1.2 Ойыншықтың жасалу жолдары мен сапасы
Баланың ең алғашқы ойыншығы- сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан.
Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген. Бізге белгіле ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болған. Өкінке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді.
Ежелгi ойыншықтарды ағаштан, саздан, сүйектен және металдардан жасаған. ойыншықтың пайдасы өте көп, бала ойыншықпен ойнау арқылы өмірді таниды. Ойыншық бала үшін ермек қана емес, сонымен қатар ол оныңдамуына да тиімді құрал,қимыл- қозғалысты, сезім ағзаларын, тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы. Ал зиянына келер болсақ, қытайдан әкелінген ойыншықтар жайлы айтар едік. Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қаyiпті деп айта алмаймын.
Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі -- зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі.
Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификать не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.
Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынанжасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз. Қытайдың ойыншықтарынан көп мөлшерде мырыш қосылғаны да анықталыпты. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады.
Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, ульы заттар бала ағзасына тусіп, түрлі ауруға ұшыратады. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтарқұрамында ася зиянды улы зат -- фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен.
Мұндай ұлы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен. Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде отандық ойыншықтар жасалса, бұл бала ушін баға жетпес сый болар еді.
Ойыншық таңдауда төмендегі гигиеналық талаптарға көп мән беру керекпіз: * қауiпсізспалы боялған жууға қолайлы. Ойыншық - баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады.
Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады. Ойншықтың түрлері : Дидактикалық ойыншықтар :: Бейнелік ойыншықтар: Техникалық ойыншықтар :: Конструкторлық ойыншықтар.
Бүгінгі күні бала тәрбиесіндегі бірден- бір құрал - ойыншықтар. Бір өкініштісі, қазақ балаларына ермек болар ұлттық ойыншықтарымыз көп емес. Бүлдіршіндеріміз түр-сипаты түсініксіз Шрек, Бэтмен, СпанчБоб, Өрмекші- адам, вампир-қанішерлер, түрлі роботтарды жандарына серік етуде. Мұндай шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері ұрпақ санасын улап қана қоймай, баланың ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуіне кедергі болады. Ал бұған тоскауыл қоятын ата-аналар да тым бейқам.
Ойыншық тәрбиенің бастауы болса да, ндер оны баланы жұбату мен алдап, көңілін аулаудың құралы ретінде пайдаланып, ойыншық қой деп немқұрайлы қарауын жалғастырып келеді. Қазақ баласына қазақы ойыншықтың қажеті екендігін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен.
Бірақ бұған үкімет те, ата-ана да, кәсіпкерлер де назар аударар емес. Әрине, отандық ойыншықтарды өндіретіндер мүлдем жоқ деп аузымызды құр шөппен сүрте алмаспыз. Алайда олардың арасынан Қыдырәлі Болмановтың Бал-бала ойыншықтарынан өзгесінің атын ести бермейміз. Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет булдіршіндерге арналған ойыншық шығаратын цех іске қосылғанын да айта кету керек. Бугінде Пластик Наурыз кәсіпорнында түрлі өлшемдегі америкалық МАК ауыр жүк көліктерінің модельдік ойыншықтары, баланың өзі де отырып айдай алатын Талакар ойыншық көлігі, құрастырмалы ойыншықтар және құм жинайтын қалыптар шығарылады.
Қазақ бүлдіршіндері аңызға айналған қазақ ертегілеріндегі қазақы мінезді кейіпкерлерді танымайтын да тәрізді. Себебі олардың санасын шетелдік мультфильм кейіпкерлері жаулап алған. Оның үстіне, қазақ мультфильмдері мен ойыншықтар арасында өзара сабақтастық жоқ. Осының салдарынан ұлттық тәрбиенің иісін де сезбеген бүлдіршіндер өсіп келеді.
Содан кейін Батыстың ойыншығымен ойнап, мультфильмімен өскен баладан қазақылықты талап етуге құқымыз бар ма екен?! Ұлттық ойыншықтар арқылы жас буын алдындағы тіл мен діл мәселесін де жеңілдетуге, жеделдетуге әбден болады.
Балалар ұлттық ойыншықтармен ойнай отырып ойлайды, ойыншық бөлшектерінің атауын білу арқылы қазақы танымы толыса түседі. Қазіргі жастарымыз көз ашқаннан өзгенің ойыншығымен ойнап, өзге атауларды жаттап өскендіктен, кейін өз тіліне шорқақ болмағанда қайтсін? Үлттық ойыншықтарға бизнес ретінде емес, ұлттық идеология ретінде қарау қажет. Ұлттық болмысқа тұнып тұрған қазақы ойыншықтарды дамыту, жетілдіру арқылы бүлдіршіндердің бойына қазақылық болмыстың дәнін егер едік.
Алайда бізде балаларымыздың көз қуанышына айналған өнімдерді өндіру үшін мемлекеттің қолдауы аз болып тұр. Кеңес үкіметі кезінде Алматыда пластмасса өңдейтін Қызыл Ту зауыть жұмыс істеген. Сол зауыт жанынан бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар шығарылатын. Бірақ нарықтың тар соқпағынан өте алмаған бұл өндіріс орны 90-жылдары құрдымға кетті. Бірақ кейінірек оның орнын Сұңқар атты қазақстандық ойыншық зауыты алмастырды. Бұл да өз кезінде елдегі жалғыз ойыншық шығаратын кәсіпорын болған еді.
Бірақ өзімізде өндірілді деген аты болмаса, ойыншыққа керекті заттардың бәрінкөрші мемлекеттерден тасу зауытқа еш табыс әкелмегендіктен, өз жұмысын тоқтатты.
Содан бері отандық ойыншықтарды өндіру ісі елімізде күрмеуі шешілмеген мәселе болып келеді. Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат 2010 жылы ұлттық нақыштағы Бал- бала ойыншықтарын шығаруды бастады. Әрине, бүгінде қазақы нақыштағы ойыншықтар әр қазақтың үйінде бар деуге келмес. Десе де, отандық өнім өз тұтунышыларын әлдеқашан тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |