Конрад Аденауэр атындағы Қор


(57%) салыстырғанда, қазақстандықтардың көпшілігі жұмысқа басқа елге  көшуге дайын – респонденттердің 61%



Pdf көрінісі
бет148/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   178
(57%) салыстырғанда, қазақстандықтардың көпшілігі жұмысқа басқа елге 
көшуге дайын – респонденттердің 61%. Айта кету керек, бұл көрсеткіш 
2014 жылмен салыстырғанда (64%) аздап төмендеген. Сонымен бірге,  30 
жасқа дейінгі қазақстандықтардың 66% шетелде жұмыс істеуге дайын, ал 
жоғары білімділердің үлесі 60% құрайды. Қазақстан азаматтары жұмысқа 
барғысы келетін елдер арасында АҚШ (1-орын), Ресей (2), Германия (3), 
Канада (4), Ұлыбритания (5), әрі қарай Австралия, Біріккен Араб Әмірлігі, 
Швейцария, Италия, Жапония. Сонымен бірге, 2014 жылы қазақстандықтар 
үшін Ресейдің тартымдылығы біршама төмендеді. Қазақстан азаматтары 
үшін шетелде жұмыс істеудің бес негізгі себептерінің бірі – жаһандық рей-
тингке сәйкес келетін жұмыс тәжірибесін алу, содан кейін респонденттер 
жалақының жоғары екендігін (әлемде бұл фактор тек 5-орында), мансап-
тық мүмкіндіктердің көп болуын, өмір сүрудің жоғары деңгейін және жеке 
тәжірибені байытуды атап өтті
13
.
Бұл әдістемені жоғарыда көрсетілген тақырыптарды жалғастыратын 
бірқатар әлеуметтанулық зерттеулерде де қолдануға болады. Бірақ егер 
біз босқындар туралы айтатын болсақ, олар әлеуметтік көмекке мұқтаж, 
Украина оны таяу болашақта ұсына алмайтындығы мәлім болса, Қазақстан 
негізінен өз оралмандарын қолдайды. Сондықтан бұл туралы алаңдау-
дың қажеті жоқ. Ал экономикалық мигранттар тек тиісті экономикалық 
жағдайға байланысты болады. Украинадағы көші-қон заңнамасы бұл 
тұрғыда өте либералды. Осыдан Қазақстан бойынша қорытындылар 
жасауға болады. Өмір сүру деңгейінің тұрақтылығы мен жақсаруы, орта 
таптың шағын үлесі бар, бірақ жаппай емес. Бүгінгі күні, әсіресе Қазақстан 
саудасында, қызмет көрсету секторында кімдер көп? – Мигранттар. Олар, 
әдетте, қызмет көрсету саласында жұмыс істей бастайды және уақыт өте 
13 
Белгілі украин демографы Элла Лебановамен Realist›a сұхбаты. http://blog.i.ua/
user/1633142/2232217/.


295
Экономиканы жаңғырту және қазақстандық қоғамды топтастыру факторы ретіндегі  
жаңа орта тап проблемасына әлеуметтанулық көзқарас
келе өзгереді. Өнеркәсіпке келетін болсақ, бұл салада жұмыс күші ретінде 
қытайлықтар мен вьетнамдықтар келмек. Олар өндірісте жұмыс істеуге 
бейім және жеткілікті деңгейде білікті, тәртіпті.
Қазақстандықтардың мигранттарға қалай қарайтыны жөніндегі зерттеудің 
қорытындылары бар: ешқалай. Бізге қауіп жоқ секілді, бірақ біз қандай 
проблемалар туындауы мүмкін екенін түсінбейміз. Бізде көрініп тұрған 
ксенофобия байқалмайды. Екінші жағынан, Қазақстанның оңтүстігінде 
ауғандықтар және басқа да оңтүстіктен келгендер қалай әрекет ететіні 
туралы ешқандай ақпарат жоқ. Мұндай зерттеулер әлі жүргізілмеген. Біз 
оны білмейтіндіктен, тек сақтық сақтаймыз.
Бұл тепе-теңдіктің салдарынан орын алады: кейбір мамандықтар бойынша 
мамандар жоқ, басқалары жұмысқа орналасқысы келеді. Бұл қалыпты 
жағдай, дегенмен бірнеше ЕО елдерінде, мысалы, Германияда бұл мәсе-
лені шешудің қалыптастырылған айқын әдісі бар. Олар мигранттармен 
және босқындармен іріктеу, оқыту және бейімдеу бойынша тығыз және 
мақсатты түрде жұмыс істейді.
Туындаған проблемаларды ескере отырып, ұлтты құтқарудың ең айқын 
жолы – туу деңгейін көтеру екенін түсінеміз. Бұған әлеуметтік жеңілдіктерді 
көтеру, мектепке дейінгі мекемелер жүйесін дамыту, әйелдердің жұмыс 
істеуіне және балаларға күтім жасауына, отбасылық (қашықтықта, толық 
емес жұмысқа орналасу) және т. б. нақты мүмкіндіктер беру арқылы қол 
жеткізуге болады. Осының жылдам әсері бар, бірақ ол қысқа мерзімді 
болады. Ұзақ мерзімді нәтижелер тек жоғары дамыған елдерден келген 
мигранттар ағыны есебінен мүмкін.
Екінші және одан да маңызды резерв өлім-жітімнің жас аралық шегі төмен-
деуімен байланысты. Украинада, мысалы, 16 жастағы балалардың 40%-ы 
65 жасқа бармайды. Украинадағы орташа өмір сүру ұзақтығы бүкіл әлем 
бойынша, оның ішінде Африкаға қарағанда төмен. 2014 жылдан бастап, 
соғыс басталғаннан кейін, өлім-жітім күрт өсті. Еуропада – Ресей мен 
Молдовадан кейін Украина үшінші орында. ЕО елдерінің тәжірибесінен 
көмектесе алатын ең басты мәселе – өмір сүру сапасын едәуір жақсарту: 
ол жақсы тамақ ішу (дұрыс, қымбат емес), көбірек қозғалу, ауыр, қауіпті 
және зиянды жағдайларда жұмыстарды азайту, темекі шегуден бас тарту, 
өз денсаулығына мейлінше назар аудару, алдын алу әдістерін қолдану, 
медициналық көмектің сапасын арттыру. Бұл – әлемдік тәжірибе. Сондай-ақ, 


296
Қазақстан экономикасының трансформациясы
жұмыс орнында маскүнемдікті жою үшін күресу және мас күйінде көлік 
жүргізу үшін айыппұлдарды көбейту. Қорытынды жасай отырып, біз орта 
таптың рөлі туралы және оның миссиясы туралы айтып жатқандықтан, 
оның Қазақстандағы және Украинаның қоғамдағы сапалы өзгерістерге 
әсер етуіне тоқталуымыз керек. Атап айтқанда, орта таптың дамуы қыл-
мыс деңгейін төмендетеді, біртіндеп және қантөгіссіз декоммунизацияны 
жүргізуге көмектеседі, яғни осылар сияқты маңызды проблемаларға әсер 
етіп, қоғамда еуропалық құндылықтар деп аталатын білім берудің маңыз-
дылығын арттырады, ал бұл болашақ жастарда радикализмді төмендетіп, 
олардың бойындағы сенімділікті арттырады
14
. Бұл – жаңа орта таптың 
санасы мен мінез- құлқы деңгейіне, оның үлесі мен тұтастай алғанда әлеу-
меттік процестерге әсер етуі, экономиканы трансформациялауға және 
инновацияларға дайындыққа қатысты жаңа зерттеулердің тақырыбы.
Жоғарыда айтылған кейбір проблемалар теорияға қатысты, бірақ көп бөлігі 
тәжірибе. Экономист Пол Мэйсон Postcapitalism деп аталатын жаңа кіта-
бында соңғы 25 жылда солшылдардың жобасы ыдырап кеткеніне тоқта-
лады. Нарық жоспарлы экономиканы жойды, жеке меншік ұжымшылдықты 
және ынтымақтастықты ауыстырды, әлемдегі көп жұмыс күші «пролета-
риат» сияқты көрінгенмен, ойлары мен ұстанымдары басқаша. Дегенмен, 
уақыт өте келе, технологиялар ескі солшылдар қалдықтары мен олар әсер 
еткен әрбір адамның одан шығуына болатын жаңа жол шығарды. Капита-
лизм зорлық- зомбылық әдістерін тоқтатпайды, бірақ ескі жүйеде көрініп 
тұрса да, ол жаңа динамикалық нәрсе болып табылады, ол экономиканы 
жаңа құндылықтар мен мінез- құлықтың айналасында бұзып, қайта құры-
лымдайды. Ол оны кейінгі капитализм деп атайды. Бұрыннан қалыптасқан 
капитализм жүйесін кейінгі капитализм ауыстырады. Біз автормен бірге 
жұмыс күшін және пролетариатты талқылауға кіріспейміз, бірақ «бүгінгі 
күні бізге тек утопиялық армандар мен кішігірім көлденең жобалар қажет 
емес. Бізге тарихымызға кіріктірілетін және планетаға төтеп бере ала-
тын дәлелдерге және болжамды оқиғаларға негізделген жоба қажет. Ол 
жұмыс істей бастауы тиіс»
15
. «Горизонт – 2020» негіздемелік бағдарламасы 
14 
Қазақстандықтардың жартысы басқа елге көшуге дайын.https://forbes.kz/
process/expertise/polovina_kazahstantsev_gotovyi_pereehat_v_druguyu_stranu/?utm_
term=Autofeed&utm_campaign=Echobox&utm_medium=Social&utm_source=Facebook#Echo
box=1530250345.
15 
Капитализмнің аяқталуы қазірдің өзінде басталды. Әрі қарай не болмақ? http://
ideanomics.ru/articles/4476.


297
Экономиканы жаңғырту және қазақстандық қоғамды топтастыру факторы ретіндегі  
жаңа орта тап проблемасына әлеуметтанулық көзқарас
аясында 6–7 жоғары оқу орындарының ғалымдарымен ұжымдық ақыл-
кеңес беру және орта тап пен жұмысшы сыныптың рөлін зерделеу үшін 
осындай жобаны жүзеге асыра алады. Бүгінгі күні бір ғалымның мұндай 
жаһандық жобаға күші жоқ. Мысалы, осы саладағы жаңа зерттеулерге 
қажеттіліктің өзектілігін растайтын кейбір пікірлер де бар.
«Транзиттік кезеңдегі (Қазақстан, Ресей) орта тап әлі аморфты, қалып-
тасу үдерісінде. Түрлі бағалаулар бойынша, оның үлесі 15%-дан 25–30%-ға 
дейін. Сонымен бірге бұл орта тап елдегі тауарлар мен қызметтердің 50%-
дан 80%-на дейін тұтынуын есептейді. Дегенмен дамыған және дамушы 
елдерде орта тап біртекті әлеуметтік топ емес. Ол өзінше жіктелген және 
гетерогенді құралым ретінде көрінеді. Бұл жағдайды атап көрсете отырып, 
кейбір әлеуметтанушылар бұл топты «орта тап» емес, «орта таптар» деп 
атайды, осының қисыны бар.
Дамыған елдерде орта тап халықтың 50%-ын құрайды және экономика 
мен азаматтық қоғамның негізі болып табылады. Дағдарыс орта таптың 
бір бөлігін төменгі сегментке ауыстырғанына қарамастан … Қазақстанда 
бай және кедейлер арасындағы жік бар, ол тек орташа табыс деңгейінің 
болуымен біріктіріледі. Бұл шамамен халықтың 60%. Шартты және жалпы 
алғанда, бұл үлкен топты орташа жік деп атауға болады. Әралуандығына 
қарамастан, орта жіктің өзегі бар, ол қалыптасқан, тығыз және белсенді. 
Бұл өзекті орта тапты қалыптастыру негізі деп атауға болады. Оның ауқымы 
15 пайыздан 30 пайызға дейін. Экономикалық тұрғыдан белсенді топтар: 
кәсіпкерлер, меншік иелері (шағын және орта бизнес), топ-менеджер-
лер, ірі және орта бизнестің басшылары, жоғары білікті мамандар мен 
мамандар, олардың дағдылары мен тәжірибесі қоғам мен нарық тара-
пынан танылған және талап етілген (бұл олардың тұрақты және жоғары 
табысымен айқындалады).
Әлеуметтанушылар Қазақстанда қалыптасқан орта тап туралы айту ерте-
рек деп санайды.
Демек, қалыптасқан азаматтық қоғамның бар екендігі туралы пікіртала-
стыруға болмайды, себебі оның әлеуметтік өзегі дәл осы орта тап болып 
табылады»
16
.
16 
http://www.brif.kz/blog/?p=1037 Автор: Александр Рузанов


298
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Қазақстандық ғалымдардың кейбір шығармаларында орта тап пробле-
малары Батыс әлеуметтануының теориялық және әдістемелік идеяла-
рына, мысалы Қазақстандағы қалалық орта таптың деңгейіне қатысты 
бейімделген. Бұл жұмыстардағы және осы мақаладағы қамтылған тұжы-
рымдар мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасындағы орта тап сана-
сының, мемлекеттің қалыптасуына, мемлекеттік органдар мен қоғамдық 
ұйымдардың құжаттарын және нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуде, 
Қазақстанда орта тапты дамытуға мүдделі жаңа әлеуметтанулық зертте-
улерді дайындау және өткізу процесінде қолдануға болады. Бұдан басқа, 
осы зерттеудің авторлары қоғамдағы жаңа орта таптың рөлін қалыпта-
стыруға және көтеруге бағытталған ғылыми, білім беру және әлеуметтік 
бағдарламаларды, ғылыми- практикалық конференциялар мен басқа да 
іс-шараларды дайындауға қатыса алады. Демек, жаңа орта тап пробле-
масын зерделеу қажеттілігі жаһандық әлемде де, Еуразия кеңістігінде де 
өзекті, сондай-ақ осыған қатысты миграция, әлемдік интеграция және 
жаһандану үдерісі туралы да мәселелерді зерттеу керек.


299
2019–2021 жылдарға арналған бюджет параметрлері туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет