«Көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық еттің жиырылуы»



Дата03.12.2023
өлшемі18,83 Kb.
#133011

«Көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық еттің жиырылуы»
Дәріс жоспары:
1. Бұлшық ет тіні, құрылымы және қызметтері туралы түсінік.
2. Көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттердің физиологиялық сипаттамасы, ерекшеліктері.
3. Бұлшық еттің жиырылу және босаңсу механизмі.
4. Бұлшық еттің жиырылу түрлері мен режимдері туралы түсінік. 5. Бұлшық еттің жұмысы, күші, қажуы.
Мақсаты: Бұлшық ет тіндерінің физиологиялық қасиеттерін меңгеру; көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттердің физиологиялық ерекшеліктері; бұлшық еттің жиырылу механизмін түсіну.
Бұлшықет тінінің түрлері:
1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
3. Бірыңғай салалы бұлшықет. Қаңқа бұлшықетінің қызметтері: - адам дене қалпын сақтауға қатысады; - дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді; - дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді; - жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері
Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;
2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі;
3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;
4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі; 5. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.
Қозуды өткізу жылдамдығы: - көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек; - көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек; - бірыңғай салалы еттері – 0,5мм - 5-10см/сек.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері

  1. Еттің жиырылуы белгілі бір жағдайға байланысты: - изометриялық режим; - изотониялық режим.

  2. Тұрас организмде, олар: - изометриялық жиырылу (ұзындығы өзгермейді); - концентрлік жиырылу (ет қысқарады); - эксцентрлік (немесе ауксотониялық режим) жиырылу (ұзындығы және кернеуі өзгереді).

  3. Сандық жағынан, олар: - бұлшық еттің дара жиырылуы; - жинақы бұлшықет жиырылуы: а) шала жинақталу; б) толық жинақталу. - тетанус (немесе сіреспе): а) тісті тетанус; б) тегіс (жайпақ) тетанус.

Еттің жеке жиырылуы (ЕЖЖ) ЕЖЖ – жеке импульс әсері нәтижесінде пайда болады. 1. Латенттік (жасырын) кезеңі – 0,01 сек; 2. Жиырылу кезеңі – 0,05 сек; 3. Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек.
Тетанус – бұл жиі - жиі тітіркендіргішке бұлшық еттің ұзақ және күштірек жиырылып жауап беруі.

  1. Тісті тетанус төменгі жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (10 – 20 Гц).

  2. Тегіс тетанус жоғары жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (↑ 20 Гц).

Бұлшықеттің жиырылу механизмі Тітіркендіру→ Әрекет потенциалының пайда болуы→ Оның жасуша мембранасы мен талшықтардың көлденең түтікшелері бойымен өтуі→ Саркоплазма ретикулум цистерналарынан Са2+ иондарының босап шығуы және олардың миофибриллдерге енуі→ Са2+ ионының тропонинмен байланысы→ Тропомиозиннің деформациясы→ Көлденең көпіршелердің белсенді актин орталықтарымен байланысы→ Актин жіпшелерінің жылжыуы, яғни миофибриллдер қысқарады→ Кальций насосының белсенуі→ Саркоплазмадағы бос Са2+ иондарының концентрациясының төмендеуі→ Көлденең көпіршелердің босауы→ Миофибриллдердің босаңсуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет