Компьютерлік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігiнен шығармашылықпен жұмыс iстей бiлу қабілетін және қызмет барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
Компьютерлік оқыту технологиясы Компьютерлік оқыту технологиясы - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігiнен шығармашылықпен жұмыс iстей бiлу қабілетін және қызмет барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Компьютердің білім беру үдерісінде кеңінен қолданыла бастауына байланысты «Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы», «ақпараттық технология» деген терминдер пайда болды.
Жалпы сабақ барысында компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктерін қарастыру үшін, алдымен оның негізгі міндеттерін анықтап алған жөн. Ол үшін: 1. Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары ұғымын айқындау қажет; 2. Ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану және оны енгізу ұстанымдарын нақтылау қажет; 3. Сабақта ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау қажет. Ақпараттық технология мәселесін зерттеп жүрген В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, В.В.Папов, В.Гузеев сияқты көптеген ғалымдардың тұжырымдарын талдай келе, Н.В.Апатов ақпараттық технологияның төмендегі түрлерін көрсетеді: 1. Компьютерлік оқыту жүйелері (оқыту машиналары, бағдарламалы оқыту) 2. Оқыту құралдары (ЛОГО, гипермәтін, мультимедиа, микромир) 3. Инструменталді жүйелер (мәліметтер базасы, бағдарламалау, авторлық жүйелер, топтық оқыту құралдары) Көріп отырғанымыздай, жаңа ақпараттық технологиялар – техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлер. Компьютерлік технология оқытушылардың оқыту әдістері мен оқу үдерісін ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқу үдерісін үнемі жаңартып отыруға, оқытушылар мен үйренушілерге өзіндік және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. Компьютерлік технология ХХ ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңінде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым жүйелерінен және арнайы пәндерден тұрады. Шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға беруді іске асырады. Компьютерлік оқыту технологиясы – жаңа ақпараттар мен мәліметтер кешенін компьютер арқылы дайындап, үйренушіге жеткізу. Компьютерлік технологияның қолданылуы
Компьютерлік технологияның бағыттары Компьютерлік технология бағыттарын көрсете келе, компьютерлік технологияны былайша топтастырады. 1. Көркем компьютерлік технология. 2. Инженерлік-компьютерлік технология. 3. Иллюстративті-компьютерлік технология. 4. Іс-құжаттық компьютерлік технология. 5. Когнитивті-компьютерлік технология.