Контактсіз оталдыру жүйесі. Оталдыру жүйесінің ақаулары



Дата25.05.2023
өлшемі16,4 Kb.
#97370
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы

1. Контактсіз оталдыру жүйесі.
2. Оталдыру жүйесінің ақаулары
3. Изоляция деген не?
4. ЖҚЕ. Автомагистральда жүрген кездегі ерекшеліктері.
5. №14 ТЖ. Алғашқы дәрігерлік көмек беру кезіндегі ерекшеліктері.

Бөлім

"ВС1" санатты көлік жүргізушілері.



Оқу мақсаты

Такырыппен танысу жургiзушiнiн ерекше мамандыгымен В С1 танысу.
Автоколiктiн ортак тусiнiгi.

Оқушы мақсаты

көрнекіліктерді, суреттерді, бейне материалдарды пайдалану арқылы білімдерін дамыту.

Ақпарат көзі

Оталдыру жүйесінің ақаулары
Оталдыру жүйесін күту жұмысын айналмалы бөлшектерді майлап өткізгіштер мен түйіспелердің қосылған жерлерін таза ұстау деп түсіну керек.
Жұмыстың шаң-тозаңның ортасында өтетін кезі болғанда оталдыру жүйесінде ақау түсуінің барлығына кір мен тозаң себеп болады.
Майлағанда майдың жетіспеуі қаншалыңты зиянды болса, майдың артың болуы да соншалыңты зиянды екені жөніндеғі ережені естен шығармау керек. Майдың артығы изоляциялаушы бөлшектерге тиіп, олардың изо- ляциялаушылың қасиетін жойып жібереді. Майдан орамдар бұзылады, конденсатор істен шығады, үзгіштің түйіспелері бұзылады, себебі ұшқын шығаратын түйіспелер, әсіресе минералдың майлардың буынан тез бұзылатындығы байқалған.
Саңылаудың мөлшері щуппен өлшенеді. Түйіспелердің арасындағы саңылау ең үлкен ажырап кеткенде 0,3-0,4 мм-ге тең болуға тиіс.
Саңылаудың керекті шамасын орнату үшін үзгіш тесігінің түйіспелік бұрамасы бір жағына қарай бұрап жеткізіледі. Бұраманың түйіспесі арнаулы кілтпен бұралады. Үзгіштің түйіспесін қараған кезде бірінші орамның изоляцияланған ұшы қосылған щетка мен үзгіштің қосылған жерінің түйіспесін де тексеру керек. Түйіспенің бетінде тозаң жасыл дақ пайда болса, оларды тазарту керек.
Үшқынның жоқтығынан цилиндрлердің біреуі жұмыс істемейді. Мұндай жағдайларда берілген жұмысты орындауға қозғалтқыштың қуаты жетіп тұрғанының өзінде қозғалтқыштың жұмысын одан әрі созуға тіпті болмай- ды. Жұмыс істемейтін цилиндр жанғыш қоспаны сорып ала береді де, ол қоспа жанбай конденсацияланып, цилиндрдің ішкі бетіне сұйық отын қаптайды, бұл сұйық отын цилиндрдің қабырғаларынан қозғалтқыш картеріне құйылады. Қозғалтқыштың картеріне құйылған отын жағармайды сұйылтып, қозғалтқыштың барлық үйкелетін бөлшектерін бүлдіре бастайды. Сонымен қатар, жұмыссыз цилиндр иінді білікке жүктің біркелкі түспеуіне себеп болады.
Қозғалтқыштың жұмысты дұрыс не бұрыс істеп тұрғанын дыбысына қарай айыруға болады. Егер, мысалы, төртінші цилиндр жұмыс істемей қалса, онда қозғалтқыштың дыбысы өзгереді. Тіпті қозғалтқыштың іркіліп соққанын байқауға болады, бір, екі, үш, тыныс т.т мұны "қозғалтқыш үш соқты" деп те айтады.
Ұшқынның шықпай қалу себебін анықтаудан бұрын, қозғалтқыш тоқтағанша қай цилиндрдің жұмыс істемейтінін біліп алу керек. Жұмыс істемейтін цилиндрді анықтау үшін жеке шамдарды кезекпе-кезек массаға қосады да, шығару дыбысына қарай бұзылғаны қайсысы екенін табады. Шамның орталық электродын массаға қосқанда шығару дыбысы өзгерсе, онда цилиндр дұрыс жұмыст істейді. Егер дыбысы өзгермесе, цилиндр жұмыс істемейді.
Тәжірибелерге қарағанда, тарату-үзгіш түрлерінің қайсысы болғанда да шамдардың бұзылуынан бір не екі цилиндр жұмыс істемейді. Міне, сондықтан алдымен шамды тексеру керек. Өзімізге белгілі оны не күйе ба- суы мүмкін, не саңылауы дұрыс болмауы изоляциясы жарылған болуы мүмкін.
Күйені тазартып кетіреді, саңылауды реттеп орналастырады, фарфор жарылған болса, изоляторды шамды бүтіндей алмастырады. Кейде цилиндр шамнан басқа себептерден істемей қалады, оны жұмыс істейтін цилиндрдің шамдарын жұмыс істемейтін цилиндрдің шамдарына алмастыру арқылы анықтауға болады.Сымдар түзу болғанда, көп цилиндрлі қозғалтқыштың бір екі цилиндрінде ұшқын туғыза алмай магнетоланың бұзылуы таратқыштың түйіспелерінің сынуынан олардың ластануынан не, т.б. бұзылуынан болуы мүмкін.Қозғалтқышты жүргізер алдында барлық шамдардан ұшқын шыңқайды қозғалтқыш жұмыс істеп тұрып, бірден кенет тоқтап қалады. Тарату-үзгішпен оталдырған жағдайда алдымен шамдарды тексеру керек, жоғары кернеулі түйіспелердің ұшқын беретіндігін тексеру керек. Ол үшін сымның бір үшын жоғары кернеулі түйіспеге басып түрып, екінші үшын массадан 3-5 мм аралықта ұстау керек. Тарату-үзгіш роторы айналдырғанда ұшқын шықса, онда әрине орамның, конденсатордың үзгіштің түзу болғаны, бұзылған жерді жоғары кернеулі токтың якорьден тысқары жолынан іздеу керек.
Үшқын шықпай қалса, үзгіштің түйіспелерінің күйін олардың арасындағы саңылауды тексеру керек. Егер барлық қолданған шаралардан кейін бәрібір үшқын шықпаса, онда сөз жоқ орам конденсатор бұзылған. Конденсатордың бұзылғандығын үзгіштің түйіспелерінің арасындағы айқын ақ үшқынға қарап анықтауға болады. Шамдардың бәрінің жанбай қалуына қозгалтқышты тоқтатқанда бірінші орамды массаға қосатын түйіспе мен сымның бұзылғандығы да себеп болады.

Орында

Сабакты оку, ЖКЕ бойынша танысу.



Үй жұмысы

Окулыктан 2 бет конспект жаз .

РККП МУПК
Әзірлеуші: Сипульдин О.А.

Пән:"ВС1" санатты көлік жүргізушілері.

Сабақ
№ 33

Күні
17.05.2023


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет