Концептуалды жобалау. Логикалық жобалау. Физикалық жобалау. Реляциялық Деректер базасы моделi объектiнiң барлық ерекшелiктерiн сипаттай алмайды. Ал, концептуальдық модельдер объектiнi толығырақ сипаттайды.
Концептуальды деректер моделi екiге бөлiнедi:
Объектiге бейiмделген модель (объектно-ориентированная модель)-бұл деректердi жазба түрiнде емес объектi тұрiнде суреттейтiн модель.
Семантикалық модель-бұл қатынастың мағынасын және категориясын сипаттайтын модель.
Концептуальды деректер моделiнiң негiзгi элементтерi: объект және қатынас.
Объектi дегенiмiз-тұтынушы қолданатын модельденетiн зат. Объектiге мысал ретiнде адамдарды, үйдi, заводтарды, машиналарды және т.б. алуға болады. Бұлардың барлығы нақты объектiге жатады.
Концептуальды объектiлерге компаниялар, мекемелер, құрылыстардың жобалары, жұмыс операциялары жатады.
Мыс: Бiртектес заттарды сипаттау үшiн “объектiлiк жиын“ терминiнi қолданамыз. Ал, оның 1 элементiн объектiлiк элемент деп атаймыз. Объектiлiк жиынның аты үлкен әрiппен жазылады. (жекеше түрде). Кiшi әрiптермен оның элементтерi жазылады.
Объектiлiк жиын дегенiмiз бiртектес элементтер жиыны.
Ал объектiнiң элементi дегенiмiз жиынның арнайы бiр элементi.
Екi объектiлiк жиынның элементiнiң байланысын қатынас деп атаймыз.
ДБ жобалау нәтижесіндегі жүйені құру барысы, ақпарат жинақтау, талдау процесі, қолданылу кезеңі жүйенің өмір сүру циклі деп аталады. Ол процесс талап-тілекті анықтау, жүйені жобалау, тексеру, жүйе жұмысын бағалау және қолдау жасап отыру қадамдарынан тұрады.
ДБ-ның өмір сүру циклі 6 кезеңнен тұрады:
Алдын-ала жоспарлау;
Жүзеге асырылу мүмкіндігін тексеру;
Талаптарды анықтау;
Концептуалды жобалау;
Жүзеге асыру;
Жұмысты бағалау және оған қолдау жасау.
Алдын-ала жоспарлау–ДБ-ның стратегиялық жоспарын құру процесі. Мұнда пәндік облысқа сәйкес жобаланатын ДБ-ң қандай мақсатта құрылатыны, оған қандай және қанша қолданбалы программалар пайдаланылатыны, қосымшалар мен файлдар саны мен байланысы, қандай ДББЖ-сін қолдану тиімділігі анықталады.
Жүзеге асырылу мүмкіндігін тексеру кезеңінде қандай технологияларды пайдаланған тиімді, мәселені шешу мүмкіндіктері қандай, ол технологиямен жұмыс жүргізетін мамандар бар ма, ДБ-н құрудың шығыны қанша, түсетін пайда көлемі шығынды жаба ала ма сияқты сұрақтарға жауап ізделінеді.
Талаптарды анықтау кезеңі ДБ мақсатын анықтау, оның пайдаланушыларының міндеттері мен талап-тілектерін айқындау, техникалық және программалық қамсыздандыру мәселелерін шешеді.
Жүзеге асыру кезеңінде жобаланған ДБ-н таңдалған ДББЖ-не енгізу, ДБ-н құру, қолданбалы программаларды дайындау, және пайдаланушыларды ДБ-мен жұмыс жасауға үйрету жұмыстары орындалады.
Бағалау – пайдаланушылар арасында ДБ туралы пікір жинау, бұл жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді анықтау және келешекте жетілдіру барысында аталмыш қателерді жібермеу мақсатында жүргізіледі.
Жүйені қолдау – оны жетілдіру үшін қажетті программалар, қосымшалар, мәліметтер элементтерін кірістіру жұмыстарын қамтиды.
Деректер базасын жабалауда алдымен негiзгi екi проблема шешiлуi керек:
1) Деректер базасының моделiн қандай тәсiлмен өрнектегенде оның (сипаттамасына) қайшылық келмейдi, тiптi ең қолайлы болатындай жолды қалай табу керек. Бұл проблеманы Деректер базасын жобалаудың логикалық проблемасы деп атайды.
2) Деректер базасына қойылған сұраныстың тиiмдi орындалуын қандай жолмен қамтамасыз етуге болатын, яғни арнайы Деректер базасын басқару жүйелерi ерекшеленгiн ескере отырып, сыртқы жадыға деректердi қалай орналастыруға болатынын табу керек болып табылады. Бұл проблеманы Деректер базасын жобалаудың физикалық проблемасы деп аталады.