«№ 2 жалпы орта білім беру мектебі» ММ.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Баланың отбасындағы еңбек тәрбиесі.
Сынып: 5 «Ә»
Сынып жетекші:Қайырбай Ж.М.
Дайындаған:ҚТӘ-21тобының
студенті Қабыкен А.А.
Тексерілді:_________ /___/___2020ж
Павлодар қаласы
Тақырыбы: «Баланың отбасындағы еңбек тәрбиесі»
Мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
Оқушыларға”Отбасындағы еңбек тәрбиесі” ұғымы туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру
Жүйелі сөйлеуге үйрету, өмірге қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты:
Сыйластыққа , мейірімділікке, татулыққа,қамқорлыққа үйрету, еңбектің қай түрі болмасын жаман емес екенін ұғындыру және жынысына бөлмеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер, стикер.
“Отбасы ” және «Еңбек»тақырыбындағы сурет,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: - Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын.
Тақтаға назар аударайық.Суретте нені байқап тұрсыңдар. Бұл суреттердің бүгінгі тәрбие сағатына қатысы қандай деп ойлайсыңдар? (Суреттерді қарау)
Дұрыс айтасыңдар,бүгінгі біздің тақырыбыз «Баланың отбасындағы еңбек тәрбиесі» деп аталады.Ал енді тәрбие сағатымызды
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл. деген Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» деген өлеңінің үзіндісімен бастағым келіп отыр.
Қазақ халқының дәстүрлі тәлім - тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата - анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.
Топқа бөлу
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Отбасы» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта мақал - мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады. Топтарға тапсырмалар беріледі. (мақал-мәтел арқылы топқа бөлу)
Топтық жұмыс.Постер қорғау.
1-топ Еңбек адамға не үшін қажет?
2-топ Еңбекқор адам деп қандай адамды айтамыз?
1- топ «Еңбек адамға не береді» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты
етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір
сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріледі.
Кестені стикерлермен толтыру.
Әкемнің еңбегі
|
Анамның еңбегі
|
Менің еңбегім
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды: Қорытындылай келе,тәрбие сағатымызды «ОТБАСЫ — тәрбиенің ең тамаша мектебі» деген нақыл сөзбен аяқтағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |