Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


Оқу-әдістемелік кешендер мен цифрлық білім беру ресурстарын қалыптастыру тәртібі



бет31/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#15854
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Оқу-әдістемелік кешендер мен цифрлық білім беру ресурстарын қалыптастыру тәртібі
Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәндер (модульдер) бойынша оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) мен цифрлық білім беру ресурстары болуы қажет.

ОӘК және цифрлық білім беру ресурстары білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне байланысты желілік және кейстік нұсқаларда да қолданылады.

ОӘК және цифрлық білім беру ресурстары жұмыс оқу жоспары мен бағдарламасын, электрондық оқулықты, тест материалдарын, материалды меңгеру сапасын бақылауға арналған материалдарды, пәнді (модульді) оқып-үйрену бойынша білім алушыға арналған әдістемелік ұсынымдарды, үлгерімді ағымдағы бақылауды ұйымдастыруды, білім алушыға өзіндік жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды (жұмыстың көлемі мен дәйектілігі егжей-тегжейлі сипатталады), оқу (дидактикалық) құралдарын және басқаларды қамтиды. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда, оқу-әдістемелік кешен анықтамалық материалдармен, әдебиеттермен, электрондық ресурстарға сілтемелермен толықтырылуы мүмкін.

ОӘК және цифрлық білім беру ресурстары мазмұнына қойылатын талаптар:

1) ақпараттың өзектілігі мен толықтығы, оны ұсынудың ықшамдылығы. ОӘК материалдары мүмкіндігінше ақпараттық және түсінікті болуы керек, үнемі толықтырылуы мүмкін;

2) кешенділік сипатта болуы: ОӘК және цифрлық білім беру ресурстары студенттің оқу қызметінің түрлері мен нысандарына әдістемелік қамтамасыз етуді қамтуы тиіс;

3) оқу материалы құрылымының нақтылығы: ақпарат тұтас және аяқталған толық мағыналы болуы тиіс;

4) оқу материалының көрнекілігі мен түсініктілігі: кестелерді, схемаларды, суреттерді, диаграммаларды, мультимедиалық объектілерді (оқыту роликтері, бейне, дыбыс, анимация және басқалар), сондай-ақ түрлі көмекші материалдарды (глоссарий, әдебиеттер тізімі, тесттер, анықтамалықтар, әдістемелік нұсқаулар) пайдаланған жөн.

Материалдарға электрондық мәтіндік форматта жасалатын ілеспе жазба қоса беріледі. Ілеспе жазбада автор курс бойынша кез-келген түсініктеме және оны рәсімдеуге ұсыныстар жаза алады.

Мәтін мәтіндік редакторда келесі форматта жасалады: Times New Roman шрифті, өлшемі 12.

Егер мәтін сканерленген болса, онда ол дұрыс тану үшін мұқият тексерілуі керек. Орфография мен тыныс белгілері тексеріледі.

Мәтіннің бөліктері мағынасы бойынша нақты (курсивпен, қалың) белгіленуі керек. Құжаттың мәтінін толықтыратын материалды қосымшаларда орналастыруға жол беріледі. Қосымшалар құжаттың жалғасы ретінде оның келесі парақтарында рәсімделеді немесе дербес құжат түрінде шығарылады.

Мазмұнның барлық фрагменттерінің атаулары мазмұн кестесіндегі бөлімдердің тақырыптарына нақты сәйкес келуі керек.

Иллюстрациялар саны ұсынылған мәтінді түсіндіру үшін жеткілікті болуы керек. Суреттер мәтін бойынша орналасуы немесе қосымшада берілуі мүмкін.

ОӘК, сандық білім беру ресурстары, мазмұнында өзге авторлардың, оның ішінде Интернет-ресурстар арқылы алынған жұмыстарды пайдаланған кезде материалдарды (иллюстрациялар, сызбалар, аудио - және бейнефайлдар және басқалар) алу көздерін көрсету қажет.

Оқу-әдістемелік материалдар «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ресми сайтында шоғырланған. Сайтта ТжКБ мамандықтары бойынша ҚБТ қолдану бойынша бейне оқулықтардың, электрондық оқулықтардың және қосымша материалдардың бірыңғай каталогы орналастырылған.

Коронавирустық инфекцияның таралуына

жол бермеуге байланысты

шектеу шаралары кезеңінде

техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білім беру

ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру

бойынша әдістемелік ұсынымдарға

2- қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет