Курстық жұмыстың міндеттері



бет1/6
Дата19.06.2023
өлшемі59,1 Kb.
#102373
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гүләсем курстық жұмыс ПЕДАГОГИКА

Кіріспе


Курстық жұмыстың өзектілігі: Ойын арқылы оқыту – оқушының қызығушылығын арттырудың бірден – бір жолы. Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да мұғалім сабақта дұрыс ұйымдастыра білуі керек және де бастауыш сыныптарда ойын технологиясын сабақта қолдану арқылы көптеген нәтижелерге жетуге болады. Қазақстан орта мектептерінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі «Білім мазмұнында оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеруінен бірте – бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталу болып отыр». Мұндай тұжырымдамалық талдауларды іске асыруда мұғалімнің шеберлігінде ойынды, әсіресе тіл сабақтарында әрі білімдік, әрі тәрбиелік бағытта дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Ойын түрін сабақта пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады.
Курстық жұмыстың әдіс – тәсілдері: жинақтау, талдау, жүйелеу, анализ, синтез, сұрыптау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Білім сапасын арттыруда оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін оқыту процесіне ендіру. Ойын арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: тақырып аясындағы тиянақты ізденіс жұмысы, қосымша деректер бойынша ізденіс, ойын технологиясына байланысты нақты іс - әрекеттер аясына зерттеулер жүргізу, аталмыш тақырып барысында ғылыми дереккөздерді қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: қурстық жұмыс кіріспе, негізгі, тәжірибелік және қорытынды бөлімдерден тұрады. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс тұжырымдалады . Қолданылған әдбиеттер тізімі бар. Тәжірибелік бөлімде оқушылармен жұмыс түрі

Жоғарыдағы елбасымыздың айтқан сөзіне қарасақ, жаңа ХХІ ғасыр заман ағымына қарай ізденудің бірден бір жолы. Мектеп қабырғасындағы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала, ертеңгі азамат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет