Алдын ала ұсынылған бағалау шәкілімен ерекшеленеді.
Оқушылар үшін:Берілген бағалау критерийлерін түсіну, қолдану, өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білу.
Мұғалімдер үшін маңыздылығы: Әрбір оқушылардың өзгешелігін ескере отырып жеке білім алу траекториясын құру .Оқушымен және оның ата-анасымен тығыз байланыста болу.
Ата-аналар үшін:
Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалау.
Маңыздылығы
Критериалды бағалау жүйесін енгізуден кейінгі күтілетін нәтижелер :
Мүмкін болатын қауіп-қатерлер.Кедергілер 1. Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда формалды түрде қарауы;
2. Критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі.
3. Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы.
4. Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы.
5. Критериалды бағалауды енгізуде әкімшілік тарапынан тиісті қолдау мен бақылаудың болмауы.