Комуникациялық кедергі туралы түсінік



Дата09.05.2023
өлшемі18,2 Kb.
#91360

Комуникациялық кедергі туралы түсінік
Коммуникациялык, кедергілердің түрлері.
Коммуникация барысында ортақтасуға қатысушылардың мақсаты тек ақпарат алысу емес, сол ақпараггы қатынас серігінің мүмкіндігінше дұрыс қабылдап түсінгені. Коммуникатордан реципиентке түсетін мәлімдемелерді жору тұлғааралық коммуникацияның жеқе мәселесі ретінде қарастырылады.
Мәлімдеменің құрылысы мен мазмұны коммуникатордың жеке тұлғалық қасиеттеріне, оның реципиентке қалай қарайтынына, ортақтасу өтіп жатқан жағдайларға тәуелді болады.
Коммуникатор жіберген мәлімдемелер тұрлаусыз болады: олар реципиенттің жеке психологиялык өзгешеліктеріне, оның сөйлеушіге, сөз мағынасына, ортақтасу жағдайына деген қатынасына орай өзгереді. Мысалы, бастығынан не ұлынан бірдей сөз естіген адам екі түрлі сезімде болады. Бастығының сөзін ілтипатпен тыңдайды. Ұлының дәл сондай сөзін ашумен қабылдайды. Мұғалімнің сөзін бір шәкірті насихат ретінде қабылдаса, екіншісі құлаққа ілмейді де. Бір телебағдарламаны әркім өз саяси көзқарасына, мәдени дәстүрлеріне, рухани құндылықтарына қарай әр түрлі бағалайды.
Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні не өзгереді, не жоғалады, не мүлдем ақпарат жетпейді.
Ақпаратгы дұрыс қабылдау неге байланысты, тәуелді? Негізгі. себеп – ортақтасу процесінде коммуникациялық кедергілердіц болуы не болмауы. Коммуникациялық кедергі – қатынас серіктері арасында дұрыс ақпарат беру жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні не өзгереді, не жоғалады, не мүлдем реципиентке жетпейді.
Коммуникациялық кедергілердің түрлері: түсініспеушілік кедергісі, әлеуметтік-мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас кедергілері.
Түсініспеушілік кедергілері: фонетикалық, семантикалық, стильдік, логикалық.
Фонетикалық кедергі адамдар әр түрлі тілде, диалектте, не сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің тілі реңкі жоқ, тез, жаңылтпаш, қажетсіз өздерге толы болған кезде де, түсініспеушілік кедергісі туындайды. Мысалы, орыс тілді білмейтін адам Ресейде бірінің тілін бірі ұқпайтын жолаушылар түсініспеушілік кедергісіне тап болады. Мысалы, оңтүстік қазақтары “сым” дегенде шалбарды елестетсе, солтүстік қазақтары электр тогы өткізгішін елестетеді. “Тамаша” артистері осы психологиялық кедергілерді жиі пайдалаиады.
Бұндай кедергілерді жою жолы — тілдің сапасын, жылдамдыгын ретке келтіру, шешендік өнерді игеру.
Семантикалық кедергілер жаргон не слэнг мәселесімен тығыз байланысты. Ортақтасуға қатысушылардың өзіндік шағын мәдениеттерінде ұғымдар мен құбылыстардың ерекше мән-мағынасы болады. «сұлулық», «борыш», «тәртіптілік» құндылықтар. Мысалы, әміршіл бастық бағынушының үндемей көнгенін қаласа, демократияшыл жетекші қол астының сөз еркіндігін қолдайды. Шашы ұзын жігіттер хиппи арасында сұлу болып саналса, қазақ ауылында оларды күлкіге айиалдырады. Ортақтасу барысы нәтижелі болуы үшін өзгелердің семантикалық жүйесін түсінуге тырысу қажет. Әсіресе, бұл педагогтар, дәрігерлер, басқарушылар мен жарнама мамандарына аса керекті қабілет. Олар адамдардың “өз тілінде” сөйлесе, семантикалық тосқауылдарда, бірін бірі түсініспеушілікке жол бермейді.
Тұлғааралық коммуникацияны нәтижесіз, тиімсіз ететін кедергінің келесісі — стильдік тосқауыл. Стильдік кедергі — коммуникатор мен реципиенттің тілдік стильдері бір-біріне не тілдің стилі ортақтасу жағдайына, реципиенттің көңіл-күйіне сәйкес келмеуі. Мысалы, балаларға, аспиранттарға лекция оқығанда бірдей тақырып болса да, екі түрлі тіл стилі қажет болады. Қайғырып, не қуанып тұрған адамға бір ақпаратты әр түрлі мәнерде айтуға тура келеді. Коммуникатор неғүрлым сезімтал болса, реципиенттің ахуалын, ортақтасу жағдайын ұқынты назарға алса, соғұрлым оның мәлімдемесі реципиентке дұрыс дәрежеде жетеді. ‘
Логикалық кедергілер – сөйлеуші мен тыңдаушының қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әртүрлі болғанда пайда болады. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп. Мысалы, балалар логикасы, әйелдер мен ерлер логикасы, басша мен бағыныштылар логикасы. Кейде коммуникатордың дәлелдері реципиент үшін қиын да күрделі болса, кейде түсініксіз болады. Өз сөзін тындаушыға жеткізу үшін сөйлеуші дәл сол жағдайға сәйкес дәлелдерді пайдаланса, мақсатына жетеді.
Әлеуметтік-мэдени айырмалар ксдергілері әлеуметтік, саяси, діни көзқарастарға, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады. Мысалы, тыңдаушы жасы мен әлеуметтік статусы жоғары адамның сөзін ешқандай кедергісіз қабылдаса, беделі төмен кісінің сөзін елемеуі мүмкін.“Мына әйел не деп былшылдап тұр?” – әйелдің сөзі рас болса да оларды құрметтемейтін адамның, “Әкесі тұрып бала сойлесе…” — жастардың ақыл-ойын менсінбейтін кісілердің пікірі емес пе?
Қатынас кедергісі – коммуникаторды жақтырмайтындықтан оның мәлімдемесін де қарсы қабылдау, сенімсіздік сезімін туғызатын коммуникатордың сөзіне күдікпен қарау.
Кез-келген психологиялық кедергі ақпарат қабылдау жолында құрылатын реципиенттің өзін-өзі қорғауы.
Коммуникациядагы ықпалдау
Коммуникативтік кедергілердің себебі неде? Неге адамдар өзгенің ақпаратынан алшақтайды? Реципиентке арналған кез-келген ақпарат мазмұнының астарында оның тәртібіне, ахуалына, сезімдеріне, пікірлеріне, талап-тілектеріне толық не жартылай өзгерту мақсатында ықпал етілсді. Бұл жағынан алғанда, коммуникациялық кедергі дегеніміз – ақпарат алмасу кезіндегі өзгенің психикалық ықпалынан психологиялық қорғану түрі.
Коммуникациялық ықпалдау шартгары мен түрлерін талдасақ, оның екі типін анықтаймыз. Коммуникатордың реципиентке жасаған әсерінің мақсаты мен құралдарына орай әміршіл және диалогтық коммуникация типтеріне бөлінеді.
Екі типтің айырмашылығы коммуникатордың ұстанымына, мәтіннің сипатына, коммуникациялық кеңістікке, кеңістіктің ұйымдастырылуына, бейсөздік тәртіпке орай анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет