Конспект Әрқайсымызда қорқыныштар бар,бәріміздің ішімізде қорқыныш



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі250,52 Kb.
#19443
түріКонспект
  1   2   3


«BASQA MEN» МАРАФОНЫ

Визуалды конспект

Әрқайсымызда  қорқыныштар  бар,бәріміздің  ішімізде  қорқыныш 

жүреді,  басқа  адамдардан  қорқамыз,  ойлардан  қорқамыз,  бізді 

қабылдамай  қояды  ма  деп  қорқамыз.  Енді  ол  қорқынышты  жеңу  үшін 

оның  қалай пайда болатынын түсінуіміз керек. Ал ол үшін біз мидың 

жұмыс істеу қағидасына назар салуымыз қажет.

Ми өзі 2 бөліктен тұрады. Саналы және түпсаналы бөліктер

Біздің миымыз бен денеміз өте қатты байланысқан. Дене арқылы 

миға әсер етуге болады, дәл солай ми арқылы денеге де әсер 

етуге болады.

Бізге бала кезімізден ата-анамыздан, айналамыздағы 

адамдардан, өмірлік тәжірибемізден установкалар құйылып 

қойған, балалық шақ өтеді ал установкалар өзгеріссіз қалып 

қояды.

Демек дәл қазір сіз өсіп кеткеннен кейін, сіз белгілі бір 



әрекеттерді бейсаналы түрде, өзіңіз түсінбесеңіз де ойланбай 

автоматты түрде, әдет ретінде жасай бересіз, себебі сіздің 

түпсанаңызға установкаларды сіңіріп тәрбиелеп тастаған. Сізді 

жағымды установкалармен тәрбиелеуі мүмкін және жағымсыз 

установкалармен де тәриелеуі мүмкін.

Жағымсыз дегеннің орнына сізді мақсатыңызға жетуден шектейтін 

установка деп айтқан дұрыс болады.

Мысалы: сізге бала кезіңізден  «бизнес жасау қиын» деп айта 

беруі мүмкін, сіз осы установкамен өсесіз, теледидардан үнемі 

сәтсіз шыққан бизнестерді көре бересіз, айналаңыздағы адамдар 

да үнемі банкрот болып жатқан адамдар болады, бұл сізге 

құйылған установка. Бірақ сізде бизнеске қызығушылық бар, сіз 

бизнес жасап көргіңіз келеді. Осы сәтте сіздің тұлғаңыз екіге 

бөлінеді.

№1 САБАҚ:



Біріншісі сіздің ішкі тұлғаңыз, екіншісі сізді қоршаған адамдар 

көретін тұлға.

Установкалардың пайда болуының тағы бір жолы сіздің өмірлік 

тәжірибеңіз. Мысалы, сіз бір қызбен жүрдіңіз, ол қыз сізді алдап 

кетті, сосын сізде «қыздардың бәрі өтірікші» деген установка 

пайда болады.

Сондай-ақ сіз қандай да бір істі бастап оны соңына дейін 

апармағаннан кейін сізде асығыс шешімдер пайда болады және 

де басқа біреуден естіп алған ақпараттардың кесірінен сізде 

установка пайда болады. 

Егер сіз бейсаналы түрде әрекет ете беретін болсаңыз, сіздің 

әрекеттеріңіз осы уақытқа дейін миыңызға сіңіріп алған 

установкаларыңыз бен убеждениелеріңізге негізделіп автоматты 

түрде жасалына беретін болады, миға бұл тиімді, себебі ол 

энергия құртқысы келмейді, ол ұзақ ойланғысы келмейді.

Саналы өмір сүруге келу маңызды. Саналы өмір бізге ерекше 

көзқарас сыйлайды. Яғни сіз өзіңізді сыртыңыздан бақылып, әр 

жағдайға анализ жасай аласыз.

Мен мына нәрсені істегім келіп тұр, бірақ неге істей алмаймын?

 мені не нәрсе ұстап тұр?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет