Лекция №1. Кіріспе. Лекция мақсаты: Пәннің жалпы және негізгі проблемаларын ұғу. Сұрақтар



бет1/3
Дата06.11.2022
өлшемі18,45 Kb.
#47916
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
1 дәріс


Лекция №1. Кіріспе.
Лекция мақсаты: Пәннің жалпы және негізгі проблемаларын ұғу.
Сұрақтар:
1) Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттері
2)Ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау мәселесін негіздеу
3)Ақпаратты қорғау құралдарын жіктеу

Қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiндегi ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге жоғары талаптар қояды.


Мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ақпарат алу саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi көзқарасты пайдалануды, оны конституциялық құрылыстың мызғымастығын, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын, саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғау мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауiпсiздiк саласында өзара тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талап етедi.
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары:
ақпарат қорғаудың ұлттық жүйесiн, оның iшiнде мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды құру және нығайту;
мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ақпарат саласында адам құқықтары мен қоғам мүдделерiн қорғау;
Қазақстанның ақпараттық тәуелдiлiгiн, басқа мемлекеттер тарапынан ақпараттық өктемдiктi немесе тосқауылды, Президенттiң, Парламенттiң, Үкiметтiң және басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ақпараттық оқшаулануын төмендету немесе оған жол бермеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi мiндеттер:
ақпараттық қауiпсiздiк саласында ұлттық заңнаманы жетiлдiру;
ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiнiң көздерiн анықтау, бағалау, болжау, қорғалатын объектiлердiң барлауға қолжетiмдiлiк өлшемдерiн айқындау;
ақпараттық қауiпсiздiктiң мемлекеттiк саясатын қамтамасыз етудiң, iс-шаралар кешенiн және оларды iске асыру әдiстерiн әзiрлеу;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн құқықтық реттеу және үйлестiру;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн дамыту, оны ұйымдастыруды, нысандарын, әдiстерiн және ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiн бейтараптау құралдарын, оны бұзу зардаптарын жоюды жетiлдiру;
Қазақстанның жаһандық ақпараттық желiлер мен жүйелердi құру және пайдалану процестерiне белсендi қатысуын қамтамасыз ету;
техникалық барлауларға қарсы iс-әрекет ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны әзiрлеу және жетiлдiру жолымен техникалық барлауларға қарсы iс-қимыл жасау жүйесiн құру болып табылады. 
Сонымен қатар, мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың қызметтерi саласының әрқайсында ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң өз ерекшелiктерi бар, бұл ең алдымен, қойылған мiндеттердi шешу ерекшелiгiне, ақпараттық қауiпсiздiктiң әрбiр саласына тән әлсiз элементтер мен осал буындардың болуына байланысты.
Сондықтан, әрбiр сала үшiн арнайы жұмыстарды ұйымдастыру, оның жай-күйiне әсер ететiн ерекше факторларды ескере отырып, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету нысандары мен тәсiлдерiн пайдалану талап етiледi.
Қазіргі ақпараттық жүйелердің дамуы қорғанысқа көп мүмкіндік береді. Сонымен қатар сенімді қорғанысты қамтамасыз етуге кейбір жағдайлар кедергілер туғызады. Мұнын себептері:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет