Курстық жұмыстың міндеттері



бет3/6
Дата19.06.2023
өлшемі59,1 Kb.
#102373
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гүләсем курстық жұмыс ПЕДАГОГИКА

Олай болса, информатика пәнін оқытуда қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдана отырып, соның ішінде ойын технологияларын қолдану заман талабы және оқушы мен мұғалім арасындағы жақсы байланыс. Міне, оқушыларды білімдендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында - информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану жайында төмендегіше баяндаймын.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, оларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.









І ТАРАУ. Ойын технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативті құзіреттілігін арттыру
    1. Ойын және оның бала өміріндегі маңызы


Қазақ тілінде «ойын» және «ойыншық сөздері «ой» сөзіне тікелей байланысты. Сірә, қазақ тілінде «ойын» термині адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты, өйткені ойнау – бұл бір уақытта ойлау мен әрекеттесу.
Ойынның шығуын ғалымдар әр түрлі ғылыми бағыттар бойынша оқытады. Ежелгі әлемде ойын қоғамдық өмірдің жинағы, түйіні болды, оған діни - саяси мағына берліді.
Ежелгі гректер Құдай ойын ойнаушыларды қорғайды, жақтайды және ойын адамның кез-келген бос уақытын өткізудің идеалы болады деп есептеді.Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды император ашып және өзі сол ойынға қатысқан. Кеңес уақытында халықтық ойындардың мәдениеттік салтының дамуы және сақталуы қоғамның ойындық байлығы сақталған жазғы демалыс лагерлерінде басталды.Әлемдік педагогикада ойын жарыс ретінде немесе арнайы мақсатқа жетуге (ұтыс, сыйлық) бағытталған және арнайы талаптармен шектелген (ереже) ойыншылар арасындағы сайыс ретінде қарастырылады.Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке түлгасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.).Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет құбылыстарының бірі, баланың барлық маңызды ақыл - ой қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, күрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады.
Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті үйымдастыру формаларының бірі болып табылады.
Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі өзегін құрайды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.
Ойын – бұл қарым-қатынас, оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау құралы, оқытудың қиын социомәдени феномені, элементі болып табылады. Ойын процесінде:

  • «үлкен өмірге» ауысатын әлеуметтік топта кластың ролі мен тәртіп ережесі игеріледі.

  • топтың, ұжымның мүмкіндіктері қарастырылады.

  • бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады, қойылған ойын мақсатына жету үшін қажетті оқушылардың жеке мінездемелері өңделеді.

  • қосымша құралдардың – (көрнекі құралдар, әдебиеттер, компьютерлік теххнологиялар) көмегімен қатысушылардың, мұғалімдердің ойынға енгізген мәдени дәстүрлері жинақталады.

Д.Б.Эльконин өзінің «Психология ойыны» атты кітабында «ойын» сөзі көңіл көтеру мағынасында, сонымен қатар, ауыспалы мағынада қолдана береді. Мысалы: «тағдыр ойыны», «отпен ойнау», т.б.Балалар ойындарын жүйелі суреттеуде Е.А. Покровский өзінің кітабына былай деп жазған: «ойын» ұғымы кейбір халықтар арасында өз ерекшелігі бар. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» сөзі балаларға тән әрекетті білдіретін. Еврейлерде «ойын» сөзі әзіл мен күлкі ұғымдарымен теңестіретін. Римдіктерде «ludо» - қуаныш, шаттықты білдіреді. Санскритше «кляда» - ойын, қуаныш. Немістерде ежелгі герман сөзі «spilan» жеңіл, байсалды әрекетті білдіреді.Аяғында бүкіл европалық тілдерде «ойын» сөзі адамның жалпы әрекетін білдіреді, бір жағынан ауыр жұмысқа негіздемейтін адамдарға қуаныш пен шаттыққа бөлейді. Сонымен, бұл ұғымға бала ойынынан трагедиялық шығармалары да кіреді.
50 жылдан кейін атақты голландиялық биолог пен психолог Ф.Бойтендайк «оын» сөзіне этимологиялық анализ береді және осы сөзді бейнелейтін ерекше процесстер белгілерін табуға тырысты. Бұл белгілердің ішінен «мына жаққа және анау жаққа» әрекетін тауып, оған спонтандық және бостандық, қуаныш пен ермекті кіргізеді.
«Ойын» сөзінің негізгі түп мағынасы не болып келеді? Философиялық энциклопедия сөздігінде келесі ұғым берілген: «ойын – термині жануарлар мен адамдардың мол әрекеттерін білдіреді. Бұдан ойын ұғымы адам әрекетінің негізін ұғыну, егер ойын табиғатқа қолданылса, ол – метафора, ойлау ақпараты, астарлы сөз.
Платонның бейнелеуі бойынша, ойынды рақымшыл, дана, шаттық, қызықты, биік, трагедиялық деп санаған.Бірақ ойын әрекетінің түсіну философиялық-теориялық зжоспарында Ф.Шиллер мен И.Кант еңбегі зор. Олардың пікірінше, ойын – адам әрекетінің бостандық бейнесі.
Кант және Шиллер, ең бірінші болып ойынның эстетикалық табиғатын бекітті, ойында адам тіршілігінің сипаттамасын көрді. Бірақ Шиллер ойын мәнін адам әрекетінің бостандығы деп шексіздеді. Оның айтуынша, жануарлар әлемінде «ойын – күштің молдылығы, бұл жануарлардың ойын әрекетіне түрткі болады», ал өз тіршілігіне бұл әрекет бағытталмаған.
Испандық философ Хосе Ортега-и-Гассе, ойын әрекетін адам құмарлығы ретінде бейнелеп, еңбек әрекетін түсіндіретін адамды жоғарыдан көрсетуге қабіолетті деп санаған түссіз еңбек.
Ол тұрғындардың «сұр» массасына, ал шығармашылық ойынды таңдаулы қоғам таптарына жатқызған. Олар еңбек пен ойынның тығыз байланысына қарамай олар үшін еңбек ойыннан төмен саналды. Бұл еңбек пен ойынның қарама-қайшылығына әкелді.
Ойын әрекетінің мәселелеріндегі үлкен теориялық қызығушылық ойын мен өнердің өзара қарым-қатынасына байланысты қойылатын сұрақ. Осы сұрақты талқылауда үлкен мәнге ие болған голландиялық тарихшы және мәдениет философы Иохан Хайзингтің монографиясы «Homo ludens» («ойнап жатқан адам»), ойынды өнермен байланыстырумен қатар оған әділ сотты, ғылымды, тұрмысты, тілді, поэзияны , әскерге, өнерді және т.б. қосады.
Ойынның әр түрлі белгілерін қоса отырып, ол:»ойын бір мақсатқа бағытталған, уақытты және жерді өз еркімен нақтылайтын әрекет не жұмыс болып саналады».
И.Хейзингтің ойынша, ойын әр түрлі мәдени және тұрмыстық құбылыстарды бағалау критериесі болып табылады, әсіресе бұл өнерге байланысты, өйткені өнер табиғаты ойынға жақын.
Автордың басты пікіріне сәйкес, адам тархының дамуында ойынға негізделген мәдениет дамуы жатыр.
Хейзингтің ойынша, әрбір ойын – бұл парасаттылық/пасықтық, қызығушылық/қызықсыз тараулар шекарасында жүретін «бостандық әрекеті». Жалпы алғанда, оның сөздері бойынша, «мәдениет ойын ретінде емес және ойыннан басталмайды, ол ойынның өзінде бастау алады».
Кітапта поэзия мен ойын арасындағы өзара байланысына арналған беттер ерекше орын алады. Нақты мағынада орталық тақырыбы болып саналатын ойын мен мәдениет арасындағы өзара байланыс мәселесі қойылады, өйткені қоғамның жоғары ұйымдастырылған түрлері дін, құқық, соғыс, саясат, экономика және т.б. ойынмен тікелей қатынасын жоғалтады. Ал поэзия ойында негізделген оның үстінде, бұл жарыс элементтерінен құралған қоғамдық ойын.
Мысалы, көп ғасырлар бойы келе жатқан қазақ ақындарының жарысы «айтыс». Бұндай жарыстар жердің екі шетінде орналасқан және даму сатылары әр түрлі басқа да халықтарда байқалды. Хейзинг «poesis» - бұл ойындық функция деп саналады. Ол өз әлемінде жүзеге асады.
Голландиялық философ ойын мен ән және бимен тығыз байланыстырды. Араб, неміс, француз, орыс және кейбір славяндық тілдерде музыкалық аспаптарда орындалуы ойын деп атайды. Қазіргі тілдерде де ұқсастық бар. Оның пікірінше, «би ойынның ерекше және жетілген түрі болып табылады» [5, 45б].
Ойын бастауы, көркем шығармаға тән, пайда болуының бірінші күндерінде адам әрекетінің көптеген белгілерін бейнелейді және оның мінез-құлқын анықтайды. Ол аз уақыт мерзімінде әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруін қамтамасыз етеді.
В.В.Петрусинскийдің пікірі бойынша педагогтың басты міндеті – оқуға үйрету. Ал педагогтың белсенді көмекшісі – ойын. Педагог негізгі күшті алғашқы әрекетке (ведущая деятельность) салу керек. Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин өңдген кезеңдік схемасына назар салсақ, берлігне кезеңнің негізінде адамның кез-келген жасына сәйкес және арнайы әрекет типі – алғашқы әрекет болып табылады.
Ойын «формуласын» көптеген ғалымдар былай көрсетеді. «ермек (увлечение) + көңіл көтеру». Біріккен оқу әрекетіне жету мотивациясын түсіну – интенсивті (өнімді) оқыту жүйесінде сабақты өткізуде ойын формаларын қолдану негізгі мақсат болып табылады. Ойынды қолдану психологиялық және физиологиялық демалысты ұйымдастырумен, ақпараттық артық салмақ компенсация мүмкіндіктерімен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі.
Ойынның артықшылығы, кез-келген ойын бірнеше функцияларды (қызметтерді) атқарады:
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын табиғаты – бұл оның нақты құндылығы: қуанышты жағдай, эмоция, белсенді өмірлік тонусы (нерв жүйесімен бұлшықеттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуаты), сергектік, ширақтық.
Э.Берннің пікірінше ойынның тарихи мағынасы адамдар ойнайтын ойын ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері төмендегілерді құрайды:
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған танымдық міндеттерге сєйкес бөліп көрсетілген танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру.
Хабарламаны тыңдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша әдебиеттердегі мєліметтерді бөлу; танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру.
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының дұрыстығын тексеру.
Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәлшеттерді жинақтау - оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру.
Сонымен мектептің оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, үйымдастыру-орындау және бақылау - түзету функцияларын іске асыруға, оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.



    1. .Жаңа инновациялық технология түрлері.

Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:

  • Жобалау, саралап оқыту технологиясы

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

  • Модуьдік, деңгейлеп оқыту технологиясы

  • Сатылай комплексті талдау технологиясы

  • Компьютерлік оқыту технологиясы

  • Ойын технологиясы

  • Білім берудегі интерактивтілік технологиясы және т.б.

Инновациялық технологияларды тиімді қолдану нәтижесінде төмендегі жетістектерге жетуге болады:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру мүмкіндігі артады.

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтап, оларды бақылауға мүмкіндік аласың.

4. Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

5. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық еркіндігі артады.

6. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.


Жоғарыда аталған жаңа технологиялардың ішінде ойын технологиясының алар орны ерекше. Сабақтың бір кезеңінде осы технологияның элементтерін қолдану – өте тиімді әдіс. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

  • үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту;

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам — ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. . Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
«Білім туралы» Заңының 8-бабы
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім — бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында « ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру.
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым — қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім – оқушы — оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы — компьютер — оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Оқу процесінде қолданылатын технологиялық құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі ретінде тағайындау облысы болатын жол құрылымдық элементтері болып табылады.
Ақпараттық технология құралдарын меңгеру, жаңа элементтің енгізілуінің негізінде адам қызметінің өзгеруі сияқты мәселелер көп уақыттан бері психологтарды қызықтыруда. 1937 ж. Л. С. Выготский былай деп жазған: «Адамның өмір сүру процесіне құралдың ендірілуі осы құралды қолдану және басқарумен байланысты көптеген жаңа қызметтерді өмірге әкеледі, осы құрал орындай алатын көп жай процестерді керек емес қылады, психикалық процестер және олардың ұзақтылығын, интенсивтілігін, жүйелілігін өзгертіп, бір қызметті екінші қызметпен ауыстырады, қысқаша айтқанда, бүкіл өмір сүру құрылымын өзгертеді».
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар:оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығарма шылық бағытта дамыту; нәтиже. Бұл технологияның мақсатын төмендегі сызбадан көре аласыздар.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер — бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.
Технологиялардың танымал түрлерінің бірі Модульдік оқыту – оқытуды оңтайландыру, тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса, дамыта оқыту – оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін дамыту.
Осыны ескере отырып, мен оқу үрдісінде М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» қолданып жүрмін. Мұндағы менің мақсатым — өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту
Ал жекелеп (даралап) оқыту – бұл қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу, белсенді оқыту – танымдық белсенділігін, шығармашылығын ұйымдастыру. Сондай-ақ түрлеріне тоқталсақ:
Олай болса, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін иновациялык құрылғыларды пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқу үрдісінде осы технологияның тиімді жақтарын төмендегі сызбадан көре аласыздар.
Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде бірден бір талап десек те болады ол — ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет дегенiмiз — адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э. Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет — адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпаттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi — ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі».
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация элементтерін пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс жолдарды пайдалану. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу.
Өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземін. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы да оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, қолданбалы программаларды пайдаланып немесе алгоритмдер құру арқылы программа құрастыруды, үйренеді. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда «Бетпе-бет», «Жұлдызды сәт» сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, он лайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады.
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.
Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.
Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ.
Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды дамыту.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз
Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
К. Д. Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:

  • Бағдарлама бойынша барлық сынып оқушыларына қолайлы;

  • Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;

  • Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;

  • Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;

  • Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;

  • Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.

Алдын ала дайындаған оқу материалдары — презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер — сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін арттырады. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады. Осындай әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса, бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың мәдени құндылықтарын өздігінен пайымдауға қадам бастайтын, рухы мықты азамат тәрбиелейміз.
Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:

  • Ойынға кіріспес бұрын оның жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден түсіндіру;

  • Ойынға сыныптағы , топтағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;

  • Ойын түрлерін тақырыптық бағдарламаға сай іріктеп алу;

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, сын тұрғысынан ойлана білуіне жетелеу;

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан күрделі ойынға көшу;

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет;

  • Белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау;

  • Үлгерімі төмен оқушыларға ақыл-кеңес беру.

Ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын- оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын элементтерінің сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым, жеңіл құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ұжымдық әрекет. Ойындардың қажеттілегін іріктеп ала білу- ұстаз шеберлігіне байланысты.

Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану қазіргі информатика пәнінде рөлі зор. Себебі біз оқушыларды сан қырынан дамыта білу үшін, ойын түрлерін қолдануымыз қажет.


Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Яғни мемлекет, соның ішінде адамзат заманға сай білім мен білікті меңгеруі қажет. Осы орайда заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыру үшін жаңа дамыта оқыту технологиялары, соның ішінде ойын технологияларының маңызы зор. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор

1. 3. Информатика сабағында ойын технологиясын қолдану.


Оқушылардың тану қызметін жоғарылату мәселесі оқытудың тәжірбиесі теориясында әрдайым көкейкесті мәселе болды. Іздену жолдары арқылы оқытушылар (ұстаздар) әр түрлі оқыту әдістерін меңгеріп, іскерлік және дидактикалық ойындар мен жаңа технологияларды қолданып келеді. Педагогикалық ойын айқын қойылған мақсатпен, оған сәйкес педагогикалық нәтижесімен, оқу-танымдық бағытпен ерекшеленеді. Ойын арқылы оқыту – кәсіби қызметін, адамгершілік қарым-қатынастармен және жеке қиындықтармен сабақтас мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде ойын технологияларын енгізу барысында құндылық бағыттар мен кәсіби қызметтің негіздері қалыптасып, әлеуметтік өзара әрекеттесу сәті іске қосылады. Ойын функциялары: үйлесімділік, болжамдылық, әлеуметтік түзету(коррекция).
Негізінен, ойын көпшілігіне 4 қасиет тән:

  • Оқушының таңдауы бойынша ғана қабылданатын, қызмет үрдісінің өзінен жақсы әсер алуға мүмкіндік беретін (нәтижеге байланысты емес) еркін дамытушы қызмет;

  • Қызықты фактілерді, қосымша ақпараттарды өз бетінше іздеуге бағытталған қызметтің белсенді, шығармашылық түрі;

  • Жарысу, бәсекелестік, жеңіске жету талабы мен нәтижені жақсартуға деген талпыныс, эмоционалды қызмет;

  • Ойын мазмұны мен оның барысының логикалық бірізділігін көрсететін ережелердің болуы.

Ойын негізіндегі оқу үрдісі құрылымын кезеңдер түрінде көрсетуге болады:
1. Проблемалық ахуал жасау;
2. Ойын барысы;
3. Ойын нәтижелерін қорытындылау.
Осылай, сабақтарда ойын технологияларын сауатты қолдану – арнайы білім мақсаттарынан басқа оқушылардың жеке тұлғалық, эмоционалдық, коммуникативтік мәселелерінің шешімін табуға, педагог пен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға ықпал етеді. Педагогикалық қызметте ойын технологияларын қолдану – құзыреттіліктер негіздерін қалыптастырудың жолдары. Ойын технологияларының сан алуандығынан бірінші кезекте кестеде көрсетілгендері қолдану қажет деп санаймын:

1 кесте



Информатика сабағында ойын ахуалын жасау үшін оқу материалын келесі түрде көрсетуге болады:



  • Мультимедиа презентациялары, интерактивті прораммалар;

  • Графикалық түрдегі демонстрациялық және үлестірме материалдар;

  • Бейне, аудио немесе мультипликациялық фрагменттер.

Оқушының алдында, экранда пайда болатын ертегідей қаһармандар, қиял-ғажайып қалалар, виртуальды кейіпкерлер оған ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасу үрдістеріне белсене кіруге көмектеседі:
-берілген ақпараттың ішінен қойылған міндетті шешуге қажетті ақпаратты бөліп алу қабілеттілігі;
-графикалық түрде ұсынылған қарапайым ақпаратты мәтін ақпаратына айналдыру;
-берілген презентацияда ұсынылған мәліметтің жеткіліксіздігін көрсете отырып, сұрақтар қою.
Бүгінгі таңда көптеген компьютерлік мультимедиалық программалар, компьютерлік дидактикалық ойындар мен оларды құрудың тәсілдері бар. Мұндай ойындар оқу материалдардың есте сақталуы мен ұғынылуына жақсы ықпал етеді. Осындай түрлі ойындар оқушы қиялын ғана дамытпай, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушы өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.
Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Жалпы сабақта оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Интеллектуалды ойын элементтерін информатика пәнінде қолдану арқылы қазіргі заман талабына сай ақпараттық мәдениеттілік пен компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша оқушылар өз білім деңгейін көтере алмайды.Әлемдік жаһандану мен ақпаратандыру дәуірінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану . Мұғалімнің мақсаты сабақ беру кезінде ең озық оқыту тәсілдері мен дағыдыларын қалыптастыру жолдарын және оның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу. Мұғалім сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды (компьютер, интерактивті тақтаны) қолдана отырып білім берсе, оқушылардың пәнге деген арта түсері анық. [Информатика негіздері №1, 37 б]
Жаңа технологияның ішіне ойын технологиясы кіріктірілген. Ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушыларды сапалы білім алуға бағыттаймыз. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық, интеллектуалдық ойындар, әр түрлі компьютерлік сайыстарда қолдануға болады.
Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын пайдаланған ойындардан мысал келтірсем;
Пән бойынша материалды түсінгенінтексеру, бекітукезеңінде, сонымен қатар жаңа ұғымдарды үйрету барысындапайдалануға тиімді ойындардан мысал келтірсем:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет