Конкурс қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Конкурсқа Абай облысы бойынша мектептердің, лицейлердің 11 сынып оқушылары шақырылады



бет1/4
Дата14.03.2023
өлшемі108,42 Kb.
#74161
түріКонкурс
  1   2   3   4
Байланысты:
\'\'Болашақ өлкетанушы-2023\'\' конкурсының ережесі











«БОЛАШАҚ ӨЛКЕТАНУШЫ»
ОБЛЫСТЫҚ ғылыми-зерттеу жұмыстар КОНКУРСЫның
ЕРЕЖЕсі

Конкурстың бас жүлдесі – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлы-экономикалық факультетінің «Тарих» мамандығының гранты!




1. Конкурсты ұйымдастырушы – Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК.
2. Ғылыми жұмыстардың тақырыптық бағыттары:

  1. Абай облысының археологиясы;

  2. Абай облысының тарихи географиясы және топонимикасы;

  3. Туған өлкенің киелі орындары;

  4. Семей өңірінің ежелгі ескерткіштері;

  5. Семей қаласы мен Семей өңірінің тарихи және сәулет ескерткіштері;

  6. Семей қаласы өнеркәсібінің даму тарихы;

  7. Көрнекті жерлестер;

  8. Алаш қозғалысы;

  9. Семей өңірінің тарихы мен мәдениетіне қатысты өзге тақырыптар.

3. Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі:
3.1. Конкурс қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Конкурсқа Абай облысы бойынша мектептердің, лицейлердің 11 сынып оқушылары шақырылады.
3.2. Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылдың 1 сәуірге дейін төменде көрсетілген мекен-жайға өтінім жіберу қажет.
3.3. Тіркелген қатысушылар 2023 жылдың 15 сәуірге дейін ғылыми жұмыстар мен электронды презентация ұсынуы керек.
3.4. Өтінімде қатысушының тегін, атын, баяндама тақырыбын, ғылыми жетекшісінің ТАӘ, оқу орнының атауын, байланыс телефондарын, электрондық поштасын көрсету қажет.
3.5. Ғылыми жұмысты рәсімдеу кезінде келесі талаптарды ұстануыңызды сұраймыз: көлемі А4 форматындағы баспа мәтіннің (қосымшасыз) 5 парағынан кем емес, 25 беттен аспау қажет, 14 кегль, Times New Roman гарнитурасы. Схемалар, кестелер, суреттер, диаграммалар (болған жағдайда) тақырыптарды қамтуы керек. Мәтіннің соңында қысқартылған сөздер тізімі, содан кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. Жұмысты рәсімдеудің толық ережелері №2 қосымшада көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет