1-билет еңбекті қорғау түсінігі



бет1/10
Дата08.11.2022
өлшемі40,52 Kb.
#48645
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



1-БИЛЕТ
1.Еңбекті қорғау түсінігі
Еңбекті қорғау – еңбек үрдісінде адамның қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтауды үқамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, денсаулық сақтау шаралары мен құралдарының заңдық құжаттарының жүйесі. Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
2. Өндірістік бөлмелердің микроклиматы
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы - осы бөлмелердің ішкі ортасының метеорологиялық жағдайы, адам организміне әсер ететін температураға, ылғалдылыққа және ауаның қозғалыс жылдамдылығына, сонымен қатар, қоршап тұрған қондырғылардың беткейлік температурасына, технологиялық қондырғыларға, жылу сәулесіне байланысты.Өндірістік микроклимат ылғалдылықтың басым бөлінуімен сипатталады: ауаның жоғары температурасындағы ылғалдылықтың едәуір бөлінуі; шамалы жылу бөліну кезіндегі ылғалдылықтың едәуір бөлінуі немесе ауаның төменгі температурасында.ГИГИЕНА ТАЛАПТАР:климаттың сипаттамаларын реттейтін ережелері өнеркәсіптік кәсіпорындарға санитарлық құралдар қамтылған. ережелер оңтайлы мәні және рұқсат етілген температура, ауаның қозғалыс жылдамдығы және ылғалдылығы ортасын қамтамасыз ету микроклиматтың гигиеналық талаптар болып табылады. Сонымен қатар, назарға еңбек жүктемені және жыл уақытын ескере отырып, өндірістік үй-жайлар үшін жылу сәулелену қойылатын талаптар бар.


2-БИЛЕТ
1.Адам іс-әрекетінің екілік ішкі жүйесі.
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. 
Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету. Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады.
Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен:
перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет