Кураторлық сабақтың хаттамасы



Дата24.11.2022
өлшемі31,22 Kb.
#52178
түріСабақ


Хаттама

Ф 3-6.34-2022
1 баспа 02.02.2022




Кураторлық сабақтың хаттамасы
Хаттама №
« » қазан 2022ж.
Тақырыбы: «Қарттарым аман - сау жүрші»


Қатысқандар:“Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру” кафедрасының аға оқытушылары Абжапарова М.Т мен Заурбекова А. 6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының ПМНО 20-1 және ПМНО 20-3 топтарының 3 курс студенттері.


Күн тәртібі:
Қарттарым аман - сау жүрші атты іс шараны ұйымдастыру


Тыңдалды:
Топ кураторлары Абжапарова М.Т мен Заурбекова А.М – өткізілетін іс шараның мақсат – міндеттерімен, сабақтың барысымен, өтілетін тақырыпқа тоқтала келе –« Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отандеп, тынымсыз еңбектері мен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. »
Топ кураторы Заурбекова А.М – «Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әркезде де бақытты. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды көздейді. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
Топ старостасы Сарыпбек Қымбат қонақтарға:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,


Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы ,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді.
Топ студенті Аманжолова Аруна да өз пікірін айтып өтті: – “Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәнімен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланыңата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бірсәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.”
Қорытынды:
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Шешім:
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлайық, қадірлейік!


Куратор: Абжапарова М.Т


Староста: Сарыпбек Қ.
Хатшы: Сарыпбек Қ.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет