Көшбасшы менің көзқарасым бойынша



Дата26.11.2023
өлшемі26,06 Kb.
#128560

Психология 3 курс


Нургалиева Аружан Бейсембековна
Эссе
Көшбасшы менің көзқарасым бойынша
Менің ойымша көшбасшы адамдарды бір мақсаттың төңірегінде біріктіріп, үлкен жетістіктерге жетуге итермелейді. Мұндай адамның мінезі мықты болады. Ол өмір қиындықтарынан қорықпайды және соңынан ерген адамдардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Қазіргі қоғам бұл адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өйткені, ең маңызды шешімдерді солар қабылдайды.
Көшбасшылық – бұл адамның ішкі күшінің, өзіне деген сенімділігінің көрінісі. Менің ойымша көшбасшы болу үшін мынадай қасиеттер қажет: ынта, тіл тапқыштық, ұйымдастырушылық және талапкерлік. Жақсы көшбасшы – бұл жан-жақты дамыған тұлға. Ол бос уақытын өзін-өзі жетілдіруге жұмсайды. Көпшілік алдында жақсы сөйлей біледі. Өз күшіне деген сенімділікті жоғалтпайды, эмоцияға берілмейді және төтенше жағдайларда тез шешім қабылдауды біледі. Топ болып жұмыс істеу өте қиын, ал оны басқару одан да ауыр. Себебі, көшбасшы әр топ мүшесінің тілін тауып, оларға үнемі қолдау көрсетуі қажет. Басқалардың пікірі өзінікіне ұқсамаса да, оларды тыңдай білуі керек. Көшбасшы – кез келген топтағы ықпалы бар, беделді тұлға. Көшбасшы жауапкершілікті өзіне алатын, қиын кезде тығырықтан шығу жолын таба білетін, өз пікірі, ұстанымы бар беделді адам. Осындай беделді тұлғаның жеке ерекшеліктеріне, яғни қандай қасиеттерге ие екендігіне тоқталмақпыз. Əрине, алдымен көшбасшыға білімді, адал, сенімді, адамгершілігі мол қасиеттер тəн. Көшбасшы болу үшін жауапкершілігі мол, білімді, мақсатқа ұмтылатын, жұмысқа қабілетті, қолынан іс келетін, ынтымақтастықта əрекет ететін тұлға болуы керек деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет