Ктемесін есептеу



бет1/3
Дата10.05.2023
өлшемі58,12 Kb.
#91629
түріНұсқаулар
  1   2   3

2 ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕСІН ЕСЕПТЕУ
2.1 Жалпы мәліметтер

Электр жүктемелерін есептеу «Электр жуктемелерін есептеу нұсқаулары» бойынша және ортақ қабылданған әдістемелер бойынша жүргізіледі.


«Электр жуктемелерін есептеу нұсқаулары» бүкілроссиялық ғылыми – зерттеу жобалы – конструкторлық «Тяжпромэлектропроект» институтымен жасалған. Бұл нұсқаулар толықтырылып және өзгертулер енгізіліп екінші рет 1993 жылы басылып шығарылды. Берілген құжат Қазақстан Республикасы аумағындағы тұтынушылардың электр жүктемесін есептейтін жетекші нұсқау ретінде қабылданған. Ертерек қабылданған «Өндіріс орындарындағы электр жүктемесін анықтау нұсқаулары» мен салыстырғанда бұл құжатта тұтынушылардың нақты және есептелетін жүктеме жақындатуға мүмкіндік беретін яғни есептелетін және нақты электр тұтыну арасындағы айырмашылықты жоятын нақтыланған әдістемелер берілген. Әдістемелер 15 тен 30% аралығында есептелетін электр жүктемелерін елеулі азаятын болжайды.
Берілген нұсқауларда электр элементінің жылу тұрақтысын ескере отырып, екісатылы есептеулерді жүргізу ұсынылады.
Тәжірибелік есепті жеңілдету мақсатында және бірсатылықты сақтау үшін ең аз мәндегі жылу тұрақтысына рұқсаттама алынады – Т. Ұсынылған жылу тұрақтылары «Нұсқаулардың» қосымшаларында, 9.3-9.6. келтіріоген.
Кернеуі 1000В-тан төмен желілер үшін, Т = 10 мин;
Кернеуі 1000В-тан жоғары желілер үшін, Т = 30 мин;
трансформаторлар (қуатына тәуелсіз) мен магистралді шинопроводтар үшін, Т = 2,5 ´ 60 = 150 мин.
Жылу уақытының тұрақтысы есептелетін коэфициентті анықтайтын негіздердің бірі– .
Есептеу жүргізгенде қоректендіру бағытына қарсы реті қолданылады. Есептелу 1кВ жүктемеге жақын кіші басқыштан ары қарай 1 кВ-тан жоғары түйіндермен - ТП, РП, РУ және ГПП жүргізіледі.
Жоба және жұмыс жобасы сатыларындағы негізгі тәсіл – есептелетін коэффициент тәсілі, жобалану алдындағы кезеңдегі – жеке көрсеткіш тәсілі сұраны коэфиценті тәсілі.
Электр жүктемесін есептеу букіл обьектінің электр қамдандыру жүйесінің 1 кВ-қа дейін және одан жоғары желілерді құру үшін жасалады.
Электр жүктемесін есептеу негізінде кабель, өткізгіш өнімдерін, электр қондырғыларын, электр аппараттарын, релейлік қорғаныс және автоматиканы таңдау үшін есептелулер жүргізіліп электр қамдандыру жүйесінің сұлбасы жасалады.
Жүктемені есептеу кезінде барлық кернеу басқыштарында реактивті қуат компенсациясы бойынша міндетті түрде есептелулер жүргізіледі. Жүктемені есептеу реті қоректендіру бағытына қарсы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет