Л. Н. Толстой Эссе «Мен-замануи бастауыш сынып мұғалімі»



Дата13.11.2022
өлшемі21,49 Kb.
#49823

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра
алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л.Н.Толстой
Эссе «Мен-замануи бастауыш сынып мұғалімі»
Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ер жеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.
Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.
Мен – бақыттымын! Неге дейсіз бе? Неге деген сол сұрақты қойыңызшы маған. Өйткені, мен неге бақытты екенімді айтуға асығыспын! Оның себебі, мен бастауыш сыныптың мұғаліммін. Мұғалім мамандығына жастайымнан бейімделгенмін деуге болады. Көзімді ашып көргенім, құлағыммен алғаш естігенім де – мұғалім. Мені ешқашан «оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін» деген сұрақтар мазалаған емес, себебі ұстаздықтың қадір-қасиетін отбасынан сезініп өстім. Қасиетті ұстаздық жолын салған аға буын ұстаздарға еліктеп өстім. Бұл дәйек менің мамандық таңдаудағы алғашқы жетістігімнің бірі болды және тек қана осы жерде, балаларға тәрбие, білім беру арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламын деген сенім берді. Мен өмірімді жұмыстан бөлек елестете аламын ба? Жоқ, мен үшін ұстаздық – бұл мамандық емес, өмір салты. Ұстаздық – бұл менің жаратылысым. Сондықтан, «Ұстаздық – бұл адамға берілетін сый, ұстаздық – бұл талант, ұстаздық – бұл бейімділік, ұстаздық – бұл өмірлік іс» дер едім. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолында 30 жылдан астам еңбек етудемін. Педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігі болуы тиіс. Күнделікті әр оқушыға математиканың заңдылықтарын ұғындыра отыра, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға тырысамын. Бүгінгі заманауи сабақты жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларсыз елестету мүмкін емес , сондықтан өз іс-тәжірибеме әр оқушының өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, оны дамыту , жетілдіру жолдарын ескеремін. Әрине, әр бала көбейту кестесін білуі , есептерді шешуі маңызды болса да, ең маңыздысы болашақта ол алған білімін өмірде қолдана алуы деп білемін.
Әр сабағымды шығармашылықпен жоспарлап, оқушыға дайын білімді бермей, бағыт бере отыра қиындықты жеңуге, ізденіс дағдыларын қалыптастыруға байланысты тапсырмалар әзірлеймін. Әрбір сабақтың қызықты, тартымды өтуін, әрбір оқушы сыныптан шыға бере өзінің бүгінгі нәтижесі мен мүмкіндіктерін мақтан ететіндей сезімде болуын қадағалаймын. Қателеспейтін тұяқ жоқ демекші, қателесе отыра мақсатқа ұмтылуға жетелеймін. Оқушы үшін білім алатын орта қалыптастыру, оқушының ішкі уәжін ояту, оған өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін түсіндіру менің алдыма қойған мақсатым десем артық емес. Бүлдіршіндердің сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізгенді жақсы көремін. Қазір жаңа технологиялардың түрі көп. Әрбір бала-бір-бір әлем. Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Әсіресе ойын технологиясын көп қолданамын, бұл технологияны қолданғанда бүлдіршіндердің көздері жанып тапсырманы орындауға асығып отырады.Осы технологияларды сабақтарымда үнемі қолданып отырамын соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп отырмын. Бүлдіршіндердің бір орында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде қимылды-әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, дидактикалық ойындар, ертегі негізіндегі тапсырмаларды қолданамын. Ойында әрбір баланың шығармашылық қабілеті, ерік-жігері, көңіл-күйі ерекше байқалады. «Ойлы бала-ойыннан белгілі» деген халық даналығы. Сондықтан,баланың ойынға деген қызығушылығын сабақ процесімен әр сабағымды ұйымдастырамын. Өз тәжірибемде осының біреуін қолдану үшін күнделікті сабаққа кірген кезде бүлдіршіндердің жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл - күйлерін түсінуге тырысамын. Кейбір бүлдіршіндер көңілдері көтеріңкі, жайдарлы болса, кейбіреулерінің сабаққа ешқандай құштарлығы болмайды. Сондай сәтте мен әр сабағымды шаттық шеңбері, жүрек жылуы, жылулық шеңбері, жақсы лебіз, психологиялық сәт немесе жақсы көңіл көтеретін әнмен, өлеңмен бастаймын. Бұл әдіс бір жағынан бүлдіршіндердің көңілін көтереді, екінші жағынан сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы.Ұстаз болу - бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Өйткені, мен - бастауыш сынып мұғалімімін.
Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балаларды дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізе білуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін. Мұғалімге қойылатын жауапкершілік зор.Сонымен қатар бүлдіршіндердің соған сай үйренсем – білсем деген талаптары күннен – күнге өсіп келеді. Мерекелік ертеңгіліктерде үйірме жұмысында қазақ тілінде тақырыпқа сай тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтелдерді жатқа айтқызып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға тырысамын. Ұлттық мерекелерде қазақ халқының салт дәстүрлерінен үзінді, қойылымдар көрсетіледі.Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып басқан және таудай болып шыққан бүлдіршіндерді сауатты, саналы азамат болып өсіру біздің қолымызда. Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын саналы азаматтарымыз, қасиетті тілімізді биік – биік шыңдарға шығарып, әлемдік тілдер қатарынан қоссын дегім келеді. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы,-деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне
ұстазға келіп тіреледі. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе? Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - қызметке бейімділігі - кәсіптік білімі мен біліктілігі - қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - ұйымдастырушылық қабілет - заманға сай жаңашылдық бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Өз тәжірибемді ой елегінен өткізе отырып: «Мұғаліммін, жұмыскер жай адаммын , жас өренге мейірі бай адаммын, білімменен ұрпағымды сусындатқан, Ұстаз деген атаққа сай адаммын»,- дер едім. Менің оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға алатынын, өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ғалым болмайтын шығар, бірақ олар нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін!

Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ер жеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.


Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, мұғалім мамандығындағы менің парызым - алдыма білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін, бәсекеге қабілетті, функционалдық сауаттылығы дамыған азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, мақсатқа жету... Ал, көздеген мақсатқа жету менің қолымнан келеріне сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет