Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________ Г.Б.Каментаева
«______»________2022ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ойыншық. Ойыншықтың түрлері
Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
Орындаған: 4(9) мдт тобы студенті Ізімова Инабат
Жетекшісі: «Мектепке дейінгі педагогика, психология және жеке
пәндер әдістемесі» пәндерінің оқытушысы
Абуова А.
Атырау-2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. ОЙЫНШЫҚТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, ОНЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МӘНІ
1.1 Ойыншықтың пайдасы мен зияны, оларды таңдай білу...................................4
1.2 Ойыншықтың жасалу жолдары мен сапасы.....................................................7
ІІ. БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫНШЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Баланың жас ерекшелігіне сай ойыншықтар......................................................9
2.2 Ойыншықтың түрлері және оған қойылатын гигиеналық талаптар..............18
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................30
КІРІСПЕ
Ойыншық - әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Оны пайдалану баланың ой-өрicін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мен өмір кубылыстарына деген ықыласын тәрбиелеуге, дербестігін дамытуға көмектеседі. Ойыншыктармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым- катынастары, өз іс-әрекеттерін үйлестіру қабілеті калыптасады.
Н.К.Крупская ойыншықта өмірдің нақты кұбылыстары, адамдардың, жануарлардың образдары шынайы бейнеленген болуға тиіс деп көрсетті. Ол баланын жас ерекшеліктерін зерттеуге, соларға сәйкес ойыншыктар жасауға және ipіктеуге шақырды. Ересек адам баланың жас ерекшеліктерін мұкият зерттеуге тиіс. Ойыншық жасаушылар да осыны iстеуге тиіс, өйткені онсыз ойыншық баланы шынымен куантпайды, оның өсуіне, дамуына көмектеспейді.
Ойыншық -- былай алғанда, нәзік зат, оның өмірі де қысқа, сондықтан ойыншыктың пайда болған уақытын, тарихын аныктау өте киын. Ең алғашкы ойыншыктардың бала күшіне лайыкталған еңбек құралы болғаны айдан анық.
Кішкене садақ, жебе түп нұскасына үкқсас еді. Оны "балалардың мергендігін, дәлдігін, козғалыстарының үйлесімдігін дамыту үшін ересектер жасап беретін. Балалар оны аңға шығу, андар мен құстарды аулау ойынында пайдаланды. Едәуір кейінірек аңдарды, кұстарды, адам кескінін бейнелейтін ойыншыктар табылды. Көпке дейін ойыншықты отбасында балалардың көңілін аулау үшін ересектер жасап келді. Ойыншықтар балаларға деген сүйіспеншілікті, оларды куантуға, алдандыруға, бірдеңені үйретуге деген ыкыласты бейнелейді.
Ойыншық жасауда творчестволык ой ұшқырлығы, балалардың мүддесін, тілегін түсінушілік көрініс тапты. Ойыншық адам еңбегінің сипатты белгілерін, табиғатка деген сүйіспеншілікті, табиғатты тануды, жануарлардың, кұстардың ерекшеліктері мен мінез- құлықтарын белгіледі. Ойыншыктардың бояуы ашык, формасы айкын, мәнерлі және түсінікті болды. Неғұрлым талантты шеберлер ойыншықтарды өзінің балалары үшін ғана емес, сату үшін де істей бастады.
Неғұрлым талантты шеберлер ойыншықтарды өзінің балалары үшін ғана емес, сату үшін де істей бастады. Біртіндеп ойыншык жасау кәcібі пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |