Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс университеті
«IT-инжиниринг» кафедрасы
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша
№5 зертханалық жұмыс
Орындаған: Оңаев Марлен
Тобы: СИБк 22-4
Қабылдаған: Саметова А.
_______ ___________ «____»_____________2023ж
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2023
Зертханалық жұмыс № 5.
ТІЗІМДЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
Жұмыстың мақсаты: Бағдарламалауда тізімдерді пайдалану программа құрастыруда жеңілдіктерге келтіретін болғандықтан және маңыздылығына байланысты олардың негізгі ерекшеліктерін игеру.
Тізім дегеніміз белгілі тәртіппен орналасқан элементтердің жиыны ретінде қарастырылады. Тізімге кез келген ақпаратты орналастыруға және ондағы элементтер бір бірімен байланыста болмаған жағдайда да қолдануға болады.
Қарапайым мысал ретінде жемістер тізімі қарастырылсын:
zhemister =[‘alma’,‘banan’,’zhuzim’,’almurt’, ‘mandarin’]
print(zhemister)
Тізімнің элементтерінің кез келгенін қарастыру үшін оның номерін (индексін) көрсету керек. Ескеретін жағдай - тізімдегі бірінші элементтің индексі ноль деп саналады. Келесі мысалда жүзім сөзін экранға шығару операциялары көрсетілген:
zhemister =[‘alma’,‘banan’,’zhuzim’,’almurt’, ‘mandarin’]
print(zhemister [2])
Осы амалдарды орындау үшін title() деген әдісті де пайдалануға болады. Бұл әдісті пайдаланғанда шығарылатын элементтің бірінші таңбасы (әріп) бас әріп болады. Ол фрагмент келесі түрде жазылады:
zhemister =[‘alma’,‘banan’,’zhuzim’,’almurt’, ‘mandarin’]
print(zhemister [2].title())
Енді тізімнің элементтер құрамын өзгерту үшін қолданылатын амалдар қарастырылсын.
Тізім элементін өзгерту:
a = [1,2,3]
a[2] = 4
print(a)
Тізім элементтерін индекстердің қажетті интервалын көрсету арқылы шығару:
a = [5,10,15,20,25,30,35,40]
print("a[0:3] =", a[0:3])
print("a[5:] =", a[5:])
Тізімнен элемент іздеу
t = ['spam',2, 5.4]
print(5.4 in t)
Тізіммен орындалатын операциялар:
t = [43,54,65,3,4,-28]
print(max(t))
print(min(t))
print(sum(t))
print(sum([1,2,3,4]))
print(sorted(t))
print(t)
print(sorted(t,reverse=True))
Тізімнің соңына жаңа элемент қосу үшін келесі фрагмент қолданылады:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
apta.append (‘senbi’)
print(apta)
Тізімге жаңа элементті кез келген орынға енгізу үшін insert() әдісін қолдануға болады. Мұнда элементтің индексі мен мәні көрсетілуі тиіс. Мысал ретінде келесі фрагмент қарастырылсын:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
apta.insert(0,’jeksenbi’)
print(apta)
Индексі белгілі элементті тізімнен шығарып тастау үшін del командасын пайдалануға болады:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
del apta[4]
print(apta)
Тізімдегі белгілі бір элементті мәні бойынша тізімнен шығару үшін remove() әдісін пайдалануға болады:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
apta.remove(’seisenbi’)
print(apta)
Тізімдерге математтикалық амалдар қолдану:
a = [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7]
b = []
for i in a:
b.append(i**2)
print(a)
print(b)
Тізімдегі жұп сандарды шығару
a = [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7]
b = []
for i in a:
if i%2 == 0:
b.append(i)
print(a)
print(b)
Достарыңызбен бөлісу: |