Компютерлік модельді лабороториялық ЖҰмыстар



бет1/3
Дата02.05.2023
өлшемі304,14 Kb.
#89187
  1   2   3

Физика курсы бойынша


КОМПЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДІ


ЛАБОРОТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

(жалпы курс)




барлық мамандық және барлық оқу түрі бойынша
оқитын студенттерге арналған

ЛАБОРАТОРиялық жұмыс орындауға әдістемелік нұсқау
Бұл нұсқауда Украинаның «Физикон» фирмасы дайындаған компьютерлік моделдеуге негізделген лабораториялық жұмыстардың сипаттамасы берілген. Әуелі компьютер тышқаны көрсеткішін монитордағы (ары қарай экран деп айтамыз) компьютерлік модельдер жинағының таңбасына алып барып сол жақ батырманы екі рет шерту қажет. Осы кезде мониторда мынадай көрініс пайда болады.

Бұл нұсқаулықта физикада ресурстық платформа болатын Physics Aviary сайтына сипаттама беретін боламыз.Сайт жайында қысқаша ақпарат:


Физика мұғалімдері мен оқушылары Нью-Джерсидегі Дельси аймақтық орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Фрэнк Маккалли жасаған тегін Physics Aviary ресурсын пайдаланса болады. 2013 жылы іске қосылған Physics Aviary зертханалық жұмыстарды, модельдеу құралдарын, ойындарды және үй тапсырмаларын қоса алғанда, кросс-платформалық оқу құралдарының кең ауқымын ұсынады.

Ең алдымен кез-келген веб-браузерге https://thephysicsaviary.com/index.html сілтемесін енгіземіз. Осы кезде сайттың бастапқа бетіне тап боламыз.





Сайттың жоғары бағанымен танысайық:





Home – Бастапқы беті


Labs – Осы сайттағы барлық лабороториялық жұмыстар тізіміне алып баратын батырма.
Tools – Осы сайттағы барлық құралдар тізіміне алып баратын батырма.
Games – Осы сайттағы барлық физикаға байланысты қызықты ойындар тізіміне алып баратын батырма.
HW (home work) – Осы сайттағы барлық үй жұмысына беріге арналған тапсырмалар тізіміне алып баратын батырма.
AP 1 – «AP Physics 1» курсында пайдаланатын материалдар тізіміне алы баратын батырма.
AP 2 – «AP Physics 1» курсында пайдаланатын материалдар тізіміне алы баратын батырма.
1st Year – Сайт құрастырушысының физика пәнінде қолданатын сабақ жоспары бойынша материалдар берілген тізімге алып баратын батырма.
Chemistry – Химия пәні бойынша бастапқы білім үшін керекті тақырыптар бойынша берілген материалдар тізіміне алып баратын батырма.
Math – Математика пәні бойынша бастапқы білім үшін керекті тақырыптар бойынша берілген материалдар тізіміне алып баратын батырма.
New – Сайтқа жаңадан қосылған материалдар тізімін алып баратын батырма.
AOTD (App of the day) – Күнделікті жасауға ұсынылатын лабороториялық жұмыстар тізіміне алып баратын батырма.
Search – Сайт бойынша материалдарды іздеу бетіне алып баратын батырма.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет