«ZIAT»
Астана
«ZIAT» ҒӘО
Астана цаласы
III Республикалық «Жас ғалым» атты
ғылыми жұмыстар сайысының жинағы
Сборник статей
III Республиканского конкурса
научных работ «Жас галым»
А С ТА Н А 2016
1
Абаева Б., Абильбекова Б.Т. Ұлттық тәрбиедегі тыйым сөздердің мағыналық
сипаты
5
2
Алмас А., Токтамысова С.К., Жубанова Ф.Е. Ценурозды түрлі хирургиялық
жолмен емдеу тәсілдеріне салыстырмалы бага беру
7
3 v /
Акылбекова А.К., Акдаулетова Ж.А. Қазақ тіліндегі үнемдеу қубылысының
кірме сөздердегі сипаты
12
4
Алдан А., Шақаман Ы.Б. Қазақ тіліндегі денсаулық мэнді соматикалық
қолданыс
16
5
Амангелді Д.Н., Алдаб» ргенова А.Б. “Coca-Cola” -н ы ң адам ағзасына әсері.
Тарихи анықтама
19
6
Аруханов Т.К., Калешева Г.Е. Усовершенствование клапанного узла детали
станка -качалки
21
7
Аяпберген
А.,
Демиденко
Р.Н.
Проблема
взаимообусловленности
компьютерной зависимости и агрессивности подростка
26
8
Базилова Г.Е., Аманжулова Ж.А. Жоғары оку орнында оқыту тэсілдерінің
жетілдірілген заманауи түрлері
30
9
Баймуратова Д.Т., Сабыр М.Б. Х.Есенжановтың «Ақ жайық» трилогиясының
этномәдени жүйесі
33
1*0
Бейсембаева Д., Табнева Б.А. Мұхтар Әуезов жэне балалар әлемі
35
11
Бейсембаева Д., Табиева Б.А. Абай афоризмдерінің тағылымы
36
12
Бейсембаева Д., Табиева Б.А. Жасөспірімдер қылмысы - өзекті мэселе
37
13
Бөкенбай Е.М., Хамбетова А.Қ. Орал қаласы көше атауларының тарихи-
этномэдени сипаты
38
14
Быкова А.А., Куделк.ко Т. С. Вклад Казахстана в Победу Великой
Отечественной войны
40
15
Вареник Е. С., Харитонович Т.И. Нумерология в нашей жизни
46
16
Губашева А.Х., Назаров Қ. Қ. Жасөспірім шактагы балалар психологиясына
ақпараттық технологияның кері әсері
48
17
Ерланқызы Қ., Орсаева Р.А. Адам үрлау кылмыстық қүқық
бұзушылығымен күрес мәселелері
50
18
Ермоленко М.В., Николаев А.А. Моделирование процесса синтеза диаграммы
направленности антенны на основе экспериментальных данных
52
19
Ескалиева М .К., Бегайдарова К.Д. Батые Қазақстан облысы Ақжайық ауданы
жер ресурстарының мониторингі
57
20
Ж антасова
Д.,
Акдаулетова
Ж.А.
М.Жумабаев
поэзиясындағы
автометафоралар
59
21
Ибраев М.К., Исенова Р.И. Законы степи
63
22
Идеятолла А.А., Алипбекова А.Б. «Жігер» жаясы
67
23
Йдоят Т.З., Панжеева М.Д. Қыз еркем, қылыгымен көркем
70
24
Исаева А.Б., Толеуова Р.Н. Батые Қазақстан облысы, теректі ауданындагы
Шалқар көлінің емдік қаеиетін бағалау және шалқар сауықтыру кешенін салу
76
25
Карашашев А.Т., Карабаева А.З. «Как улучшить продуктивность мозга».
78
26
Лысогор О.В., Грудинина Т. А. Школьная метеостанция «за окном»
79
27
Мадимарова К.М., Кульбаева Д.Т. «Болашақтың 10 мамандыгы»
83
28
Муратбек О., Имашева А., Ахметова С.Р Исследование воды в селе
Красноармейка
86
29
Муратова Ә., Аубакирова Р.Т. Қалба жотасындағы қыналардың түр
ерекшеліктерін анықтау, зерттеу, танып білу, оларды іс-жүзінде қолдану
90
30
Найдёнова А.М., Дамирова Л.В. О чём говорят глаза
92
бойынша емдеу ұзақтығы 24,3±0,11 күн құрады қалған екеуі емделмеді, сондықтан
амалсыздан етке сойылды.
Осылайша ценуроз кезінде қойдың бас аумағында кандай болмасын хирургиялық
операция жүргізген кезде топикалық диагностикалау нэтижелеріне тікелей сүйенеді.
Топикалық балау нәтижелерһ нақтылауға қажетті қосымша мәліметтер ретінде бас сүйегінің
сыртын пальпациялау жэне перкуссиялау жүргізіледі, сонымен қатар ауружануардың
қозгалуы мен кеңістікте өзін езі үстауына да назар аударады.
Қорыта келе ценурозбен ауыратын жануарларды П.П. Герцен бойынша оперативтік
тәсілмен біздін тәжірибемізде емдеген кезде ауру қойлар 100%-ы жазылады, В.Р. Тарасов
бойынша оперативтік жолмен емдеген кезде 75%-ы
жэне Сидоров бойынша емделген
жануар топтарының 50%-ы жазылып шыққанын атап кету керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Жанузаков, Н.Ж. Насущные проблемы борьбы с паразитарными болезнями
животных / Н.Ж. Ж анузаков // Паразитарные болезни с.-х. животных и меры борьбы с ними.
-‘Алма-Ата.: Кайнар, 1979.- С.58-64.
2. Баев, С.Н. Задачи ветеринарной гельминтологии в Казахстане в свете учения академика К.
И. Скрябина/ С.Н. Баев, Г.И. Диков // Паразитарные болезни с.-х. животных и меры борьбы с
ними. - Алма-Ата.: Кайнар, 1979. - С.47-52.
3. Абугалиев, P.M. Повысить эффективность работы лечебно-санитарных пунктов/ P.M.
Абугалиев, М.Г. Х усаинов//? ггеринария.- 1973. - № 10. - С.9-14.
4. Герцен, П.П.
Классификация травматизма с.-х. животных/П.П.Герцен // Особенности
терапии и профилактики болезней животных в пром. ком плексах.- Кишинев., 1978.
5. Герцен, П.П. Объем и содержание хирургической работы в условиях района / П.П
Герцен//Материалы межвузовской
конференции
по вопросам ветеринарной хирургии.-
Л.: 1967. - С.22-24.
6. Оперативная хирургия в ветеринарной медицине/П.П.Герцен [и д р .].- Полтава.: НПФ,
Компьютерные технологии Лтд, 1998.- 392с.
Қазақ тіліндегі үнемдеу қүбылысының кірме сөздердегі сипаты
автор: А.К.Акылбекова
жетекші: Акдаулетова Жанар Аиіимовна
А. Баітүрсынов атьшдагы Қостанай мемлекеттікуниверсатеті, Қостанай қаласы
Үнемдеу қүбылысы - тілдің дамуында шешуші қызмет атқаратын лингвистикалық
зандардың бірі. Үнемдеу жалпы тіл білімінде, түркітануда, қазақ тіл білімінде сөз болганда
қүбылыс, үрдіс, үдеріс, заңдылық аясында ғана қарастырылып келді. Бірақ соңғы кездегі
зерттеулердің нәтижесі үнемдеуді заң деп танып, үнемдеудің ықпалынан болатын тілдегі
барлық зандылықтар мен құбылыстарды соның аясында қарастырудың қажеттілігін көрсетіп
отыр. Үнемдеу қүбылысының тіл білімінің енді дамып келе жатқан морфонология саласымен
тығыз байланыстылығын айта кеткен жөн. Жалпы және қазақ тіл біліміндегі үнемдеу заңы
мен
ықшамдауларға
байланысты
зерттеулерді
саралағанда,
морфонологиялық
қүбылыстардың зерттелуі бірыңғай сипатты орындалғанын байқауга болады. Үнемдеу
заңының ғылыми-теориялық негіздеріне сүйенгендіктен, үнемдеу заңы туралы галымдар
зерттеулерін тілдің салаларына байланысты жүйелеуді негізге алу.
Бұл жұмыста үнемдеу қүбылысының ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып,
аталған қүбылыстың тіл деңгейлеріндегі көрінісі жан-жақты сипатталады.
Тілдік жүйеде үнемдеудің тілге, оның әр бірлігіне ықпал етуі, тілдік зандылық ретінде
тілдік жүйеден орын алуы қалыптасқан. Үнемдеуді адам сөйлеу барысында да қолданады, ал
тіл өз кезегінде адамның осы әрекетін өзініц ішкі заңдылықтары арқылы жүзеге асырады.
Үнемдеудің тілдегі көрінісі жалпы тіршіліктегі үнемдеудің заңды жалғасы бола отырып,
тілдің өзінің ішкі зандарымен біртұтастанған, даралана отырып өз алдына жеке заң
дәрежесіне жеткен. Үнемдеу заңы жэне оның тіл деңгейлеріндегі сипаты, теориялық негізі
бірқатар тілші-зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылды.
Үнемдеу құбылысының тілдік сипаты ықшамдалу амалымен анықталады. Түбір
құрамының дыбыстық, морфонологиялық ықшамдалуы, байырғы түркі жэне кірме
түбірлердегі ықшамдаулар теориялық, табиғаты күрделі қүбылыстардың ашылуына жол
ашады. Сөздің морфологи,, лық құрамының ықшамдалуы дауысты және дауыссыз
дыбыстардың сөздің барлық шенінде (сөз басында, ортасында жэне соңында) түсірілуі,
буындардың түсірілуі негізінде жүзеге асады. Сөз құрамьшдагы мүндай өзгерістер үнемдеу
құбылысынан туындайтын түрлі тілдік қүбылыстардың қыр-сырын ашуға мүмкіндік береді.
Қазақ тілі өзінің даму тарихында түрлі кезендерді басынан кешіріп, тілдегі
графиканың бірнеше рет ауысқандығы баршаға белгілі. Қогам дамуындағы өзгерістерге
орай, Еуропа тілдерінен енген халықаралық сөздерді қолдану үрдісі белең алды. Алайда
бүгінгі тілдік ортада ұлттық тіліміздің қайнар бүлагына қайта оралу байқалады. Осы тэрізді
қоғамдағы түрлі себептермен сөздікқорымызга араб, парсы, монгол, қытай, орыс т.б.
тілдерінен енген кірме сөздердің әбден сіңіскені соншалықты -оларды ң басым көбі қазіргі
кезде қазақтың төл сөздеріне айналған. Мысалы:
дос, бақыт
деген сөздердің араб тілінен
енгендігі сала мамандарына ғана мәлім. Ал қалың жұртшылық мүндай сөздерді өз тілінің төл
сөзі ретінде қабылдйды. Ал орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздерді тануға мүмкіндік
бар. Мысалы,
телеком, компьютер, парта, балкон, код
деген сөздердін кірме сөз екені
айтқан сәттен бастап үғынықты болады.
Қай кезеңде де аймақтық жағынан қатар отырған, қарым-қатынаста, байланыста
болған елдердің бір-бірімен ;өз алмасулары жиі орын алады. ҮІІІ-ХІІ ғасырларда түркі
(қазақ) тілдеріне араб-парсы :ірме сөздері еніп, діннің келуімен мықтап орнықты. ХІІ-ХІҮ
ғасырлардагы моңғол шапқыншылығына байланысты ата тілімізге моңгол тілінен сөздер ене
бастады. Салты мен өмір сүру жағдайы, шаруашылықтарынын ұқсастығы бүл сөздерді де
жатсынбай қабылдауға негіз болды. Ал орыс халқымен тізе қосып, бірігуі әсерінен осы тіл
арқылы бүгінге дейін қазақ тілінің сөздік құрамы толығып келеді. Бүдан эр кезеқдердегі
саяси оқиғалардың тілге тигізген әсері мол болды деген қорытынды шығаруға болады.
Қазақ тілінін сөздік құрамын толықтырып, байытып отырған кірме сөздердің ішінде
ең көрнекті орын алатыны араб жэне парсы сөздері болып табылады. Тілімізге енген араб,
парсы сөздерін екі топқа бөліп қарастырған жөн:
а) қазақ тіліне ертеден еніп, әбден сіңісіп, өзінің фонетикалық түлғасын езгертіп
жіберген сөздер; бұлар қазақтың байыргы төл сөзіндей қабылданады, ондай сездердің кірме
түбір екендігі үмытылып та кеткен деуімізге болады;
б) қазақ тіліне онша сіңісе қоймаған, бірақ қазақ оқырмандарына ескі кітап,
дастандардан, қиссалардан жақсы таныс араб-парсы сөздері.
Әр тілдің өзіне тэн ішкі зандылықтары бар екені мәлім. Белгілі бір тілдегі дыбыстың
фонемалық қасиеті екінші б'р тілде өзгеше түрде болып келуі ықтимал. Мәселен, қазақ
тілінің тек өзіне ғана тэн фоғитикалық заңдылықтары бар. Демек, қазақ тіліне ауысқан араб
жэне парсы сөздері қалайда қазақ тілінің осы заңдылықтарына бағынып, соның әсерімен
өзінің алгашқы фонетикалық бейнесін өзгертіп жібереді.
Араб, парсы жэне қазақ тілдерінің тілдік құрамы әр түрлі болып келеді. Парсы,
әсіресе, араб тіліндегі дауыссыз дыбыстардың бэрінің бірдей эквиваленті қазақ тілінен
табыла бермейді. Сондықтан араб яки парсы сөздерін қазақтар сол күйінде айнытпай, дэл
айтпағаны түсінікті. Қазақ араб-парсы сөздерін қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімдеп
қана айтуы мүмкін. Сондықтан араб жэне парсы сөздерін айту барысында қазақ тілінде жоқ
дыбыстарды айтпай, дыбыстық үнемдеуге үшырайды да кейде адам танымастай өзгеріп
қолданылады, кейде қазақ тіліндегі сол дыбысқа жақындау дыбысталатын дыбыстардың
6 jp iH
қолдануға мәжбүр болады. Ал бірде аталған кірме создердің кейбір қиындық туғызган
дыбыстары шамалы артикуляциялық өзгеріспен айтылады.
Қазақ тілінде көмей һ дыбысымен сәйкес келетін араб тіліндегі
[һ],[һаи һэввәз]
дыбысының өзгерісі сөздің басында, сөз ортасында, тіпті сөз соңында да кездеседі. Тіпті, кей
жағдайларда бұл дыбыстардың өзге дыбыстарға ауысу жайы да кездеседі. Қазақ тіліндегі
араб-парсы кірме сөздерді зерттеген тілші Л.З.Рүстемов [һ] дыбысын қазақ тілінің
фонетикалық жүйесіне тэн фонема емес деп түсіндіреді. Себебі бұл фонемамен келетін
сөздер қазақ сөздері тек одағайларда ғана кездеседі. Мысалы:
ah, уһ, еһе, аһа
т.б. Фонеманы
айтуда фонациялык ауа сүзіліп шығатын болғандықтан, ызың (фрикатив) фонемалардың
тобына жатады.
Л.З.Рүстемовтің пікірінше, «[һ] дыбысы араб жэне парсы тілдерінің лексикологиялық
элементтерімен бірге қазақ тіліне ауысқан дыбыс деуге толық негіз бар. Бүл дыбыстьщ тура
өзіне сай келетін эквиваленті қазактілінде жоқ деуге болады» [1. 82]. Ал Б.Сагындықұлының
көмей һ фонемасы жайлы пікірі мүлде бөлек: «Алайда бүл аллофондардың архетипі
жөніндегі біздің пікіріміз баскаша. Тілдің өзі қандай көне болса, һ дауыссызы да соншалық
көне. Бүл дыбыстың одағайлардың қүрамында сақталуы - осы пікірдің толық дәлелі.
Одагайлар ең алғаш пайда болган сөздердің қатарына жатады. Екіншіден, а дауыстысының
айтылуында қандай еркіндік болса, ежелгі һ дауыссызының айтылуында да сондай еркіндік
болған. Бұл да соның байырғылыгын көрсететін қасиет» [2, 46]. Араб-парсы тілдерінен енген
кірме сөздердің құрамындагы һ фонемасы сөз ішінде кездесу ыңғайына қарай (сөз басында,
сөз ортасында немесе сөз соңында) қазақ тілінде эртүрлі өзгерістерге үшырап отырады.
Тіліміздегі кірме сөздердің араб-парсы тілінен енген элементтерін қамтитын тілдік
бірліктердің ықшамдалып, өз заңдылықтарына сәйкес икемделеді. Осының нэтижесінде
араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер ғана емес, өзге орыс, моңғол тілдерінен ауысқан
сөздер де тіліміздің ішкі заңдылықтарына сүйенеді.
Қазақ-орыс байланыстары аймактық жағынан қатар отырган екі елдің тілдік қарым-
қатынастарының да болғандь ын көрсетеді. Қазақ тіліне орыс тілінен енген кірме сөздердің
Қазан төңкерісіне дейін енг ;ндері ұлттық тіліміздің емле заңдылықтарына сай өзгеріп
жазылган. Ал кирилл эліпбиіне көшкен сон орыс тілінен енген сөздер сол жазылған күйінде
оқылып, өзгеріс азая түскен.
Ә.Болғанбаев
пен
Ғ.Қалиевтің
«Қазіргі
қазақ
тілінің
лексикологиясы
мен
фразеологиясы» атты еңбегіндегі жеке-жеке кірме сөздерге берілген сипаттамада тек Қазан
төңкерісіне дейін енген сөздердің өзгеріске ие болғанын, ал одан кейінгі ауысқан сөздердің
орыс тілінде қалай жазылса, біздің тілімізге де дэл сол қалпында енгенін кореміз. Бұған
«Қазан революциясынан кейін енген сөздер» деген тараушалар куә. Сонымен қатар кейін
енген орыс тілінің элементтері аударылып берілу жағдайлары кездеседі [3, 148].
Фонетист галым С.Мырзабековтің кірме сөздерді өз тіліміздің зандарына лайыктап
енгізу керек деген пікірінің жаны бар. Университетті үнбөрсөт, институтты үнстүт деп айту
қажеттігін айтады [4]. Кірме сөздердің қазақ тілінің сингармонизм заңына сәйкес жазылу
керектігін айтқан.
Сөз соңындагы дауыссыз дыбыстардың ықшамдалып келу құбылысы сирек кездесетін
құбылыс. Кірме сөздерде кобірек кездеседі.
Кірме сөздердегі
досі - дос, раст -рас, тахт - тақ, бахт - бақ, уақыт - уақ,
салгырт
-=
салгыр, бақыт - бі қ т.б.
Реңк -р е ң , жидек - жиде, кіиіік - кіиіі т.б.
¥лық - үлы, бүганақ - бүгана т.б.
Жазгытүрым - жазгытүры т.б.
Сарыг
-
сары. Сары
сөзінің көне тіліміздегі көрінісі -
сарыг.
Өзге түркі тілдерінде дэл
осы тұлғасында қолданылады. Ал қазақ тілінде сөз соңында ғ дыбысы келмейді. Сол себепті
олар түсіп қалады немесе өзге дыбыстармен алмасады: мысалы,
саг - сау, туг - туу т.б.
Сөз басында кездескен һ дыбысы түсіп қалғандықтан, ықшамдау құбылысын
танытатын сөздердің мысалы ретінде мына сөздерді санамалауга болады:
һә.м -ә м , һәзл-әзіл,
һәзім-әзім, һәлак-әлек, өлім, һәибәт (араб) - айбат, һәфтә (парсы) - апта, һәва(парсы) -
/71
)
Г
Е
____________________________________________________________________________
Парсы тілінен енген сөздерге де бірнеше мысал келтіруге болады:
һәм
—
эм, сондаіі-
ақ, тагы да, һәман - әмен, үдайы, һәме
-
әмбе, һәмише
-
әмісе, әрқашанда, һәфту ііәк -
эптиек (жеке кітатиа бопып басылган Қүранның жетіден бірі), һэр
-
эр, әр түрлі, әркім.
Кейбір араб-парсы сөздерінде еміс-еміс қана естілетін «һ» дыбысы қазақ тілінде
біршама ұяңданып айтылады. Бірнеше мысал келтірейік:
джеһәт - жаһат, джәһәннәм -
жаһаннам, джеһаз - жиһаз.
Парсы сөздері:
джеһан
-
жиһан т б.
Арабтың ха дыбысы - қатаң, ызың дыбыс. Бұл дыбысты айтқанда жұтқыншақ арқылы
үзілмелі болып естіледі. Бұл дауыссыз, ызың фонема сыбырлап қана айтылады. Жасалу орны
жағынан х дауыссыз д ы б ы с і
г гэіш
дауысты дыбысына толық сәйкес келеді, х дыбысы
қазақтың төл сөзінде мүлдем сездеспейді. Бүл дыбыс тек араб сөздерінде ғана болады. Егер
араб тілінде сөз ха-и хуттидев басталса, онда сөз қазақ тіліне ауысқан сәтте бүл дыбыс түсіп
қалады да, сөз төмендегідей дыбыстардан басталады:
1) «а» -
хафез-абыз, хәлал-адал, хиле-айла, хәйван-айуан, хәқк-ақ, әділ, хәқицәт-
ақиқат, хәлва-алуа, харам- арам.
2) «э» -
хәдд-әдді, хаджәт-әжет, хазер-әзір, хакем-әкім, хал-әл, хәрәкэт-әрекет,
хэрф-эріп, әріптес.
3) «ү» -
хокм-үкім, хокумәт-үкімет.
Негізінен х дыбысы сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында кездесетін сөздер араб-
парсы немесе орыс тілінен енген сөздер болып есептеледі. Себебі қазақ тілінде бүл дыбыс
кездесетін сөздер сөздік қорда жоқ.
Кірме сөздердің құрамындагы дж аффрикаты тіл алды аффрикаты болып саналады.
Бұл дыбыс дербес фонема түрінде қазақ әдеби тілінде кездеспейді. Мүны айту үшін қазақша
«д» және
«ж» дыбыстарын
қосып, дауысты үзілмелі
етпей айту керек. Тиісті
лексикологиялық элементтерімен бірге қазақ тіліне ауысқан соң арабша қатаң айтылатын
«джим» дыбысы қазақша ұяң айтылатын болды:
джәза - жаза, джәзире - жазира,
джэма'эт
-
жамагат, джәні. <е - жаназа, джәфа - жапа, джәраһәт - жарацат, джоузә
—
жауза
дыбысына айналып ке-іеді.
Вәба - оба, вәбал - обал, вақе 'а - оқига, вәфа - опа, вәфат болу - опта болу, вәтан -
отан
секілді араб тілінен енген сөздер ықшамдалып, үнемдеу процесін өткізген.
Сөз ортасында кездескен һ дыбысы түсіп, ықшамдалып, өзге дыбыстарга алмасып
қолданылады.
Парсы сөздері:
деһқан-диқан, мәһр-мейір, меһман-меііман т. б.
Қазақ тіліне ауысқанда араб-парсы сөздерінің ортасында кездесетін һ дыбысы түсіп
қалады:
қәһр-кәр, зәһр-зәр, ашу-ыза, шәһр-иіәр, пәһлеван-балуан, баһадур-батыр.
Сонымен қатар,
чәһар тарап - ишртарап, чәһар аи'не - шарайна, чәһар-ііәк - ширек
т.б.
Сөз ортасында кездескен «гәйн» дыбысының ықшамдалуы:
маглүмат - мәлімет,
тагылым - тәлім, маглүм -м әлім , магзүм - мәзім, тагзым - тәжім, гп.б.
Сөз соңында кездескен һ дыбысы түсіп қалғандықтан, ықшамдау қүбылысы көрінетін
сөздердің қатарына «һ» дыбысына біткен араб жэне парсы сөздерін айтуға болады. Мүндай
сөздердегі -«һ» фонемасының алдындагы созылып айтылатын дауысты «а» дыбысы жіңішке
«ә»-ге айналып кетеді. Мыса; j:
гәваһ - куә, гонаһ - күнә
тағы басқалар.
Т дыбысының ыкш ам/алуы:
дәрәхт - дарақ, дуст - дос, раст - рас, мәст - мае,
дорост
-
дүрыс, беһешт
-
беі іш.
Д дыбысының түсіп қалуы арқылы да ықшамдалу құбылысы байқалады:
данеиімэнд
-
даныитан.
Орыс тілінен енген сөздерді ықшамдалу, дыбыстардың түсу жағдайына байланысты
төмендегіше белуге болады:
- Ь белгісінің түсуі арқылы ықшамдалу:
болыс (волость), оиіірет, шірет (очередь).
- т ь қосарлама тұлгаларының ықшамдалуы:
болыс (волость), ізеес (известь).
-
сөз соңындағы д дыбысының ықшамдалуы:
сиез (съезд), ояз (уезд), пойыз (поезд).
- Сөз соңындағы т дыбысының ықшамдалуы:
мінәпас (манифест).
-
Сөз соңындағы дауысты дыбыстардың ықшамдалуы:
калош (галоши), пар (пара),
кэмпит (конфеты), старшын (старшина), губерне (губерния), кантор (контора), пабрік
(фабрика), минет (минута), газет (газета), пэнер (фанера), мэнер (манера), цитат
(цитата), цифр (цифра).
-
Сөз соңындағы морфемалардың түсіріліп, орнына өзге морфеманың келуі арқылы
ықшымдалу:
учәске (участок).
-
Бұдан өзге құрамында көптік жалғауының да қазақ тіліне енген соң түсіп қалу
жағдайлары кездеседі:
кэмпит (конфеты), калош (галоши), шахмат (шахматы).
Тілдің дамуында шешуші қызмет атқаратын лингвистикалық зандардың бірі - үнемдеу
құбылысы жалпы тіл білімінде, түркітануда, қазақ тіл білімінде заң, құбылыс, үрдіс, үдеріс,
заңдылық аясында гана қара тырылып келгендіктен, ғылыми жұмыста үнемдеу құбылысы
заң ретінде танылып, үнемдоудің ықпалынан болатын тілдегі барлық заңдылықтар мен
қүбылыстар соның аясында қарастырылды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Рүстемов JI.3. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. - Алматы: Ғылым,
1 9 8 2 .-1 6 0 б.
2. Сағындықүлы Б. Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық зандылықтары:
филол. тыл. докт. дисс... автореф. - Алматы, 1994. - 27 б
3. Болғанбаев Ә. Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. -
Алматы: Санат, 1997. - 255 б.
4. Ахмадиева Э. Қазақ тіліндегі үнемдеу заңының көріністері. - Алматы: ҚазҰУ-нің
Хабаршысы, №2 (132), 2011. - 78-85 б.
Қазақ тіліндегі денсаулық мәнді соматикалық қолданыс
автор: Алдан Ақмарал
жетекші: Шақаман Ырысгүл Бектемірқызы
Павлодар қаласы №40 ж ат ы орта білім беру мектебі
«Сома» - грекше - «ақыл-ойдан ажыратылған тэн» деген сөз. Бүл - тэнді ішкі жан
дүниеңмен сезіну дегенді түсіндіретін дене ұгымы. Осыдан кейін ақыл-ой мен тәннің,
рухтың тұтастықта сезінілуін зерттейтін әдіс, ағылшын тіліндегі «соматика» бағыты пайда
болды. Американың философ ғалымы Томас Ханна денені үш тұтастықта қарастырып, осы
терминді алғаш қолданысқа енгізген. Мұнда тэн,дене талшығының,ағза-жасаушалардың
санаға әсері немесе керісінше сананың оларға әсері қарастырылады. Осылайша галым
Т.Ханна 1976 жылы ақыл-ой мен тэннің тұтастықтығын сипаттайтын соматика бағытын
айналымга енгізугіші болып табылады [1].Соматизм - адам тэні, мүшесі, олардың қызметі
туралы ілім. Дене, тэн жэне сананың түтастығында сезінілетін денсаулық, психологиялық
ерекшеліктер, жалпы дене мен тэнге қатысты аурулық сезім, мінез-қүлықтық ауытқу
мәселесі қаралады.Соматика бағыты психосоматика саласын тудырды. Психосоматика
терминін Лейпцигтік неміс дэрігер Иоганн Христиан Август Хайнрот 1818 жылы енгізген
[1]. Психосоматика мәселесі гіл ғылымына да зерттеу эдісі ретінде алына бастады. Ол
ұлттың дүниетанымдық негі ін, сөйлеу мэнері мен сөз қолданысын тануга көмектеседі.
Сондықтан тіл ғылымында сөз арқылы адамды білу, ұлттқа тэн ерекшелікті тануга
жетелейтін психосоматикалық талдау да негізге алына бастады. Кез келген тілдегі дене
мүшелері атаулары ұлттың өзіндік танымын білуге итермелейді. Тіл білімінде дене мүше
атаулары соматизм бірліктері болып табылады. Бүлар қолданыста көп магыналылығымен,
түрақты тіркестерге негіз болуымен ерекшеленеді. Соматикалық бірліктерді қарастыру,
оларды зерттеуге түсіру, тілдік қолданыстагы ерекшеліктерін тану қазақ тіл білімінде нақты
Достарыңызбен бөлісу: |