасты, 

Бақбергеннен табылды. 

Бұзылған бөлшек орнына, 

Жақа бөлшек салынды. 

Семіз соғым, шүйгін шөп, 

Актіменен жабылды. 

Осындай  қулар әр жерде, 

Мемлекеттің затымен, 

Қампитып жүр-ау  қарынды. 

Мысты өңір. - 2004.- 16 сәуір (№16). - 9 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет