Кіші мектеп жасындағы балаға әлеуметтік қатынастар диагностикасы Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»
Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалнын алаңқайда, дем алып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрыныңызға, ауызыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты.
«Күн шуақты алақай» қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. өз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз және көңіл күйіңізді бір түспен сипаттап беріңіз.
3 сынып оқушысы Айым
“Саған әлемдегі барлық жақсылықтарды тілеймін.Сабағыңды жақсы оқы.Анаңа көмектес.Сен өте әдемі қызсың.”
Менің көңіл күйімнің түсі:сары
Қорытынды. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс- тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, бейімделуі, өзіндік көзқарасының калыптасуы, ой – өрісінің кенеюі. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де – осы ғылым.
Қорыта айтқанда, кәзіргі кезде қоғамдарынды, кабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғанын рухани өсуіне психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне – өзі сенімді жауапкершілік қасиетті сінірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор куаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.